ХХ –ғасыр басындағы Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның демографиялық дамуына ғасыр басында болған барлық саяси және басқада өзгерістер әсер етті. Бұл тарихи оқиғалардың барлығы Қазақстандағы демографиялық дамуға тікелей және жанама әсер етті.
1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша еліміздің қазіргі шекарасы шеңберіндегі аумағында 4147,8 мың адам болған. Оның 3392,7 мыңы, немесе 81,7 пайызы қазақтар болды.
1914 жылы қазақ жеріндегі тұрғындар саны 5910,0 мың адамға жетті. Олардың ішінде 3845,2 мың тұрғынын қазақ халқы құрады, немесе 65,1 пайыз болды.
Небәрі 46 жылдың ішінде (1871-1917 жж.) өлкеге 1,6 млн. адам (қайтып кеткендерді қоспағанда) келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жж. келді. Осының салдарынан XIX ғасырдын, аяғында және XX ғасырда Қазақстан халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуы шапшаңдады. XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлттың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, үйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, және т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дұнген, тәжік, еврей, және т. б. бар еді.
Столыпинның аграрлық реформасының салдарынан қазақ жерінде басқа ұлт өкілдерінің үлесі өсті. Қазақтар өз жерінен айрыла бастады. 1916 жылға дейін қазақтардан алынған жер көлемі 45 млн. десятинаға жетті. 1897-1914 жылдар аралығында қазақтардың үлесі 16,6 пайызға кемісе, славян халқының саны 16,8 пайызға артқан.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтың саны едәуір азайды, мұның себебі - табиғи әсім азайып, өлім көбейіп кетті. Бұл 1916 жылғы көтерілістің жеңілу салдары болатын, сонда жүз мыңдаған қазақ жазалаушылар қолынан қаза болды және Қазақстаннан сыртқа қашып кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана 105 мың қазақ шетке кетті. Осылайша қазақтың өзінің ата-қонысында азшылыққа айналуының негізі қаланды.
1916 жылғы 25 шілде жарлығыда Қазақстанның демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. Жарлық бойынша Қазақстан мен Отра Азия халықтарынан 400 мың адам тыл жұмысына алынуға тиіс болды. Жарлыққа қарсы көтерілген қазақтар ауыр шығынға ұшырады. Бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Бұған шыдамаған 105 мың адам, немесе Жетісу өлкесі қазақтарның 25 пайыз Қытайға қоныс аударуға мәжбүр болды.