+4 дауыс
2.0k көрілді
Атам инсульт соғып ауырып қалды, орнынан тура да,отыра да алмайды, ешқандай мүшесі өздігінен қозғала алмайды Қантай дәрілермен тесілген арқасындағы  жараны жазуға болады?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мынау жазғаныңды оқып қатты жаным ашып отыр ! Осындай науқастардың пролежннен сақтау өте қиын.сіздерге 2- де  жылдан бері өте қиын болған екен. Бірақ атаңыздың қиналғаны бұдан ондаған есе  көп.Бұл жерде көмектің ең бастысы, ойылған жерді кептіру,бір сағат сайын, атайды,бір қырынан жатқызып,жылы фенмен (ыстық болмасын !) арқасын кептіріп тұру керек,сосын хлоргексидинмен жаралы жерлерді  ақырын сүртіп кепкенше арқасына жатқызбаған дұрыс. Жараның  қатты үйкелеуге болмайды! ! Қартайған адамның терісі өте нәзік болады . Дәріханадан актовегин,немесе солкесерил деген кремдерді алып жаққан дұрыс.Тазартылмаған яғни қабығы бар тарыдан, (шикі тары емес !) арқасына ,жамбасына жастықша тігіп ,тіпті көрпеше тігіп астына төсеп берген өте дұрыс.Ылғалданса ауыстыруға ,артығымен бінешеуін тіккен дұрыс.Енді есіме түсті аптекада ЦИНКОЛИВ деген май бар соны жақса да болады.Өте жақсы құрғататын кремдердің бірі паста Лассара ,бірақ оны арнайы рецептпен жасатқызу керек Егер осы пастаны табалсаңдар онда атайдың жарасының  айналасына жаққан дұрыс,ал жарасына мелиурацил,немесе левемиколь мазьдарын жаққан дұрыс. .Жарасы жазыла бастағанда спиртпен арқасын сүртіп тұру қажет. Осы айтылған кеңестерді дәрігермен ақылдасып көріңдер! Мүмкін осыған қосатыны,немесе артық деп алып тастайтыны да болатын шығар! Мен өз көзіммен ,атайдың арқасының қандай жағдайда екенін көрмеген соң, бар білгенімді бөлісіп жатырмын. Атайдың денесін өте таза ұстаңдар, пролежн  іріңдеп кетпесін !  Ең бастысы ,екі сағат сайын атаңыздың арқасын ашып ,құрғатып,тұрсаңыз пролежн болмайды.
+2 дауыс
Тек 1 ғана жол бар ол дәрігерді шақырту.
...