+1 дауыс
7.0k көрілді
Аптаның қай күні туылғанына байланысты мінездеме жазылған ақпарат бар екен...Құрбым айтқан еді, сол сайтты тауып бересіздер ме?!

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Анықталғандай, адамның мінез-құлқы аптаның қай күні туылғанға байланысты.
Дүйсенбі

"Дүйсенбі – ең ауыр күн" - дейді халық түсінігі. Алайда, бұл түсініктің дүйсенбі күн туылғандарға еш қатысы жоқ. Осы күн туылғандар мейірімді және ерке келеді. Осы күн туылғандар достықта ерекше сезімталдыққа ие.

Бір ғана кемшілік – көңіл-күйдің тез ауытқуы.

Мұндай адамдар бірбеткей және ешкімге бағынғылары келмейді. Есесіне олар үй шаруасына ұқыпты, жақсы тамақтанып, жақсы жүруге құлықтанған (дене қалыптары келісті) әрі асты керемет дайындайды.

Сейсенбі

Сейсенбі күні дүниеге келгендердің қуат-күші бойларынан шығып тұрардай. Бұл күні дүниеге келген адамдар – батыл, жауапты, икемді жандар.

Осы күні дүниеге келгендер басшылық қызметті жақсы атқарады. Және бұл қылықтары әрқашан сәтті аяқталып жатады. Саяхат жасағанды ұнатады және шытырман оқиғаға толы кітап оқығанды сүйеді.

Сәрсенбі

Сәрсенбі күні көңілді және бауырмал жандар туылады. Кез келген топта олар бірінші тұрады. Оларды тапқырлығы мен көңілді әзілдері биік қояды. Мұндай адамдар қолмен жақсы жұмыс жасайды – тігу, шеберлік. Көбіне сауда-саттық жағында жұмыс жасайтын болып шықты.

Қылықты, мінезді келеді, өзгелерге көңіл қараса алады. Өз сәтсіздіктеріне көз жұмып қарайды: бәрі өтеді – бәрі кетеді.

Бейсенбі

Бейсенбі күні өмірге отбасындағы жайлылық пен тұрақтылықты сүйетін адамдар келеді. Олардан жақсы отағасы немесе жақсы отанасы шығады. Алайда, жүректері тез жараланғыш келеді. Ешкімді ренжіткілері келмейді. Олар адамдармен тез тіл табысады, тез көтеріледі және өмірге жеңіл қарайды әрі жаңалыққа құштар жандар.

Ол адамдардың жабырқаңқы және тұйық қалпын көре бермейсіз. Керісінше, олар өздерін қоршаған ортаны шынайы күлкілері мен оптимизмдерімен жаулап алады. Бір кемшілік – қыңырлық пен мақтаншақтық.

Жұма

Жұма күні туылғандар – өнерге, әдемілікке жаны құштар жандар. Олар көңілді, ғашық болғыш, ойын-сауықтың еркелері. Олар өздерінің сыртқы түрлеріне жақсы қарайды, артығымен ойнап-күлгенді жақсы көреді (бұл қылықтары үшін өсекке қалып жатады).

Өнер, телеарна, мәдениет саласында жұмыс жасайды. Тәттіні шектен тыс жақсы көретіндер.

Сенбі

Сенбі күні дүние есігін ашқандар айналасында болып жатқан дүниелерге кемелділікпен зер салады. Олар көбіне ғалым, не болмаса ұстаз болады. Асқан дәлдікпен жұмыс жасайды. Ойға алған нәрселерін соңына дейін алып барады. Өз істерінің майталмандары – бүгін жолдары болмаса да, ертеңгі күні айтқандарына жетеді (бәрін меңгеруге дағдыланған).

Сабыр мен еңбек бәрінен басып озады – олардың ұстанымдары. Олар – сенімді достар, үй шаруасында жақсы көмекшілер.

Жексенбі

Аптаның соңғы күні туылғандар – «Күн». Олар әр уақытта көңілді және мәз-мейрам, барлық салада жарқырап жүреді. Ел түсінігінде жексенбі күні туылғандар бақытты болады деген сенім бар. Солай екені анық. Олар сәтті үйленеді немесе сәтті тұрмысқа шығады.

Олардың достары көп. Оптимизмге сүйену арқылы әрқашан өмірден өз орындарын табады. Барлық іске шығармашылықпен кіріседі. Қиял мен ойлары ұшан-теңіз.

Тексеріп көріңіз...

Сенуге болмас, туған күнде тұрған ештеңе жоқ! Адамның қандай болатыны ата-анасы мен ең бастысы, жақсы үлгі-мысалға байланысты!

http://massaget.kz/bastangy/zhadnama/10575  массагеттен.
мен Жұма күні туылғанмын дәл айтыпты:D
Керемет мағлұмат екен (+1). Және менікі тура екен. (Сейсенбі)! )))))))) :) .
Бейсенбі күнгісі тура айтылған!!
Белгісіз
сейсенбі күні туылғандар көп екен)
Мен жұма күні туылғанмын бірақ ана айтылғандар маған сәйкес келмейді
+1 дауыс
massaget.kz-тен іздеп  қара.
0 дауыс

Мен сейсенбіде (вторник) туылыппын))))))) 

Оданда википедияға дата жазсаң қызықтар табысын, мен туылған күні маңызды ештене болмапты(( 

0 дауыс
айдың 1-жұлдызы күні туғандар:билікке ұмтылғыш болып келеді.Оған күш-Қайраты да, ойы да жетеді.Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескермейді.Шығармашылық ойлау қа­былеті өте жоғары.Кез келген жағдайдан шығудың жолын табады.Барға мақтанбайды, жоққа мойымайды.Кейде «Бірінші» болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жібереді.
  2-сы туғандар:мінезіндегі ерекшелік- ынтымақтастық.Олар жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді.Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады.Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді.Өзгенің тапсырмасын өте ыждағатты орындайды, осы мінезінің арқасында өзіне орын-тақ жасайды.
  3-Ы туғандар:достары көп, көңілділіктің билігінде көп тербеліп жүреді.Олар «Ортаның тұздығы» , олардың төңірегінде адамдар көп жүреді.Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді.Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.
  4-Ы туғандар:Еңбекқор, мықты адамдар.Қоғамдық қарым-қатынастардың барлығының негізін қа­лаушы.Мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдамайды.Жаны тәртіпілікті қалайды.Кез келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көреді.Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікке жаны қас.Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі.Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді.Әділетсіздікке жаны төзбейді.
  5-Ы туғандар:мінезіне- озгеріп тұру тән.Көп саяхаттағанды ұнатады.Қызығушылығын, өмірге көз­қарасын жиі-жиы озгертіп, іздену үстінде болады.Тұрақсыздғы да бар.Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді.Қаруы- сөз.Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді.Ойы жүйрік, әзілге шебер.Бірақ кейде осы қабылетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады.Жұмыс орнында да көп отырмайды.
  6-сы туғандар:білімді, әдәмгершілігі мол, үйге сыйымды жан.Қайда жүрсе де тыныштық пен үйлесімділікті сақтап отырады.Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұғады.Махаббатқа ерекше құрметпен қарайды.оз отбасына қарым-қатынасын осы негізде құрады.Жақындарының өмірін де жайлы етуге тырысады.Оның көп жәуәпкершлігін өз мойнына алады.
  7-сы туғандар:ойлауға бейімді.Кез келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сондықтан ол сырт адамға сылбыр, түсініксіз көрінеді.Өз сезімін сыртқа шығармайды.Өнер «Тілін» жақсы түсінеді.Адам қабылеті жетпейтін нәрселердің жауабын жиі іздейді.Философиямен айналысады.
  8-Ы туғандар:ақшаға байланысты істері өркендейді.Даңқ пен байлыққа жақын жүреді.Мәте­риәлдық жағдайы үстем болады.Адамдардың жан дүниесін түсінеді, оларға қиналған күндері қол ұшын беруге даяр тұрады.
  9-Ы туғандар: «9» - метафизика мен философияның саны.Сананың жоғары деңгейіндегі адам.Ке­меңгер.Саяхаттағанды ұнатады.Мінезін өзгерістер қалыптастырады.Барлық ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрпын білуге құлшынады.Ел билеушіге тән табандылық пен төзімділікті игерген.
  10-Ы туғандар:күш-қуаттың қоймасы іспеттес.Ақылды, күшті, шығармашылық қабылеті жоғары.Жолындағы кедергілерді оңай жеңеді.Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады.Оны іскерлік қабылеті мен басшылық пайымы үшін ұнатады.Билігін білек күшімен шешуге тырысатын кездері де аз емес.Оны сырт көзден жасыруға тырысқанымен, байқалып тұрады.
  11-Ы туғандар:идеалист, өте сезімтәл, тез жараланғыш жан.Өзі құрметтейтін адамдардың өзін тү­сінбеуін күйзеліспен қабылдайды.11- мәгистрлік сан.Адамдарды өзіне тартып тұрады.11-жұлдызда туғандардың «Жауы» болмайды.Себебі ол өзі өзгелерге тек достық көзқараспен ғана қарайды.Қиын мәселенің шешімін тез табады.Ойы ұшқыр.Шығармашылық қабылеті жоғары.Өзгені қорғап, өзгені асырауда алдына жан сәлмәйді.
  12-сы туғандар:көпшіл.Көп адам оған еліктейді.Бірақ ол бұған бола өзгелерге мұрнын шүйіріп кетпейді.Әр жақсы көрген сайын бар пейіл, ниетімен ұнатады да, бірақ махаббат толқынына мүлде батып кетпейді.12-жұлдызында туғандар салмақты, дегенмен құдай берген талантын шаша бермей, жинақтап, бір мақсатқа жұмсағаны жөн.
  13-Ы туғандар:нағыз жүміскерлер.Өз жұмысын беріліп істейді, тіпті оның айналасындағылардың өзі бұл қабылетіне өте таңданып қарайды.Олар кәсіби сәулетшілер іспеттес, жұмыста болсын, адам­дармен қарым-қатынаста болсын, қате жібермеуге тырысады.Қай істің болсын негізін дұрыс қа­лайды.Жоспар бойынша жұмыс істеп, оның игілігін көреді.
  көп Еңбек етіп, аз демәләді, осы жерде үйлесімділік бұзылады.Сондықтан демәлуға, сезімге берілуге уақыт бөліңіз.
  14-Ы туғандар:ерекше сөйлеу қабылеті мен шығармашылық талантқа бай.Сезімтәл.Адамгершілік қасиеті мол.Өз көзқарасын өзгеге дәйектеп, дәлелдей алады.Ісі натижелі болады.Ол әңгіме айтқанда оның шынайылығына ешкім келтіре алмайды.Тосын оқиғалардан, тосын құбылыстардан қорықпайды.
  15-Ы туғандар:мейірімді, өзгеге жаны ашығыш.Өзгеге жаны ашып жүріп, өзі де қиыншылықтарға тап болады.Өмірдің ауыртпалығын көтеріп жүргенімен ешкімге шағынбайды.Үйін, отбасын ойлайды.Оның барлық әрекет ісіне махаббат басшылық жасайды.Білім алуға, оқуға ұмтылысы мол.Ол көпшіліктің мейіріміне бөленеді.Балалармен бірге ойнағанды, бірге жүргенді жанындай жақсы көреді.
  16-сы туғандар:жақындарынан бөлінгісі келмейді.Тіпті етене таныс емес адамдар да оны төңіректеп жүреді.Өзі өте қарапайым.Ұлы адамдарға тән ақыл-ойға ие.Жалпыға бірдей ұғымды нәрсе ол үшін қызықсыз, мәнсіз.Ол үшін ең маңызды нәрсе- білім.Өзін-озы сынауға, талдауға бейім.Өзінің то­қырауына жол бермейді.
  17-сы туғандар:оның өнертәпқыштығы өмірдегі қажетін табуына көп көмектеседі.Ойының жүзеге асуына көп күш салады.Оның мүмкіндігі шексіз.Қызығушылығы мол.Еті тірі.Мұның бәрі оның танымал болуына негіз қалайды, алға жүруіне ықпал етеді.озымен-озы болғанды қалайды, ондайда өз ісіне Риза болып, тіпті мақтанатындығын да жасыра алмайды, өзіне өзі сенімді.
  18-Ы туғандар:кез келген адамды қай ісінен болсын, екі орап кететін жандар.Жан-жақты, ерекше қабылетті.Кез келген ойын жүзеге асыра алады.Оның өй-орысы бәрін түсінуге мүмкіндік береді.Өз та­лантын табысты жұмыстарға жұмсайды.Қолға алған ісін өзі өте жеңіл орындайтындықтан, өзгелердің былжырап жүретіндігіне жыны келеді.Соңынан адамдарды ерте алады.
  19-Ы туғандар:ойламаған жерден орындарынан тұрып кететін адамдар.Олар өзгенің ойын жүзеге асыруда алдына жан салмайды.Өз жұмысын бүге-шүгесіне дейін біледі, кез келген істі жалғастырып кете алады.Үйде жұбайының жоқтығын білдірмейді.Нақты ойлауға дағдыланған.Әр мәселені терең тү­сінуге тырысады да, оған баға бергенде көп қиналмайды.Біреуді жақсы көрсе, жан-тәнімен ұнатып, жек көрсе, адам алғысыз етіп тастайды.
  20-сы туғандар:өзгелер үшін үнемі өзін құрбандыққа шалатындар.Өзін осылай шаршата берсе, түптің түбінде күш-Қайратынан айырлады.Өзгені түсіне алатындғы үшін оған сырт адамдар өз мәселе­лерін айтады.Дегенмен ақкөңілділіктің де шегі болады.Осыны естен шығармаған жөн.Мінезі жұмсақ, нәзік, түсінігі мол, кең пейілді.Бұл- оған тәңірдің берген сыйы.
  21-Ы туғандар:ақсұйектік өмірге бейім.Тілі шешен, өткір.Өзгелермен оңай тіл табысады.Қай ор­тада болсын басты назарда болғанды қалайды.Терең пікіртәләсуға барудан қашқақтайды.Бірақ мәселе­нің мәнін тез аңғарып, өз пайдасына қарай шеше қоятын мінезі бар.Өмірді сөзбен өрнектейтін жан.
  22-сы туғандар:ол- өмір сәулетшісі.Бей-берекеттік, жоспарсыздық жанын жаралайды.Іске асыратын жұмысының ұсақ-түйегіне дейін ойластырып барып, жүзеге асырады.Өзіне сондай сенімді, ешкім оны өз ойынан қайтара алмайды.Материялдық жағынан сәл қиындықтар көргенімен, ол оған мән бермейді.Себебі оның білімі мен тәжірибесі түптің түбінде оны бұл тығырықтан алып шығады.
  23-Ы туғандар:өзгерістер мен сөз өмірінің басты қағидасы.Ол- сөз қадырын терең түсінетін жан.Актер, әдебиетші, радиожурналист, сауда мен педагогикалық істерде де бағы жанады.Адамдарды өзіне жылдам еліктіре алады.Оны көп адам сыйлайды, құрметтейді.Дегенмен ол көңіл күй арнасына жылдам беріледі.Оның намысына тисеңіз, көтеріліп кетеді.Мінезі құбылмалы.
  24-Ы туғандар:жеке адамның өсуі үшін қажетті мінездердің бәрі бойында бар.Жақсы көрген ісіне бар жан-тәнімен беріліп, жұмысын табысты аяқтайды.Тіпті демәлу дегенді ұмытып кетеді.
25-і жоқ па?
10-Ы туғандар:күш-қуаттың қоймасы іспеттес.Ақылды, күшті, шығармашылық қабылеті жоғары.Жолындағы кедергілерді оңай жеңеді.Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады.Оны іскерлік қабылеті мен басшылық пайымы үшін ұнатады.Билігін білек күшімен шешуге тырысатын кездері де аз емес.Оны сырт көзден жасыруға тырысқанымен, байқалып тұрады. Негізі дұрыс жазылған!!! +1 Көңілім көтеріліп қалды ғой!Рахмет
Белгісіз
...