0 дауыс
1.5k көрілді
Менде бір әдет бар соны қалай қойсам болады?
Сұрағыңызды толықтай қоюңызды сұраймын. 10 минут ішінде өңделмесе өшіріледі!
Ол әдетті айта алмаймын. Ұялып тұрмын
Ұлсаң неге жазасың?
Мен сұрақ қойып жатырмын. Сен жауап бере алмайсынба жауап берме!!!!!!
Саған нақты себебін айтуыңа тура келеді! Неге десеңіз қой алмай жүрген әдетіңізді біліп, соған қалай қарсы тұратыныңызды айтып беріп түрлі жолдар сілтейтін едік!
мастурбация ма, ұялма, жаза бер, осы сайтта біреу қойған еді, міне https://surak.baribar.kz/264757/
осы шығар айтып тұрғаның

2 жауап

0 дауыс
Ауру қалса да, әдет қалмайды!)
0 дауыс

Бұндай әдеттерден құтылу үшін ең алдымен бұл әдетті қай кезден бастап жұқтырдыңыз? Пайда болуының себебі неде? Осыған бойлағаныңыз жөн... Ешкім де зиянды әдеттермен бірге тумайды, сондықтан олардан арылу әбден мүмкін екенін естен шығармаңыз. Не нәрсенің де тамырына асқынбай тұрып балта шапқан жөн. 

Зиянды әдетіміз бізге әлдене әсер еткенде пайда болады. Мысалы, темекіні күйзеліске түскенде көп тартамыз. Ал шылым шекпейтін екінші бір адам сіз темекі тартып тұрғанда қандай күйде болуы мүмкін?

Зиянды әдеттен арылу үшін себебін біліп алыңыз дедік. Содан кейін осы әдеттен расымен арылғыңыз келе ме? Өзіңізге ерік беріңіз. Расымен арылғыңыз келсе, нақты шешім қабылдап, сол шешіміңізден қандай жағдайда да бас тартпаңыз. Ал егер өз-өзіңізге сенімсіз болсаңыз, өзіңізге сенімді болғанша, зиянды әдеттен арылу шешіміңізді бастамай тұра тұрғаныңыз жөн...

Зиянды әдеттен арылудың бірден-бір тиімді тәсілі мынау: Адамның барынша жағдайын жасап алуы. Яғни, осы жолда кедергі болады-ау деген нәрселерге жоламау.

Зиянды әдетіңіз - тамақты шамадан тыс көп жейсіз. Тез арада тоқтатуыңыз керек. Ол үшін өзіңізге жағдай жасаңыз. Мысалы, кешкісін үйге кірерде, дүкенге соқпай өтіңіз. Одан кейін Массагеткз дәл сіздікіндей зиянды әдеті бар адамдардан алшақ жүруіңізді ұсынады. Ішімдіктен тиылғыңыз келсе, ішімдігі көп ортадан ат басын ала қашқаныңыз жөн.

Және зиянды әдетімнен арылам деген екенсіз, өзіңізді қатал бақылауда ұстаңыз. Мәселен, сөз арасында паразит сөздерді қолданатын әдетіңіз бар делік. Ертең ел алдына шығып, сөз сөйлегелі отырсыз. "Жаңағы", "ім-м-м", "не ғой" деп тұрсаңыз, сөзіңізден әр, жұрттан береке қашады. Дегенмен, саспаңыз. Ерік-жігеріңіз мықты болса, бәрін жеңуге болады.

massaget.kz сайтынан алынды.

...