+1 дауыс
5.4k көрілді
Мұздай суға түскеннін пайдасы бар ма?

2 жауап

+2 дауыс

Салқын судың әсерінен ағза қандай өзгерістерге ұшырайды? Судың жылу өткізу қабілеті ауаның жылу өткізу қасиетінен 28 рет артық екендігін ескерсек, су ойығына түскен кезде дененің сырты бірден жылу бөле бастайды. Суықтың аз уақытта (1-2 минут) әсер етуінде пульс 10-15%-ға тездей түседі, ауа жұту 6 есеге дейін артады, қылтамырларды нығайтуға керемет гимнастика болып табылатын терінің кенет тартылуы орын алады, сондай-ақ ішкі ағзаларға қан мөлшерінің түсуі жоғарылайды. Дененің жылу өңдеуі 10 есеге өседі (қыс кезінде мұздай суға сүңгіген адам су ойығынан шыққанда бу шығатынын барлығы көрген болар, ал өзі сол кезде, тіпті жиырма градустық суықтың өзінде, денесінде жылулықты сезінеді).

Сонымен қатар, салқын суға түскеннен кейін адам рахаттанады және эмоционалды және рухани күштің жоғарылағанын сезінеді, ол қанға «қуаныш гормондары» − эндорфиндердің тасталғанына негізделеді. Көңілді күй және жоғары тонус суға түсіп шыққаннан кейінгі бірнеше сағаттан соң да бойда сақталады. Бұдан басқа, бүйрек үсті бездері суық стресске гормон бөлумен жауап береді, ал ол гормондар төтенше жағдайларда негізгі органдарды және физиологиялық жүйені жедел қолдау үшін арналған. Бұндай гормондардың (кортикорстероидтер) мықты асқынуға қарсы әрекеттері бар, созылмалы асқынған аурулары бар адамдардың салқын суға түсуден сауығуы осылайша түсіндіріледі.

Ақпарат!

+1 дауыс

Суық судың ерекше рөлі.

«Ескерсең ем көп» дейді қазақ. Мұздай суық судың да емдік рөлі бар екен.

Мұрыннан аққан қанды тыяды. Мұрыннан қан аққан кезде орамалды суық суға малып, маңдайға басса, мұрыннан аққан қан тоқтайды.
Көзді нұрландырады. Көз суықты жақтырып, ыстықтан сескенетін дене мүшесі. Ағып жатқан суық сумен бет жауса, миды сергітіп, көзді жандырады. Осы әрекет ұзақ уақыт қайталанса, көздің көру қуатын қорғап, көз ауруларына қарсылық қуаты артады екен.
Сіңір созылуға ем. Қол-аяқтың сіңірі тартылғанда, қанталаған немесе ісіп тұрған денені суық сумен жуса, жарылған қантамырды тез жамап, қанды ісіктің асқынуын тежейді әрі қанды тоқтатып, ауырғанды басады.
Тұмау тиюдің алдын алады. Ұзақ уақыт суық суға жуыну немесе бет-жүзді жуып тұру дене қуатын күшейтіп, суыққа қарсылық қуатын арттырады. Тұмаудың алдын алады.
Тіс қақсауды басудың емі. Тіс қақсаған кезде үздіксіз суық сумен ауызды шайса, тіс қақсағанын басады.

Толығырақ!.

...