0 дауыс
20.9k көрілді
Әдетте бұл дәріні қыз балалар жақсы көруші еді, ер бала болсам да мен де үнемі жегім келіп тұрады ағзама кальция жетіспегені ме сонда?

Передозировка болса қандай клиникалық белгілері болады?

Побочный эффектісі тексерілген ба осы дәрінің?

Мен 1 күнде минимум 10 таблеткасын жеймін, кейде одан да көп...

Кальций бар тағы қандай жақсы препараттар бар? Мейлінше побочный эффектісі азы қажет, хлорости кальция сияқты емес...

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кейбір жауаптарыңа қарасам,медицинадан хабары бар екенің сезіліп тұрады. Кальций глюконаттың өсіп келе жатқан организмге және қартая бастаған организмге қай жыныстағы адам болса да жетіспеуі жиі кездесіп тұрады. Себебін білу үшін суйекті арнайы ультрадыбысты денсинометрия деген тексерістен өткізеді. Озім травматологияда жатқанда кейбір науқастарды тексергенін көргенмін, кәдімгі УЗИ аппаратымен кішкене шынашақтың сүйегін түсіріп, сол арқылы анықтайды. Кальций жетіспегенде, ең бірінші осындай майда сүйектер өзгеріске ұшырайды екен. Суйекті кейбір изотоптарды пайдалану арқылы тығыздығын анықтап кальцийдің қандай дәрежеде жетіспейтіндігін анықтайтын методтар бар .Өте тәжрибелі дәрігерлер, кәдімгі рентгенмен де суйектегі өзгерісті көре алады екен.Бұдан басқа қан талдау арқылы остеокальцин гормонының мөлшерін анықтау арқылы кальцийдің неге жетіспейтінін анықтайтын арнайы тәсілдері бар, Зәр яғни кіші дәретті де кейбір арнайы талдаудан өткізіп анықтауға болады екен. Кальций глюконатты көп жеген дұрыс емес, тіпті қауіпті деп айтар едім.Бұрын да осы сайтта осындай сұрақ болған ,және жауап бергенмін. Жалпы Са элементі Мg элементіне антогонист,және кальцийдің мөлшері шамадан тыс көбейгенде,адам организмінен магнийдің орнын басып, магни жуылып кетеді екен. Сондықтан кальций шамадан тыс көбейгенде магний азайып,адамдарда,бұлшық еттің тартылуы, невралгия ,жүйкенің ми қызметінің бұзылуы,ұмытшақтық, ашушаңдық жүрек қағысының бұзылуы,т.с.с көптеген белгілер пайда болады. Бұдан басқа минералды  зат алмасу  процессі   өзгеріке ұшырап,бүйрекке,тұз болып жиналуы да мүмкін. Құр босқа көп дозада кальций глюконат іше бергеннен еш пайда жоқ, қайта өте зиян,және ең жаманы, бұл бірден жанға батып ауыртпайды, белгілері уақыт өте,жас ұлғая  келе пайда болады.Жалпы кальций жетіспегендегі ең алғашқы белгілері ол аяқ қол сырқырау,омыртқаның сүйектерінің сырқырауы,құйымшақтың (орысша копчик) қараптан- қарап сырқырап ауруы. Егер осындай белгілер болса, онда ,сүйектің тығыздығын анықтауға негіз бар, және дәрігерге асыққан дұрыс.
Толық жауабыңызға рахмет сізге. Қол-аяқ, омыртқа сырқырауы болған емес, менде жәй себепсіз өздігімнен жегім келуі ғана... Магнезия передозировка болғанда кальций клюконат в/в жібереді деп айтқаны есіме түсіп кетті, бір-біріне антогонист екен ғой. Сіздің барлық жауаптарыңызды андып оқып жүргендердің бірімін негізі))
Кальций глюконат және саз,бор жегісі келетін адамдардың көп жағдайда темір жетіспейтін қаназдық (железодефицитная анемия) мырыштың (цинк) жетіспеуі көп кездеседі екен.Анализге қан өткізіп ,гемоглобиннің мөлшерін анықтап көр. Егер бәрі қалыпты жағдайда болса,онда жүйкеден, өмірдегі стресстерден де болуы мүмкін психотерапевтке барған дұрыс шығар.Жалпы кальций глюконатты көп жеген дұрыс емес (ең көп дегенде күніне 6- талетка, яғни азанда-2 , түсте-2, және кеште-2 таблетка) ,адам есейе келе қанды шамадан тыс қоюландырып,ұйығыштығын арттырып,қан тамырлардың тромбозы болуы да мүмкін. Тромбтын қандай қайғылы жағдайға әкелетінін (инсульт,инфаркт) көпшілік біледі.Витаминдер В6 және В12 жетіспегенде де осы кальций глюконатты адам қатты жегісі келеді екен.Осы витаминдерді алып көр(тек дәрігер рұқсат етсе!),мүмкін кальций глюконатқа құмарлығын кететін шығар......
Ферум дефицитті анемияда тәбеттің бұрмалануы болатынын естігем, бірақ ай бұрын плазмоферез тапсырарда өлшегенде 137 болды гемоглабинім, қан орталығындағылар да плазмоферезге алуға рұқсат етті. Үйімде, шүкір, барлық жағдай жасалған көп күлемін яғни, стес, меланхолия мүлдем жоқ)
Кешеден бері жемедім, менде қызық көрушілік шығыр, енді көп жемеу керектігін түсіндім.. РАХМЕТ
+1 дауыс
Дәрінің пайасыда зияныда бар, негізі дәрі бір жерімізді емдесе екінші жерімізге кері әсер береді.
0 дауыс
Кальций глюканатты меніңше көп жеу ағзаға зиянды. ол таблетка түріндегі өнім болғандықтан ағзаға 100 пайыз сіңбейді, осылайша қалдықтары тас болып жиналады. мен де саз жегіштердің біреуі едім. Қазір ағзама кешенді әсер ететін әрі ешқандай зияны жоқ дәрумендер мен микро макро элементтердің қосымша көзі Ламиналь өнімін қабылдағалы бері сазды мүлде жегім келмейді. Өнім жайында толық ақпаратты 8 727 225 55 88 нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.
0 дауыс
Менде күніне 4 таблеткасын жеймін

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
...