Кейбір жауаптарыңа қарасам,медицинадан хабары бар екенің сезіліп тұрады. Кальций глюконаттың өсіп келе жатқан организмге және қартая бастаған организмге қай жыныстағы адам болса да жетіспеуі жиі кездесіп тұрады. Себебін білу үшін суйекті арнайы ультрадыбысты денсинометрия деген тексерістен өткізеді. Озім травматологияда жатқанда кейбір науқастарды тексергенін көргенмін, кәдімгі УЗИ аппаратымен кішкене шынашақтың сүйегін түсіріп, сол арқылы анықтайды. Кальций жетіспегенде, ең бірінші осындай майда сүйектер өзгеріске ұшырайды екен. Суйекті кейбір изотоптарды пайдалану арқылы тығыздығын анықтап кальцийдің қандай дәрежеде жетіспейтіндігін анықтайтын методтар бар .Өте тәжрибелі дәрігерлер, кәдімгі рентгенмен де суйектегі өзгерісті көре алады екен.Бұдан басқа қан талдау арқылы остеокальцин гормонының мөлшерін анықтау арқылы кальцийдің неге жетіспейтінін анықтайтын арнайы тәсілдері бар, Зәр яғни кіші дәретті де кейбір арнайы талдаудан өткізіп анықтауға болады екен. Кальций глюконатты көп жеген дұрыс емес, тіпті қауіпті деп айтар едім.Бұрын да осы сайтта осындай сұрақ болған ,және жауап бергенмін. Жалпы Са элементі Мg элементіне антогонист,және кальцийдің мөлшері шамадан тыс көбейгенде,адам организмінен магнийдің орнын басып, магни жуылып кетеді екен. Сондықтан кальций шамадан тыс көбейгенде магний азайып,адамдарда,бұлшық еттің тартылуы, невралгия ,жүйкенің ми қызметінің бұзылуы,ұмытшақтық, ашушаңдық жүрек қағысының бұзылуы,т.с.с көптеген белгілер пайда болады. Бұдан басқа минералды зат алмасу процессі өзгеріке ұшырап,бүйрекке,тұз болып жиналуы да мүмкін. Құр босқа көп дозада кальций глюконат іше бергеннен еш пайда жоқ, қайта өте зиян,және ең жаманы, бұл бірден жанға батып ауыртпайды, белгілері уақыт өте,жас ұлғая келе пайда болады.Жалпы кальций жетіспегендегі ең алғашқы белгілері ол аяқ қол сырқырау,омыртқаның сүйектерінің сырқырауы,құйымшақтың (орысша копчик) қараптан- қарап сырқырап ауруы. Егер осындай белгілер болса, онда ,сүйектің тығыздығын анықтауға негіз бар, және дәрігерге асыққан дұрыс.