+3 дауыс
11.2k көрілді
Мен Д локалындағы барлык файл , суре ,видеоларымды өшіріп алдым ! Оны қалай қалпына келтірем ?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Корзинадан восстановить дегенді бас .Форматтап жібердің бе?Қалай жойылды?
0 дауыс
Тайлер айтқандай істе , ал егерде корзинада жоқ болса орнына келмейді. негізі бір жерде жазылған орысша форумда , сол жерде бір бағдарламаны айтқан еді, бірақ атын умытып қалдыппын, гуглдан іздеп көрші.
+1 дауыс

1-басқыш: "Бастау" (Пуск) бөлімін ашыңыз.

2-басқыш: Іздеу сөзі жазылатын бостыққа "regedit" деп жазыңыз.

3-басқыш: Суретте көрсетілгендей терезені ашылады

 

4-басқыш: Терезеде көрсетілген HKEY_LOCAL_MACHINE құжат қалтасының ішінен кезегімен SOFTWARE/Microsoft/Windows/ CurrentVersion/Explorer/DeskTop/NameSpace құжат қалталарын ашамыз.

5-басқыш: NameSpace құжат қалтасы ашылғаннан оған жаңа бөлім құрып, атын «645FFO40-5081-101B-9F08

-00AA002F954E» деп қоямыз.

 6-басқыш: Аты қойылған жаңа құжатты таңдап, ішіндегі құжаттың атын «Қоқыс сандығы» (Корзина) деп өзгертеміз. Суретте көрсетілгендей.

 

7-басқыш: Компьютерді "қайта қосуға" (Перезагрузка) жіберіңіз.

Ең соңында басқару панелін ашып қайтып, келген бағдарламаларды қарай аласыз.

Ескерту: Мұнда сіз бұрын өшірген барлық құжаттар қайтып келуі мүмкін немесе дискіңізге дефрагментация жасамаған болуыңыз керек.

Бұл сонда shift delete арқылы өшірілген құжаттарды қайтара ма?

Әлде өшірілген бағдарламаларды қайтара ма?
0 дауыс
https://surak.baribar.kz/278803/?show=278803#q278803
осы жауаптағы программа көмектеседі, флешканын орнына D дискті таңда
–1 дауыс
Күнделікті жұмыста немесе қолданыста компьютерсіз тіршілікті елестету мүмкін емес. Кейде сол компьютермен жұмыс барысында құнды дүниемізді, керек емес деп ойлаған құжатымызды жойып жіберіп, соңынан өкініп жататын жайымыз бар. Ал сіз білесіз бе? Сол жойылған құжаттарды қалпына келтіруге болады. Оның тағы бір жолы мынау.

"Recuva" бағдарламасының көмегімен жойылған құжаттарыңызды (құжат, фотобейне, видео, әуен т.б.) қалпына келтіріп, көптілді интерфейс пен жылдам іздеуді өз қажетіңізге жаратуға болады. Бағдарлама іске қосылып, сканерлеу аяқталғаннан кейін, жойылған құжаттарыңызбен қайта қауышасыз.

Сонымен қатар Hetman Partition Recovery арқылы да жойылған құжаттарыңызды қалпына келтіруге болады.

Бағдарлама:

*Қатқыл дискіден файлдар мен ақпараттарды;

*Флеш-дискіден (флешка);

*Бұзылған CD және DVD дискілерден файлдарды;

*Сандық фотоапараттардан жойылған файлдарды;

*Ұялы телефон және SIM картадан жойылған файлдарды (контактілерді)

*ICQ парольдері

*Архив парольдері

*Әртүрлі құжаттар паролін

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ көмектеседі.
...