+3 дауыс
2.6k көрілді
Аспан бұлт, қап-қара бұлттар, жаңбыр жауып тұр, суық жел бар. Осындай ауа райыны жаман көремiн, ешнарсеге зауқым соқпай, мазасызданып кетем. Ал сiздер ше? Ауа райының бұзылуы коңiл-күйiңiзге әсер ете ме? Әдетте не iстеген дұрыс мұндай күндерi өзiңдi жақсы сезiну үшiн?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көпшілігімізге де жаңбыр ұнайтын сияқты ғой, мен де банальныймын, маған да ұнайды))

Ал бұлтты күндері гипертонияда "Д" учетта тұратын адамдарға қиын, барлығының қан қысымы жоғарылап кетеді, жедел жәрдемнің де жұмысы көбейеді (магнезия аман болсын). Бұлтты күндері ауыратын адамдарға сол күні алыс жолға шықпай, мейлінше үйде отырғандары жақсы.

Бірақ ұзақ уақыт бұлтты болып, күн көзі 2-3 күн көрінбей кетсе кез келген адам ашушан бола бастайды, күннің де адамға берер энергиясы бар (витамин Д айтпаса да). Менің де күн көзі көрінбей кеткен күндері мазам болмай, тұнжырайып жүретінім бар. Мен сондай күндері көп ұйқтаймын, ұйқтап ғана өзімді жақсы сезінемін))
+3 дауыс
Иә келісемін дегенмен 5 саусақ бірдей емес.Әр адамға әр түрлі ауа райы ұнайды мысалға маған Сіркіреп тұрған жаңбыр ұнайды,сосын жаңбырдан кейін бұлтты аспанды немесе ОБЛОЧНАЯ ПОГОДА ПОСЛЕ ДОЖДЯ осы ұнайды осыдан кейін өзімді жақсы,рахаттанып,ләззат аламын.Ал маған ұнамайтыны Жаз өйткені мен Қызылордалықпын бәзде жұмысты 11-12 ге дейін істемесең ауа райы қызып күйіп кетесің)
Жерлес екенбіз, бірақ биыл көктем кеш келді ма қалай өзі.. жаз ыстық болмайды дейді ЖҰРТ))
+2 дауыс
Әрине, ауа-райы көңіл-күйге әсер етеді. Дегенмен өзім жаңбырлы күнді ұнатамын.
+1 дауыс
шыныменде біреуге ұнаса біреуіне ұнамайды күннің шарқырап тура берген несі жаксы кейбір жанбыр жауып койсаа жаксы гойй
+3 дауыс

Әрине ауа-райы адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Әсіресе жаздыгүні дала күңгірт тартып нөсерлетіп жауған жаңбырға қарап отырып терең ойға шомылғанға не жетсін! Жаныңа медеу қылып сол уақытта кітап оқып, түрлі аңыздар тыңдасаң жадыңда мәңгілікке сақталып қалады. Ақын жандардың шабыты сондай кездері бас бермей кетеді. Ақ қағазға қара қаламнан жыр төгіледі.

+1 дауыс
Жоқ әсер естпейді, жайғана көңілді жүре берем.
+1 дауыс
Шомылуға баруды жоспарлап қойғанда, ауа райы бұзылып кетсе ауа райы адамның көңіліне қатты әсер етеді))) негізі ауа райы адамның көңіліне әсер етеді дегенге сенем, мұны психологтарда дәлелдеген сондықтан оқушылар қыста оқып, жазда демалады. Ал өзіме күннің тым ысып кеткені ұнамайды, тым суыпта кетпеуі керек))) жаңбырды ұнатам, егер жоспарымды бұзбаса)))
...