+1 дауыс
1.2k көрілді
Қойып жатқан сұрағыңыз жайлы толық осында жазыңыз:

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Анонимус хаккерлік тобы. Менің нигімнің аталуы да солардың себебінен)) Жалпы саған мықты хаккерлер ондығы керек болса мына бейнебаянды қарап көр.


Бірақ сонда да мен үшін ең мықты хаккер халыққа пайдасын тигізген адам. Яғни, линукс ОЖ ядерін ойлап тапқан Линус Торвальдс.
Бұлар қалталарына күнде ақша түсіретін шығар.)
Күнде ма әлде сағат сайын ба?
+1 дауыс

Хакер деген кім? Қалай хакер болуға болады? Көп ақшаны үйінде отырып тонаушы адам хакер ме? Осылардың анық-қанығына жету үшін осы блогты назарларыңызға ұсынамыз.

Хакер – компьютер жүйесін майда-шүйдесіне дейін білетін жоғары білімді маман немесе компьютерге қызығушы әуесқой адам. Хакер деп тек қана ақпараттық технология саласында оқыған немесе ақпараттық технологияға бағытталған оқу орнын бітірген адамды ғана айтпаймыз, ол мүмкін ешқайда оқымаған, тіпті мектеп оқушысы да болуы мүмкін. Ақпараттық технологияның, компьютердің барлық тұстарын қазіргі күнде білу мүмкін емес, сондықтан хакер деп осы саланың белгілі бір тармағы бойынша шыңына шыққан, тәжірибеде сынап көрген, өте білімді адамды айтады. Хакерлер  темір-терсекті жақсы түсінетін мықты компьютер жөндеушілер, сайтты жасаудың майын ағызатын адамдар, қандай да бір бағдарламалау тілінде мықты бағдарламаушы, мәліметтер базасымен жақсы жұмыс істеуші, желілік байланыстарды жақсы түсінуші және сол сияқты ақпараттық технология саласының “батыр”ларын айтуға болады. Хакер деп – өз ісінің ұстасын, шебер маманды айтады.

Көбінесе, халықта мынадай бұрыс пікір қалыптасқан. Хакер – ол интернетте банктан заңсыз ақша тонаушы, атақты мемлекеттің ұйымдардың, компаниялардың немесе біреудің сайтын бұзып оның ішіндегі сырлы, жеке ақпараттарға қолға жеткізуші адамды ғана түсінеді.  Негізі ондай адамдарды крэкер деп атайды.                              

Хакер сөзі қашан пайда болған?

Тарихқа назар салсақ, “Hacker” деген сөз алғаш рет 1960 жылдары әлемге әйгілі техникалық жоғары оқу орны MIT (ағылшынша Massachusetts Institute of Technology, қазақша Массачусетс Технологиялық Институты) қабырғаларында пайда болды. Сөздің түбірі “to hack” сөзі ағылшын тілінен алынған болып, қазақшаға “кесу”, “шабу”, “кескілеу” дегенді білдіреді.

Америкалық газеттерде Кевин Митник деген компьютер жүйесін бұзушы жайлы мақалалар шыққан соң, “хакер” сөзін “қауіпті, заңсыз” деген сөздермен байланыстыратын болды.
Митник 90-жылдар басында ақпаратты заңсыз алғаны үшін АҚШ Федеральды тергеу бюросы (ФБР – Федеральное бюро расследований) оны тұтқындап, төрт жылға қамауға алынды. Ол түрмеде жатқанда, басқа да #1 хакердің әріптестестері Кевиннің босатуын қалап, ФБР, НАСА, Майкрософт серверлерін бұзып, тек қана бір “Free Kevin” (қазақша  “Кевинді босат”) деген хабарлама қалдырды.

2003 жылы қазанда әйгілі хакер Эрик Рэймонд хакерлер қауымдастығына “Өмір” ойнынан алынған “глайдер” (glider) символын хакерлер эмблемасы етіп қоюды ұсынды. 

Хакердің түрлері

Ақ шляпалы хакер (The Whitehat Hacker) – кейде оларды “әдепті хакерлер” деп атайды, себебі олар рұқсатсыз жүйелерге кірмейді. Олар, керісінше, интернетте қауіпсіздікті сақтау туралы пайдалы мақалалар, блог жазып, кеңестер беріп отырады.                                    

Сұр шляпалы хакер (The Greyhat Hacker) – ақ және қара шляпалы хакерлердің ортасында тұрады. Олар оңай олжа табу үшін немесе жаман пиғылда жүйені бұзбайды, дегенмен олар әдетте рұқсатсыз жүйені бұзып тұрады. Сүрлардың қара шляпалы хакерлерден ерекшелігі олар жеке ақпараттарды алу үшін жүйені бұзбайды. Көбінесе әкімшілерге жүйенің әлсіз, қате тұстарын білдіру үшін, жүйені әдейі бұзады және бұл туралы әкімшілерге ескертпе береді. Ал кейбіреулері әкімшілер өзі білсін деп ескертпеуі де мүмкін.                                      

Қара шляпалы хакер (The Blackhat Hacker) – қара шляпалы хакерлер өз жеке мүдделері үшін жүйені бұзатын хакердің түрлері. Олардың мүдделері ақша тонап, пайда табу, саяси мүдде немесе ермек үшін уақыт өткізу болуы мүмкін. Заңды құрметтеу, әдептілік сақтау деген сияқты түсініктер қара шляпалылар үшін жат нәрсе.                                      

Аруақ-хакер (The Ghost Hacker) – аруақ сияқты көрінбейді, сондықтан оларға осындай лақап қойған. Олар, негізінен, жоқ болып, көрінбей жүреді. Өз ісіне, яғни жүйені бұзуға кіріскенде лақап ат астында жүріп, өз ізін жасырып, ұсталып қалмай, қамырдан қыл суырғандай жұмыс жасайды. Оларды ұстай алмауының себебі, аруақ-хакерлер өз ісіне өте мықты мән береді, ең бастысы, олардың білімі жоғары, тәжірибесі мол, өз істерінің ұсталары болады. Олардың екі өмірі болады: бірі – шынай осы өмір, екіншісі – интернеттегі виртуальды өмір. Шынайы өмірде қарапайым маман сияқты өз жұмысын жасап білдірмей жүре береді, ал интернетте де шын ниетін жасырып, қарапайым қолданушы сияқты көрінеді. Хакерлік шараларды атқаратын компьютерлері де көпке белгісіз жерлерде сақталады.                            

Скрипт-кидди хакер (The Script Kiddy) – оларды ешкім хакер деп мойындамайды. Себебі хакер болатын дәрежеде компьютер, сервер, желі туралы білімдері жоқ. Негізі скрипт-киддилер бағдарлама кодтарын жаза алмайды, тек қана өздері сияқты хакерлер бас қосатын форумдарда бос әңгіме жазумен уақыт өткізеді. Қысқасы, олар өздерін хакер болуға әуес мақтаншақ хакерсымақтар

Қайдан урласаңда жақсы ұрлапсың.
+1 дауыс
Анонимоустың видеосындағы  хакерлердің ішіндегі 3 орындағы баланы ең мықты хакер деуші едім.

Американист студент



 

Бір қазақ ағаны білем, шамамен айына 6 мың доллар табады.
...