Жазғытұрым ұзақ қарға ерте келсе, көкек ерте шақырса — жаз жайлы, маусым мамыражай басталады, өнім мол болады. Қарлығаш жер бауырлап ұшса — жауын жауады, құмырсқа илеуінің аузын бекітіп, сыртқа шықпаса не көшіп орын ауыстырса — сел жүреді, ақ жауын жауады десе, өсімдік ағаштарының жапырағы күзде сарғаймай, көктей ерте түссе — сол жылы қыс қатты, қар қалың жауады деп жорыған. Ал ағаш жапырақтары сарғайып, уақытында түссе — қыс жайлы, отар аман, мал басы шығынсыз, қыстан жақсы шығамыз деп есептеген. Егер ит жанынан түлесе — қыс қысқа, ал бауырынан түлесе — қыс ұзаққа созылады