0 дауыс
8.8k көрілді
Ең алғашқы машинаны қай ел ойлап тапты? Қай жылы? Ол қандай машина? Немен жүреді(бензин) ?
Сұрақтың жабылу себебі: жақсы жауабы таңдалды.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қозғалатын көліктің ең алғашқысы 1769 жылы Николас Джозеф Кагнот құрастырып шығарған бумен жүретін көлік еді. Бұл сол кездегі Францияның соғыс министрі Этьен-Француаның тапсырмасы бойынша қолға алынған жоба болатын. Министр әскери құрылғыларды тасымалдау тиімділігі үшін жаңа қозғалыс құралы қажет деп есептеді. Соның нәтижесінде Кагнот пен тағы бір әскери механик Брезин Париж Арсеналында алғашқы автомобильді құрастырып шығарды.

Бірақ 5 тоннаға дейін жүк тиеуге болатын бұл көліктің жылдамдығы сағатына 4 шақырымды ғана бағындыра алатын еді.

Ал жанармаймен жүретін алғашқы автоның авторы Карл Бенц саналады. Ол 1885 жылы үш дөңгелекті үш орындық көлік жасады. «Ал әлемдік қолданыста өзінің ең алғаш өміршеңдігін көрсеткен 1886 жылы Готлиб Даймлер құрастырған автомобиль болды» деп санайды автокөлік тарихын зерттеушілер.https://surak.baribar.kz/249236/
...