+2 дауыс
35.3k көрілді
Әлемде ең көп тараган тiл қандай? Ол тiлде қанша млн адам сөйлейдi?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қытай тілі- сөйлеушілері көп тіл. Қытай тілінде  1,213 млрд. адам сөйлейді.  Бірақ ағылшын тілі 410 млн адам үшін ана тілі, 1млрд халыққа екінші тіл.
+2 дауыс

Қазақ тілі 58-орында. Біздің тілде 14 000 000 астам адам сөйлейді. Таралған мемлекеттер: Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия

Дерек көзі: мына жерде

 

Төменде Әлемдегі ең кең таралған тілдер туралы ақпарат келтірілген
1. Мандарин (қытай) тілі – 1 миллиардтан астам



Бұл тілде сөйлейтін адамар бір мемлекетте тығыз орналасқан бірден бір тіл көрінеді. Ағылшын тілінен кейінгі қолданыс бойынша көш бастаушы тіл осы деп тұжырымдауға болатын сияқты. Бір миллиардтан астам сөйлеген тіл оңай деп ойласаңыз, қателесесіз. Әр сөз 4 тон (орысша ударениеге ұқсас) беріп, тонына сай мағынасы да өзгереді. Ни хао! 

2. Ағылшын тілі – 508 миллион



Ағылшын тілімандарин тілінен кейін тұрса да, көптеген елдер мойындаған халықаралық тіл болып табылады.

3. Үнді (хинди) тілі — 497 миллион



Үндістандағы тайпалардың көбісі қолданатын тіл — хинди тілі көрінеді.

4. Испан тілі — 392 миллион



Латынамерика елдерінің барлығы дерлік, сонымен қатар Испания мен АҚШ-тың белгілі бір аумағы испан тілінде сөйлейтін көрінеді.

5. Орыс тілі — 277 миллион



БҰҰ 6 тілдің арасында орыс тілі де бар көрінеді. Әрине, ол тілде Ресейден бөлек өзіміздің Қазақстанда, Белорусия, қысқасы көптеген постсоветтік елдерде белсенді қолданысқа ие, сонымен қатар АҚШ-тың да белгілі бір аудандарындағы қолданыстағы тіл көрінеді. 

6. Араб тілі — 246 миллион



Тая Шығыстағы ежелгі тіл — осы араб тілі көрінеді, әсіресе Мысыр, Иордания, Ливан, Кувейт, Ирак пен Сауд Арабиясы сияқты елдерді айтуға болады.

7. Бенгали тілі — 211 миллион



Халық саны 120 миллионға жететін Бангладеш елінің ресми тілі көрінеді.

8. Португал тілі — 191 миллион



Зерттеу жұмыстарына белсене қатысқан португалдықтардың тілі Әлемнің көптеген елдерінде белгілі тілге айналып үлгерді. Дәл бүгінде Мозамбик, Макао, Бразилия, Венесуэла және Ангола сияқты елдерде танымал.

9. Малай-Индонезия тілі — 159 миллион



Саны аздау болуы мүмкін, бірақ бұл елдердің халық сандарына қарай отырып, осы тілдің үздік ондықтан көрінуін еріксіз мойындауға тура келеді дегеннен басқа айтар жоқ.

10. Француз тілі — 129 миллион



Үздік ондықты француз тілі аяқтайды. Әрине, Канада, Бельгия, Камерун, Руанда сияқты елдерде кездесетін бұл тілдің түрлі нұсқалары бар көрінеді.

Дерек көзі: мына жерде

0 дауыс
Ал канша окшау тиллер бар
0 дауыс
Араб тілі

17 млрд тан астам

Адамдар сөйлейді.
0 дауыс
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл әулеті:Қытай,Ағылшын,орыс,өзбек тілдері

Ұқсас сұрақтар

...