0 дауыс
8.5k көрілді
Жаңғақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаңғақ жемісінің шипасы Жаныңды жасартып, тәніңді сауықтырады Той дастарханында, қонақ шақырғанда жеміс-жидек, тәттілермен бірге неше түрлі жаңғақтарды да үстелге қояды. Алайда, жаңғақты күнделікті тағаммен қоса жеп, пайдаланса, оның шипалық қасиеті мол. Ендігі әңгіме сол жөнінде. Жаңғақтың жалпы сипаты Жаңғақ (Jyglans) - жаңғақ тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш. Кейбір мәліметтер бойынша дүние жүзінде жаңғақтың қырыққа жуық түрі бар. Қазақстанда жаңғақтың екі түрі кездеседі.Олар: грек жаңғағы және қара жаңғақ. Жаңғақтың жабайы түрлері Орталық Азияда, Қытайда, Жапонияда өседі. Ағаштары өте биік (20-30 метр), дінінің жуандығы 1,5-2 метр. Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі – дәні. Грек жаңғағы ағашының сүресі жиһаздайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы медицинада, парфюмерияда пайдаланылады. Жаңғақтың кең тараған түрлері Бұлар Арахис: грек жаңғағы (волош. түйе жаңғағы); Маньчжур жаңғағы; Физалис жаңғағы, Жебіршөп жаңғағы; Базельник жаңғағы; Талшын жаңғағы; Кешью жаңғағы; Самырсын жаңғағы; Орман жаңғағы; Бадам; Пісте; Су жаңғағы. Арахис. Ол жер жаңғағы, қытай жаңғағы деген де атауға ие. Бұршақ тұқымдас бір жылдық өсімдік. Шыққан жері Бразилия саналады. ТМД елдерінде Орталық Азияда, Закавказьеде, Украинада, Молдавияда, Краснодар өлкесінде өсіріледі. Қазақстанның оңтүстік өңі-ріндемәдени өсімдік ретінде қолдан өсіріліп келеді. Жаңғағының биіктігі – 25-40 сантиметр, жапырағының ұзындығы – 3-11 сантиметр, сырты түкті, гүлінің түсі сары. Жемісін шикілей де, пісілей де түрлі тағам дайындауға қолданады. Дәні ақшыл, қа-бығықызыл қоңыр. Қуырып барып аршиды. Қуырылған арахисты пирожный, балмұз-дақ дайындауда да пайдаланады. Құрамында май, белок, органикалық қышқылдар, глицирин, сапонин, глюкоза, Е дәрумені бар. Медицинада арахис майын бадам майымен бірдей пайдаланып жүр. Бадам (миндаль). Раушан гүлділер тұқымдасынан. Биіктігі 4-8, кейде 10-12 метрге жетеді. Оны ағаш деп те, бұта өсімдігі деп те жатады. Дүние жүзінде оның белгілі 40 түрі бар. Қырымда, Закавказьеде, Молдавияда, Орта Азияда – 16, Қазақстанда – 5 түрі өсіріледі. Олар: шегіршін жапырақты бадам (қатынжаңғақ), бадамша тікенекті бадам, ит-бадам (Петуников бадамы), далалық бадам (ешкі сабақ), Ледебур бадамы, кәдімгі бадам, қысқа сабақты бадам. Қабығынан арылту үшін қауызынан тазар-тылған дәнді қайнаған суға 1 минут салып, қабығын сыдырады. Дәмді бадамды шикі күйінде десерт ретінде, қуырып та жейді. Оны тұздық, печенье, пирожный, марципан (бадам қамырынан пісірілетін тәтті нан), тағы да басқа тағамды пісіргенде қосады. Бадам ядросының құрамында май 60 (50-60), белок 16,5 – 35 пайыз мөлшерінде және де көмірсутегі(крахмал, қант, клетчатка) минералды заттар, эмульсия бар. Эмульсиядан синиль қышқылы, бадам сүті алынып, бадам майы медицинада, парфюмерияда қолданылады. Бадам майы құрғамайды. Бадам сүтінен оршад – ерекше емдік сусын әзірлейді. Кәдімгі бадам. Қазақстан тауларының оңтүстік беткей-інде 800-1600 метрге дейінгі биікте (Алтай, Тянь-Шань), Ертіс бойында өсетіні белгі-лі. Қолданотырғызған сорт-тарының тұқымы дәмді болады. Майы мен күнжарасын тағамға, жемісінің қауашағын отқа жағып, күлінен сабын жасайтын сахар дайындайды. Базельник жаңғағы. Ерін-ді гүлділер тұқымдасынан. Жар тылай бұта өсімдігі болып есеп теледі. Биіктігі 70-100 сантиметрдей. Қазақстанның оңтү-стігінде жабайы түрі кездеседі. Жемісі төрт жаңғақты,дөңгелек, қара қоңыр түсті. Гүлінде, жапырағында, сабақтарында эфир майы бар, медицинада базельниктен жасалған дәрімен тіс ауруын емдейді. Грек жаңғағы. Жаңғақ тұқымдас.Биіктігі 20-30 метр. Ол 200-300 жылға дейін өседі. Отаны – Кіші Азия, оның ішінде – Иран. Бұрынжаңғақ тұқымы Грециядан әкелінгендіктен, ол грек жаңғағы деп аталып кеткен. 12 сағат тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады. Дәнінің құрамында 55-77 пайыз май, 18-21 пайыз белок, 5-6 пайыз көмірсутегі, В1 дәрумені, А провитамині бар. Піскен дәнінде 30-85 мг, толығымен піспеген дәндерінде 1500-1200мг, кейде 3000 мг-ға дейін С дәрумені болады. Дәнін тағамда пайдаланып, жемісінен жаңғақ майы алынады. Грек жаңғағының сорттары жетеу: ірі жемісті, өндірістік маңызы жоқ; жұқа қабықты – дәні майлы, өнімі аз; сал быраған сырға тәрізді - өнімі мол; бадам сияқты; кеш гүлдейтін; қатты қабықты - дәні қабығынан өте нәшар ажыратылады; шырышты. Шырышты сорт шырышты сүректерімен бағалы, одан көркем, құнды бұйымдар жасайды. Жатаған самырсын жаң ғағы. Қылқан жапырақтылар тұқымдасынан. Бір жерде бірнешеуі өсетін жемісі бүрлі. Құрамында жоғары сапалы, бағалы май болғандықтан, жатаған самырсын жаңғағы құнды саналады. Қылқанын жинап, қайнатып, тұнбасын сусын ретінде пайдаланып келеді. Ақпарат ж/е әрі қарай: http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=85830
+1 дауыс


Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады.
Миды қуаттандырады. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарлатады.
Холестеринді төмендетеді. Жаңғақ дәнінің құрамында 65% май бар. Ол адам денесіндегі қан айналысын жақсартады.
Өтке байланған тасты ерітеді. Дұрыс тамақтанбауға байланысты өтке байланған тасты ерітіп, сыртқа ығыстырады. Дәрігерлердің айтуынша, өтіне тас байланған адамдар жаңғақты үнемі жесе, операция төсегіне жатуының қажеті жоқ екен.
Теріні ажарландырады. Жаңғақтың құрамындағы мол кальций, фосфор, темір сияқты микро элементтер адам денесін түрлі ферменттермен қамдайды. Мұның ішіндегі Е витамині жасуша босауының алдын алады. Жаңғақты лайықты мөлшерде жесе, бет терісін ажарландырып, ағартып, майдалылығын, жылтырлығын арттырады. Босануға жақындаған жүкті әйелдер көбінесе жаңғақ дәнін жеу арқылы өз келбеттерін сақтайды

http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/8457.
0 дауыс

жаңғақ қосылған тағамдар және осында

0 дауыс
Сен қандай жаңғақтың пайдасын бiлгiң келедi? Мында жаңғақтың пайдасы туралы, түр-түрiне сипаттама берген. http://kyzmet-gazeti.kz/amanbol/340-2012-10-08-03-53-51.html

Ұқсас сұрақтар

...