+4 дауыс
7.3k көрілді
Жеңіс күнін қуанышпен тойлау керек пе? Әлде соғыс кезінде қайтыс болған миллиондаған адамның рухына тағзым етіп, еске алған дұрыс па?

Сендер қалай тойлайсыңдар?

3 жауап

+2 дауыс
Мен мектепте оқып жүрген кезде соғыс ардагерлерін шақырып, соғыс туралы көріністер қойып, ән айтып және ардагерлерге арналған ескерткіштерге гүл шоғын қойып және концерт біткен соң ардагерлердің үйлеріне барып жұмыстарын істейтінбіз, жұмысты істеп бітірген соң ардагерлермен әңгімелесетінбіз бізге соғыс туралы әңгімелерін айтатын, міне осылай атап өтеміз
0 дауыс

Жақсы сұрақ +1*   ... Әрине, соғыс кезінде қайтыс болған адамдарды еске алып, соғыс ардагерлерін құттықтаған дұрыс. Бірақ қалай дегенімен бұл жеңіс күні ғой. Сол себепті жақсы көңіл-күймен, қуанышпен тойлау керек деп ойлаймын.

+1 дауыс
Меніңше алдымен майданда шейт болған жауынгерлерге тағзым етіп, ардагерлерге барып, жағдай жасап өткенді еске алған соң тойлау керек, сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлер мұнда біздің жеңіс күнінде мұңайып отырғанымызды қаламайтын болар. Менің ойым осы.
...