+1 дауыс
11.1k көрілді

Әйелін ұратын ер адамдар жайлы. Сіз әйелін ұратын ер адамдарды еркек емес деп есептейсіз бе?

Елеке санатын қатырыпсың базар жоқ!
Белгісіз
байқамайтының жоқ Жахар! Менің сайтқа енді кіре бастаған кезім ғой, онша мыншаны түсіне бермей қате кеткен да...ХД
ауыстырмайақ қой тамаша болып тұр экология ғой барлығы
Белгісіз
Осы суракты уялмай койып отырган нагыз жабайы екенсин.Мумкин акеннин шешенди корлап корсеткен тарбиеси болар

17 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Нәзік жандыны ұру ол еркектің ісі емес! Қанша ашуланғанменде, қанша реніш болғанменде сабыр болуы керек адамда! Мен ондай адамды еркек емес деп нық сеніммен айта аламын!

0 дауыс
Менің ойымша әйелін ұрған ер адамдарды, еркек деп санауға келмейді. Біз дамыған заманда өмір сүретіндіктен әйел мен ер адам құқығы тең.
0 дауыс

Мен келісемін.  Оларды тіпті адам деп айтуға келмейді...

+3 дауыс
Еркек боп, күші тасыса еркекті ұрсын духы жетсе, нәзік жандыны ұрмай, еркек деп санағым келмиді бірақ мен олай санағаннан ештеңе өзгермиді.
+3 дауыс

Әйелдің нәзіктігін былай ысырып қойып оған қол көтеру ...

Әйелге қол көтеру еркектің ісі емес. Ешқашан айелге қол көтермеймін. Әйеліме ұрмақ түгілі ұрыспаймында.

показуха емес пе?)))
+2 дауыс
Достар қол көтермеңдер ешқашан әйтпесе ана дүниеде беттеріңді отты шапалақпен ұрады...так что қолдарыңды қысыңдар..
+3 дауыс
Әйел адамды ұратын адамды еркек деп айту қиын. Әйел адамды ұру арқылы өзіңнің күштілігіңді емес әлсіздігіңді көрсетесің. Әйеліңізді ұру арқылы айтқанымды тыңдатамын деп есептейтін адамдар шын мәнінде тек өз абыройын, әйелінің алдындағы беделін жоғалтады!
+1 дауыс
Жігіт деп есептемеймін себебі елі келмейтін болғандықтан әйелін ұрады.Себебі әлі тек әйел адамға жетеді деген сөз.
+4 дауыс

Ислам діні келместен бұрын әйелдердің ешқандай қадірі жоқ еді. Араптар қыз балаларын тірілей көметін, Қағбаның айналасында да әйелдер жалаңаш жүре беретін еді. Ислам діні келгеннен бастап бұл жаман әдеттер жойылды.
Қазіргі заманда да әлемнің көптеген жерлерінде әйелдерге қорлық көрсетілуде. Кеше ғана өткен кеңестік дәуірде әйелдерге зұлымдық етілді, күштеп колхоз, совхоздарда  еркектер сияқты ең ауыр жұмыстарда, еркек басшылардың қысымының астында арзымаған ақшаға күштеп жұмыс істетілді. Бірақ зұлымдықтың арты ұзаққа созылмады. Белгілі соңына жетті.
Еркін әлем делінетін христиан өлкелерінде және Ислам өлкелері делінетін арап елдерінде де әйелдер завод-фабрикаларда, сауда-саттықта еркектер сияқты жұмысыа жұмылдырылуда. Көбінің үйленгендеріне өкініп жүргендері, сот мекемелері ажырасу дауларымен толып жатқандығы көрінуде.
Бір жазушы әйел былай дейді:
«Көрмелерге барған сайын сандарын жалтыратып, соңғы модел машинаның үстіне отырған қысқа етекті юбка киген тірі маникендерді көргенімде ішім ашиды, жаным сыздайды. Сондай-ақ оларға таң қаламын. Азды көпті өзін қадірлейтін бұл әйелдер ол жерде тұрып әлгі машиналардың аксессуары секілді өзінің саудаға салынуына қалай төзе алады. Әйел затын мұншалықты төмендететін осындай әйелдерге де, және оларды сонда отырғызып, алушыны алдап тауарын сатуға тырысатындарға да қарсы ішім ызамен қайнайды.»
Әйелдер ислам дінінің өздеріне берген қадірін, жеңілдігін, еркіндігін білсе, бүкіл дүние жүзінің әйелдері бірден мұсылман болар еді.
Мұсылмандықта әйел сұлтан. Дініміз әйелге көп қадір берген. Ал еркекке көп жауапкершілік жүктеген. Исламда әйел үй ішінде және сыртында жұмыс істеуге, ақша табуға мәжбүр емес. Тұрмыста болса күйеуі, тұрмысқа шықпаған болса әкесі, әкесі жоқ болса, ең жақын еркек туысы еңбек етіп оның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мәжбүр. Жақын туысы жоқ болса немесе кедей болса, “Бәйтул мал”, яғни мемлекет қазынасы әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге міндетті.

Сондыктанда бауырлар аналарымыз ды айелдеримизди сыйлайык !

Сиздинде карындастарыныз ана айел болады !

+1 дауыс
Әйел баласы дегенге тоқталып кеткім келеді 1-ші ол сенің мәпелеген анан 2-ші әпкең 3-ші қарындасың 4-ші қызың осы кісілердің бір жері майып болғанын қалармедін қол көтермес бұрын ойланған жөн
0 дауыс
Әйелін ұратын еркек??? Соның әйелі қандай екен,соны білдіңдер ме? Жақсы әйел ерінен таяқ жемейді,және жаман еркектің жамандығын жасырып,жақсылығын асырып оның жаман екендігін ешкімге көрсетпейді.Ал сен айтып отырған еркетердің әйелдері аузынан ақ ит кіріп,көк ит шығатын тілі ащы немесе күйеуінің көзіне шөп салатындар шығар. Ондайлар әйелдерді сабап тұрған дұрыс,сонда мүмкін түйсік болса, дұрыс жолға түсер !  Жалпы өмірде неше түрлі жағдайлар болып жатады,сондықтан әйелін ұратын ер адамдардың бәрін жаман еркек деп бір категорияға кіргізу дұрыс емес деп ойлаймын.
қосыламын
Нағыз еркек әйеліне қол көтермейді, ал нағыз әйел ерін мұндай жағдайға жеткізбейді.  төбелесе алмайтын еркектер ғана әйелін себепсіз ұрады )))
0 дауыс
еркек емес.нагыз еркек оз кушин озине тен адамга корсету керек
0 дауыс
ер адам әйелін ұрмастан бұрын анасын еске алғаны жөн, мен кішкентай кезімде ата-анамның ұрысқанын көп көретінмін , аяғы неше түрлі жағдайларға созылды, солай жүре-жүре жүрегім ауыратын болды, бірақ қазір Аллаға шүкіршілік етемін !Қазір денім сау, ата-анам бұрынғыдай емес қазір онша ренжіспейді , сондықтан өтнемін отбасыларыңыздың ұйытқысы болып отырған әйеліңізді, анаңызды бағалаңыз, сыйлаңыз! әрбір қыз бала-аяулы ана!
0 дауыс
Еркектин айелине кол котергени айелин суймейтиндигин косеткени.  Шын суйсе айелин уруга дати бармас еди.  Нагыз еркек оз кушин озимен тендес еркекпен салыстыру керек. Бирак женилип калып айелиннин алдында уятка калып журген уйде батыр далада коркактар ккккккооооооопппппппп
0 дауыс
Әйелін ұратын еркек еркек емес
...