0 дауыс
7.6k көрілді
Самурай деген сөз қандай мағына береді?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Самурай (жапон. 侍, бу́си жапон. 武士) — феодалды Жапониядағы — зайырлы ірі және кішігірім феодалдар; «Самурай» және «буси» сөздері бір-біріне мағынасы жағынан ұқсас болғанымен «буси» (жауынгер) — мазмұны жағынан барыншы жақын, бірақ самурайға тиесілі емес. Әдетте самурай сөзін әскери қызмет, ортағасырдағы рыцарлықпен ұқсастырады, дегенмен бұл орынды салыстырма емес.

«Самурай» сөзі saberu етістігінен шығады, тура аудармасында «қызмет ету, қолдау» деген мағына береді, яғни жапон императоры мен жапон халқына қалтқысыз қызмет ету; Самурайлар — тек әскери жауынгер ғана емес. Олар өз қожайындарына оққағар ретінде қызмет етумен қатар күнделікті шаруаларына да араласып отырған. Самурайлық атадан балаға қалып отырды. Барлық самурайлардың жер иеліктері және оған қызмет ететін шаруа отбасылары болды. Самурай тек әскери жаттығуларды жетілдірумен ғана айналысты. Шаруалар олардың егінін екті, малын бақты, үйін салды. Ал самурай өз кезегінде шаруаны қорғады.

Алғаш самурайлық жүйе 1100 жылдары пайда болды. 1192 жылдары Жапонияны билеген сегун Миномото Еримото самурайлықты қалыпты жүйеге түсірді. Сегун – бас министр, әрі мемлекеттің әскери басшысы және императордың кеңесшісі қызметін атқарды. Миномото кезінде император мемлекеттің рухани әкесі есептелініп, ролі төмендеді.Былайша айтқанда, император дін мен салт-дәстүрдің орындалуын қадағалаушы ретінде ғана қалды. Барлық билік сегун мен самурайлардың қолына шоғырланды. 1335-1572 жылдары 240 жыл бойы мемлекеттік билік сегундар әулеті Асикага отбасында болды.

1603-1867 жылы 250 жылдан аса уақыт мемлекетті сегун Токугава негізін салған самурайлық әулет биледі. Осылайша Жапон империясын 670 жыл бойы басында сегун тұрған, самурайлар басқарды. Жалпы, жапондар сырттан келген кез келген жаңалықты сол қалпында қабылдамайтын халық. Ежелден қазіргі уақытқа дейін солай. Қытай тарабынан келген будда діні жапондандырылып, жапондардың ежелгі діні синтоизммен араласып, тұтасып жапондық будда діні дзен-буддизм пайда болды. Қытай архитектурасын, мәдениетін сіңіргенде де өз­гертіп, жапондандырып қабылдаған. Қазіргі 140 млн. жапон түгелдей өз тілінде сөйлейді. Жұмыстан үйіне келгенде еденде отырып, кесе мен хашиді (екі таяқша) қолға алып, кимоносын киіп тамағын ішеді. Бұл, әрине, стол, стакан, шанышқы, киім жетпегеннен емес, жапон екенін ұмытпаудың биік үрдісі. Ежелгі кезде жапондар қытай жазуын сол қалпында қабылдамай, жапон тіліне лайықтап, өзгертіп, әріп ретінде осы күнге дейін қолданады [1].
...