+1 дауыс
18.3k көрілді
Бiр кластас жiгiттi жакында аскерге шакырды. Бiрак ол метасмотрдан оте алмады, жалпактабансын, деп аскер катарына алмай койыпты. Зiн,гiттей жiгiт кой айтпесе. Майтабан -ол ауру турiне жата ма? Онын, емделу жолдары кандай жане калай алдын алуга болады?
okshesi bar aiak kiim kiu kerek!

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның  табан сүйегі мен бұлшық еті дұрыс жетілуіне аса мән берген жөн. Ол үшін мынадай ережелерді есте ұстаған дұрыс:
-балаға басқалардан қалған аяқ киімді кигізбеген жөн;
-аяқ киім тар болмауы тиіс;
-аяқ киім ұшы тым сүйір болмасын;
-саусақ ұштары мен аяқ киім ұшының арасы кем дегенде 1 сантиметрдей қашық болуы керек;
-балаға өкшесіз, жіңішке өкшелі аяқ киім кигізбеуге тырысыңыз;
-жасөспірімдерге өкшесінің биіктігі үш-төрт сантиметрден асатын аяқ киімді көп киюге болмайды;
-ортопедиялық кебістерді майтабандыққа бейім балалардан басқаларға киюге тиым салынған.
...Сонымен, балаңызды майтабан болудан сақтаңыз. Майтабандықтың алдын-алуға болады екен. Ол үшін бала табанының дұрыс өсіп-жетілуіне жағдай жасаңыз.
+1 дауыс
"Майтабан" ауруы аяқ астынан пайда болмайды. ол бала кезден басталып,сатылап дамиды. Егер 2-3 жасар бала болса, онда емдеуге көп мүмкіншілік бар. Мына жігітті майтабаннан жазылады деп ойламаймын, себебі бұл жігітті өскерге алмаса соңғы сатысы болуы да мүмкін) Қазіргі медицина есейген адамдардағы майтабанды  дәрінің немесе жаттығулардың көмегімен емдей алмайды,тек хирургияның көмегімен емдейді. Ао хирургиясыз әрі қарай асқынуын ғана тоқтата алады.  арнайы ортопедттік аяқкиім, немесе аптекаларда арнайы аяқкиім ішіне салатын ортопедтік төсеніштер,және арнайы жаттығулар жасау арқылы әрі қарай дамытпай тоқтатуға болады. Бұл тек теория, іс жүзінде бұл талаптардың бәрін орындау өте қиын. Бізде Алматыда  4-ші қалалық больницада өте жақсы ортопед бар ЧУЧУЛО АНАТОЛИЙ  НИКОЛАЕВИЧ, оерациямен емдейтін.Бұл кісіні білмейтін адам жоқ, аяқтың, әсіресе табанның барлық деформациясына операциялар жасайды.өте жақсы ортопед дәрігер. Бірақ ертерек  кеңесін алып, жазылып қойған дұрыс , емделушілердің көптігінен операцияға айлап кезек күтуге тура келеді.
0 дауыс
Менин айагым майтабан, оны калай емдеуге болады. Жасым 19 жаста.
0 дауыс

Негізі сау адамның табаны ойық болып тұруы керек. Ойық денедегі бүкіл күшті реттеуші десек те болады. Спортпен айналыспайтын, бірқалыпта отыра беретін артық салмағы бар адамдардың бүкіл күші табанға түседі. Ал табанды барша салмақпен төбесінен басқаннан соң ол жалпая түседі. Міне, осылайша жалпақтабандылық пайда болады.

Үй жағдайында жалпақтабандылықты анықтауға болады. Ол үшін кез келген крем және бір парақ қағаз алып, табанды креммен майлап, қағазды басу керек. 1 минуттай түзу тұрсаңыз, қағазда із қалады. Із арқылы жалпақтабандылықтың белгісін анықтай аласыз. Қалыпты жағдайда табанның ішкі жағында табанның үлкен бөлігін алатын ойық болады. Егер ол ойық болмаса немесе ол өте жіңішке болса, онда ол жалпақ табанды білдіреді.

Жалпақ табан 3 кезеңге бөлінеді. Бірінші деңгейлі жалпақ табан 3 ай, екінші деңгейлі жалпақ табан 6 ай ішінде емделеді. Ал үшінші, төртінші деңгейлі жалпақтабан кезінде ота жасатады. Отадан соң біраз уақыт күтініп жүру керек.

Жалпақ табанның бірінші кезеңінде адамның табаны ауырады. Сондай-ақ, кешкісін табан шаршап, ісінеді. Ал екінші кезеңінде бүкіл аяқтың тізе буындарына дейін ауырып, сырқырайды.

Жалпақ табанның үшінші-төртінші кезеңінің белгілері:

  • Бел ауырады, аяқ киіммен жүру қиындайды;
  • Аяқ өсіп кеткен секілді болады. Яғни, бір өлшем үлкен аяқ киім алуға мәжбүр болады;

Алайда аталған белгілер жалпақ табанға емес, басқа да ауруларға сәйкес келуі мүмкін. Сондықтан үй жағдайында емес, дәрігерге көрініп ертерек емделген дұрыс.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс
жасым 15 те кетируге болама
0 дауыс
Жасым 14 те агамнын аяк киымын кидым 1 айдай блмедым олай майтабан болатынын ал казыр жалпак аяк киым киемын оте жаман жерге аягымды бассам 5шы бакайдын шеты кисайып шыгып турады

Ұқсас сұрақтар

...