0 дауыс
6.2k көрілді
Майтабанды қалай кетіруге болады?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
кедір-бұдыр жермен жалаңаяқ көп жүру керек. Тастың үстімен немесе  түймеден жасалған жолмен жүріңіз.
0 дауыс
Көп жүгіріңіз....кәсіби уқалатыңыз.............. Дос балама көмектескен =)
0 дауыс
Майтабан ауруы негізінен бұлшық еттердің дұрыс жетілмеуінен болады. Оның себептері көп. Соңғы кездері сапасыз аяқ киімдер де көп әсер етіп жүр. Мұны медициналық жолмен емдеу мүкін емес. Тек әр адам арнайы жаттығулар жасау арқылы ғана айыға алады. Құм үстінде жалаң аяқ жүргеннің де пайдасы зор. Бұл сырқатының белгісін сезген адам тез қолға алуы керек.
[Толық ақпарат][1]


  [1]: http://ana-bala.kz/2012/02/%D0%BC%D0%B0%D0%B9%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B/
0 дауыс

 Бутылкамен жаттығыңыз

0 дауыс

Табанның өзгеруі жастар жағында ұзындығы жағынан, ал үлкен кісілерде көлденең жағынан өзгеріске ұшырайды. Табанның астында байланыс аппараты болады. Сол байланыс аппараты бүкіл сүйектерді біріктіріп тұрады.

Жалпақтабандылықтан  тобық, тізе және сан буындары ауырады, патологиялық мүсін пайда болады. Бұл тірек жүйесінің бұзылуы нәтижесінде артроз бен сколиозға әкелуі мүмкін. Егер сүйектер босаңсып кетсе, мешел ауруына шалдығады. Сол үшін де ауруды асқындырмай үйде үнемі жаттығу жасау керек:

  • Аяқтың ұшымен тұрыңыз;
  • Аяқтың ұшымен өкшеге қарай сырғанаңыз;
  • Табаныңыздың сыртымен тұрыңыз;
  • Табиғат аясында жүргенде, жерде, дымқыл шөпте, таста жалаңаяқ жүруге тырысыңыз;
  • Жүрісіңізге назар аударыңыз: аяқты қатар қоюға тырысыңыз, ал жүрген кезде табанның сыртына сүйеніңіз;

Жалпақтабандылықтың ішкі ағзаларға ешқандай әсері болмайды. Алайда аяқтың сирақ, балтыр бөліміне әсер етеді.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқуға болады.

...