+3 дауыс
79.2k көрілді
Қыздың жасауында қандай заттар болуы қажет?

3 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап
Ата-бабамыз айтқандай "қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды" деп бүгіннен бастап өз жасауларыңызды жинау бастаңыздар. Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе . Қазақта айтады "6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді" деп, сондықтан мен үйленгенше қайда деп жүре бермей өздеріңіздің жасауларыңызды өздеріңіз жинай бастаңыз. Бір жағы ата-анаңа жеңіл, бір жағы өзің ұнайтын заттарды таңдап алуға мүмкіндігің болады. Мен үйленгенде анам қиналмасын деп, тізім жасап шетінен жинай берейін деп шештім. Бізде қызық қой, жігіттер жағы ойлайды "қыздың артынан 9 көрпесі болса болды емес па?" деп. Олай емес. Себебі, қазақ болғасын құдалар жағы, көршілер, туысқандар, таныстар бәрі-бәрініңкөзі қыздың артынан келген жасауында болады. Жасауың жақсы келмесе анаңа ұят, кейін өзіңді түртпектеугізуге себеп болуы мүмкін, енеңде өз туыстарының алдында төмендеуі мүмкін. Міне, қаншама политика жатыр! Сонымен, жасауға кіретін заттар: 1. 9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі "махаббат көрпесі", бір төр көрпе "құдағи көрпесі" болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі "анасы қолдан жасатқан көрпесі" екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады. (мамамның айтқандары) 2. спальный гарнитур (жағдайыңа қарай) 3. сандық (мен ойлайм қажет емес деп) 4. 3 көрпе тыстары 5. 2 жастық 6. 2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді 7. 9 қол орамал: 3 ванный, 3 қол сүртетін, 3 кухонный 8. ыдыс-аяқ наборы: ішінде тарелка, шыны бәрі бәрі болуы керек 9. кастрюльдер наборы: кастрюль, сковородка, қазан 10. 2 эмальды шелек 11. 2 ет табақ 12. қасықтар наборы, пышақ, шөміш, кепсер (бәрін бір набордан табуға болады) 13. шәугім немесе электрочайник, шәйнегімен бірге 14. кленка 15. терезе перде 16. төсек жабқыш 17. басқа тағатын орамал, бір 30-40 талын алып қою керек, себебі әр көрпенің ішіне салады 18. көйлектік материал, оны да 10-20 әр түрлі материалдан 2-3 метр бөлігінде алып қою керек, әр нәрсені ашқан кісілерге беріп отырады 19. печка нан пісіретін (жағдайыңа қарай) 20. электрический мясорубка (жағдайыңа қарай) 21. жасауға қоса құдағилар тағатын алтын заттарында алып қою керек: 4 алтын, 5 күміс набор болуы керек. Бұл тізім минимальды түрде жазылған, ішінде міндеттісі бар кейбірін алып тастауға да болады. Барлық нәрсені қалтаң шешеді.
Үйдің кенжесіне шығу керек екен ғой, шығындалмаймыз))) үйдің үлкеніне тиетін болсақ апару керек!
Иә иә! (не ғой, мен бойдақпын)))
Ой, Қой әрі бұл қыз маған келін болады деп жүрмін.Балам шетелде оқып жүр, аман есен келсін елге . Айтам, осындай необыкновенная бар деп!
Тойдың қамын жоспарлап та қойып едім, кешігіп қалыппын)) Шетеледе оқып жатса конкурентім мықты екен))
Мен тұрмысқа шығып қойғам)) әзіл ғой)
Neobiknovenna9ны өзім жеңгешка қылып алам ,таласпаңыздар))  Рахмет жауабыңа... Бірақ бұл жасау тым жұпыны емес пе?????
))) иа, әлі қосатындар бар! Майда шүйде заттары көп қой.
0 дауыс
http://kerekinfo.kz/blog/alishs/211.html

Қызын қонағындай құрмет тұтқан қазақ халқы жат жұрттыққа жаралған қыз баланың барған жерінде абыройлы болғанын қалайды. Қыз жасауын әзірлеуде де ескерілетіні осы болса керек-ті. Ұлттық ғұрыптарымыздың бірі болып саналатын жасау дайындаудың бүгінгі сипаты, әрине, тіптен ерек. Жасау — жас отауға ең қажетті деген негізгі бұйымдардан құралуы тиіс. Ал қазір?!
Жетім қыздың жүгіндей… Келген келіннің жасауына осылай деп мін тағылып жатса, абырой емес. Десек те, көрпеге қарай көсілмеске тағы амал жоқ. Жасау әзірлеуге кететін шығын бір тойға жұмсалатын шығыннан асып түспесе, кем болмайды. Көрпе-көпшігін айтпағанның өзінде, ыдыс-аяқтың өзіне жоқ дегенде 150 мың қажет. «Жасаудың құрамында ағаш мүлік болуы тиіс» деген жасаудың жазылмаған қағидасы тағы бар.Ол былай тұрсын, тұрмыстық техниканың сан түрімен қатар сандығының бір бұрышына темір тұлпардың кілті салынған келіннің еңсесін көтере босаға аттағанын көргем. Әрине, жағдайы келсе — жасай берсін. Тек, тырнаға еремін деп, жүрісінен жаңылған қарға тәрізді, шама-шарқына қарамастан, несиеге белшесінен бату былай тұрсын, бастарынан асыра жасау әзірлейтіндерді көргенде… Иә, мұндайда ВИА «Негрлерге» қосылып ән шырқап кеткің келеді… Айтарым жоқ!!! Жоқ жерде бәсекешіл бола қалатынымыз қайран қалдырады мені.
Дайын асқа тік қасық… Осыны көтере алмай, дандайсып кететіндері қаншама? Адал еңбекпен мал жиғанға не жетсін?! Сыйға келген дүниенің қадірі өзіңнің маңдай теріңмен тапқан дүниедей бола қояр ма екен?! Әй, қайдам?!
Бағзыда қазақ қызы 7 жасқа жеткеннен кейін жасауын жинай бастайды екен. Жақсы ғой бұл. Бірақ, «сән» деген бәленің сан жылдан кейін қай шамада боларын кім біледі, сәннен қалған бұйымдарды «анамның еңбегі ғой» деп ала баратын қыз табыла қояр ма екен… Бүгінде «Келін не әкелді екен?» деп сын көзбен сандыққа сұқтанатындар да көп қазір. Тіпті, әкелген бұйымдардың бағасын лезде базар бәсімен салыстырып, бажайлап отыратынын қайтерсің абысын-ажындардың.
Өз жасауын өзі әзірлейтінде де бар. Дұрысы — осы сияқты. Ешкімге салмақ салмайсың, ал ата-анаң тойыңды жасап берсе жетіп жатыр.
Бас екеу болса, мал да екеу. Бастысы — жанұя жарастығы.
0 дауыс
Бар болса бересің жоқ болсаң неді бересің .
...