Ата-бабамыз айтқандай "қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды" деп бүгіннен бастап өз жасауларыңызды жинау бастаңыздар. Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе . Қазақта айтады "6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді" деп, сондықтан мен үйленгенше қайда деп жүре бермей өздеріңіздің жасауларыңызды өздеріңіз жинай бастаңыз. Бір жағы ата-анаңа жеңіл, бір жағы өзің ұнайтын заттарды таңдап алуға мүмкіндігің болады. Мен үйленгенде анам қиналмасын деп, тізім жасап шетінен жинай берейін деп шештім. Бізде қызық қой, жігіттер жағы ойлайды "қыздың артынан 9 көрпесі болса болды емес па?" деп. Олай емес. Себебі, қазақ болғасын құдалар жағы, көршілер, туысқандар, таныстар бәрі-бәрініңкөзі қыздың артынан келген жасауында болады. Жасауың жақсы келмесе анаңа ұят, кейін өзіңді түртпектеугізуге себеп болуы мүмкін, енеңде өз туыстарының алдында төмендеуі мүмкін. Міне, қаншама политика жатыр! Сонымен, жасауға кіретін заттар: 1. 9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі "махаббат көрпесі", бір төр көрпе "құдағи көрпесі" болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі "анасы қолдан жасатқан көрпесі" екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады. (мамамның айтқандары) 2. спальный гарнитур (жағдайыңа қарай) 3. сандық (мен ойлайм қажет емес деп) 4. 3 көрпе тыстары 5. 2 жастық 6. 2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді 7. 9 қол орамал: 3 ванный, 3 қол сүртетін, 3 кухонный 8. ыдыс-аяқ наборы: ішінде тарелка, шыны бәрі бәрі болуы керек 9. кастрюльдер наборы: кастрюль, сковородка, қазан 10. 2 эмальды шелек 11. 2 ет табақ 12. қасықтар наборы, пышақ, шөміш, кепсер (бәрін бір набордан табуға болады) 13. шәугім немесе электрочайник, шәйнегімен бірге 14. кленка 15. терезе перде 16. төсек жабқыш 17. басқа тағатын орамал, бір 30-40 талын алып қою керек, себебі әр көрпенің ішіне салады 18. көйлектік материал, оны да 10-20 әр түрлі материалдан 2-3 метр бөлігінде алып қою керек, әр нәрсені ашқан кісілерге беріп отырады 19. печка нан пісіретін (жағдайыңа қарай) 20. электрический мясорубка (жағдайыңа қарай) 21. жасауға қоса құдағилар тағатын алтын заттарында алып қою керек: 4 алтын, 5 күміс набор болуы керек. Бұл тізім минимальды түрде жазылған, ішінде міндеттісі бар кейбірін алып тастауға да болады. Барлық нәрсені қалтаң шешеді.