+3 дауыс
3.7k көрілді
Қалай ойлайсыздар "БОҚ АУЫЗ" сөздер қалай тарап кетті..?

5 жауап

+1 дауыс
БОҚ АУЫЗ сөздер көп айтатын адамдар арқылы таралғаны анық ғой
0 дауыс
жаман нәрсе тез тараладығой адам бар жерде ашуда бар,ашу шыққанда жаман сөз айтады оны естіген адам өзі қолданып көреді сонымен...
0 дауыс
Боқ ауызбен жауап берсем крутой, өз араларында авторитет боп саналам деп ойлағаннан болар солай сөйлиді және солай бірінен бірі көріп еліктеушілікпен тарап кеткен. Үйде ағасы қалай сөйлесе інісі соны жаттап ап достарына өзінше крутойланады.
0 дауыс
Оның негізгі себебі адамдар айтатын сөздеріне мән бермеуінде. Анайы сөз айтып тұрған адам шын мәнінде сол сөздің түп төркінін түсінсе ол сөзді айтпас болар.
Садиктегілер мен 3 класс оқитындар мағынасын білмеуі мүмкін, ал одан жоғарылар мағынасын 5ке біледі, үлкен адамдар мағынасын біледі бірақ сонда да айта береді ғой.
мағынасына аса назар аудармайды
Назар аударғанда қандай, боқ ауызды айтатын адамдар әдеби сөздің қайсысы қай жерде қолданылатынын білмесе де боқ ауыздың қайсысы қай жерде айтылатынын жақсы біледі. Бір баланы алайық ол өзінен үлкен атаманмен сөйлескенде боқтасада жеңілдерін айтады, ал өзінен кіші атамандарға боқ ауыздың тым тұрпайыларында айта береді, сіз боқ ауыздың мағынасына назар аудармайды сондықтан дейсіз, сонда олар боқ ауыздың мағынасына назар аудармай мағынасын білми жүр ме екен, білгенде қандай. Бұл менің жеке пікірім.
Сіз өміріңізде бір рет болса да боқ ауыз сөздерді айтып көрдіңіз бе? Мен айтып көрген емеспін Аллаға сансыз шүкір. Өкінішке орай айналамнан ондай адамдарды кездестіріп жатамын. Дауласа бергенді ұнатпаушы едім қысқа қайырайын. Бірде Шымкенттіктер көбірек айтады деп кінәлайтын сөзді айтқан адамға үлкен кісінің қайтарған жауабын естідім. Ол сөздің мағынасын толығымен түсіндіріп, дүниеге алып келіп бағып қағып өсірген анаңа айтар алғысыңды осылай білдіресің бе?! Әркімнің анасы өзі үшін қымбат деді. Ол адамның көзі жасқа толғанын байқағанда "сонда осы айтқан сөзінің мағынасын білмегені ме? "  деп ойладым. Әркім көрген білгенін көкірекке түйеді. Бір тұрғыдан сіздің ойыңыз да дұрыс болар!
Шымкенттегілердің көбісі сол сөзді айтатын болғандықтан, қатардан қалмайын деп айтатындары ғой. Мен боқтамаймын. Айналамдағы қыздарда боқтамайды, ал жігіттердің аузынан көк ит кіріп ақ ит шығады. Боқтау я боқтамау адамның сана сезіміне hәм айналасындағы адамдарғада байланысты.
үйренген ауыз мағынасын білседе қоймас болар.
Сізбен келісем!
0 дауыс
Ер адамдардың көбісі ашуланғанда боқтағанда ашуы тарқайтындай, біреуді жасытқанда рахаттанатындай әдет болып айтып, содан таралып кеткен шығар.

Жаман әдет деп ойлаймын негізі.
...