"Би Темірге" қай жыраудың шығармасы?

0 дауыс
1.7k қаралым
"Би Темірге" қай жыраудың шығармасы?
• Санаты: Қазақ тілі | 1.7k қаралым

3 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Қазақ жыраулық поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленшіұлы 1465-1560 жылдар шамасында өмір сүрген. Үш айлығында анасынан айырылған болашақ жырау нағашы әжесінің қолында тәрбиеленеді. Мұсылманша жақсы білім жиған, сақара салтынан тамаша тәрбие алған Шалкиіз жырау Би Темірдің тұсында өмір сүрген. Жырау «Би Темірге бірінші толғауында»:

Сен алтынсың – мен пұлмын,

Сен жібексің – мен жүнмін,

Сен сұлтансың – мен құлмын,

Сен сұңқарсың – мен қумын.

Саған дұспан – маған жау

Керекті күні алдыңда

Ғазизлеген сұлтан жаным аяман! – деп, Би Темірдің бейнесін асқақтатып көрсеткен.

Жырау толғауларында ерекше көтерілген тақырып – адамгершілік мәселесі. Мысалы,

Бір жақсымен дос болсаң –

Азбас-тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң –

Күндердің күні болғанда

Бар ғаламға күлкі етер, – деп, жақсылық пен жамандықты қарама-қарсы қоя отырып, парасаттылықты, адамгершілік қасиеттерді асқақтата көрсеткен.

Шалкиіз толғауларының басты тақырыптарының бірі – ел бірлігі, ынтымағы. Жырау «Асқар, асқар, асқар тау» толғауында:

Малыңды бер де, басың қос,

Басыңды қос та, бек сыйлас,

Күндердің күні болғанда

Басың жауда қалар ма! – деп, халықты береке-бірлікке, ынтымаққа шақырған.

Шалкиіз жырау өмір жайлы да толғанған. Өзінің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауында:

Қоғалы көлдер, қом сулар

Кімдерге қоныс болмаған.

Саздауға біткен қара ағаш

Кімдерге сайғақ болмаған.

Күлелік те ойналық,

Киелік те ішелік

Мынау жалған дүние

Кімдерден кейін қалмаған! –

деп, өмірдің өтпелі екеніне пәлсапалық пайымдау жасаған.

Көптеген жорықтарға қатысқан Шалкиіз толғауларынан ерлік сарыны айқын көрініс тапқан. «Жалаңаш барып жауға ти, тәңірі өзі біледі, ажалымыз қайдан-дүр» деп ерлікке үгіттеген.

Шалкиіз жыраудың артында қалған толғаулары: «Би Темірге бірінші толғау», «Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Алаштан байтақ озбаса», «Жапырағы жасыл жаутерек», «Жақсының жақсылығы сол болар», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Жел, жел есер, жел есер», «Жауынды күні көп жүрме», «Шағырмақ бұлт жай тастар», «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян», «Орманбет би өлген күн», «Ер Шобан».

Жақсы жауап таңдалды
0 дауыс
Шалкиіз жырау......(25 әріп))
+1 дауыс
Би Темірге Шалкиіз жыраудың шығармасы

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
22.02.2014 • Санаты: Тарих сұрақтары Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы