Статистикаға сенсек, үйлерінде мысық ұстайтын адамдар мысығы жоқтарға қарағанда дәрігерге 5 есе аз қаралады екен. Жүрек қан тамырлары аурула рымен ауыратын иелерін жүрек талмасы мен қан тасуынан сақтап қалған мысықтар туралы көптеген аңызға бергісіз әңгі мелер айтылады. Мысық талманың алдын алуға көмектеседі. Иесі ашуға булыға бастағанда олардың асырандысы қасынан табылады. Ағылшын дәрігерлері «мысық инфаркт миокардының қайталанбауына оң әсер етеді» деп отыр. Егер осындай кеселді басынан өткерген адам біршама уақыт бойы мысықты сипап отырса, қан қысымы мен тамыр соғысы қалпына келеді. Сондай-ақ, мысықты сипалау ас қорытуды қалпына келтіреді. Күйзеліс пен шаршаған жағдайда да мысықтың пайдасы зор. Зоотерапияны зерттеушілер бұл орайда мысықтың түсі де шешуші рөл атқаратынын айтады. Біз қап-қара мысық алдымыздан кесіп өтсе, үш рет айналып, «жолымыз болмайды» деп болжап жүрсек, қара мысық адамның бойындағы жағымсыз энергияны басқа түстегі мысықтарға қара ғанда көбірек сіңіреді екен. Сары мысықтар өздері жағымды энергия бөледі, ал аспан көк түсті мысықтар тыныштандырады. Аппақ мысықтардың бойында емдік қасиеттері көп болғандықтан, Ұлыбританияда оларды арнайы дәріханаларда сатады. Мысықтың алаңсыз пырылдағаны иммунитет көтеруге көмектесетінін, пырыл мен ультра дыбыстың ұқсастығынан болар, жараның тез жазылуына әсер ететінін де зоотерапия ғылымы дәлелдеп отыр. Дәлдіктің символы саналатын неміс ғалымдары мысық ұстаған адамдардың өмірі ұстамағандарға қарағанда 10,3 жыл ұзағырақ болады деген болжам айтқан