Дирижер, дирижерлік ету – өте күрделі, көп қырлы кәсіп. Дирижер болу үшін бірнеше мамандықтың иесі болу керек, оның ішінде тіпті адам психологиясын да міндетті түрде меңгеруге тура келеді. Өйткені дирижер үлкен ұжымның алдында жұмыс істейді. Ол ұжымның ішінде әдетте, жасы да, кәрісі де кездеседі, кәсіби тәжірибесі де әртүрлі музыканттар болады. Ал дирижердің мақсаты – сол адамдарды тынысы бірдей, тұтас ұжымға айналдыру. Бұл дирижер үшін өте маңызды. Бір қарағанда музыканттардың ноталары алдында, бүге-шүгесіне дейін жазылған дайын туындысы да алдында, бірақ біздің мақсатымыз туынды авторының, композитордың діттеген ойын дәл сол күйінде жеткізу. Бұл композитордың бізге жазған хаты іспеттес, оның ішінде бәрі жазылған. Біздің мақсатымыз соның хатын мейлінше жоғары өнер деңгейінде, асқан көркемдікпен орындау.толығырақ