+3 дауыс
418 көрілді
Сәлеметсіздерме менін ұнатқан қызым бар еді бірак ата анам мен айткан кызга карсы білмимін. ата анам ол кызды брақ танымайды. анам өзім үйленд ірем диді. енді сіздерден сұрарым неге ата-ана бласын ұнатканымен коспайды екен? неге олай ата аналарымыз карсы болады? ұнатканыммен ата-анам бәрге өмір бақи турмайдыгой неге баласының бакытын ойламайды?  тек кана менин басымда солайма екен? алде баскалардында ата-аналары солайма? өтінем достар көмектесіндерші құрдас бауырлар бұл өмір мәселесі емеспе үлкендер неге арласады? жауаптарынды накты жазсаныздар

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әке-шешесі баласына тағын ашып бергенмен, бағын ашып бере алмайды. Осыны түсіндіріп қара ата-анаңа
+3 дауыс
Сіз үлкен болсаңызда ата-анаңызға әлі кішкентай баласыз, ата-анаңыз сізді оң солын танып білмеген кішкентай бала деп ойлаған соң, сізге өздері жақсы қызды таңдап бергісі келеді. Қазір қыздар айламен қақпанға жігіттерді оңай түсіреді, не дегенмен қыздар шайтандар хехе осы сөзді кім шығарды екен))) бірақ қызды өзіңнің таңдағаның дұрыс сияқты, ата-анаңызға түсіндіріп көріңіз! Достарыңыздан ата-анаңызға түсіндіруін сұрап көріңіз, келінді барынша мақтасын, тамақты істегенде нағыз шеф повор, пысық деп көнет шығар, ата-ана үшін бастысы бала бақыты!
+2 дауыс
Мына қызға үйленемін деп шешім қабылдау оңай емес қой. Барлық істеріңе өзің жауап беретініңді ұмытпа. егер шешіміңе сенімді болсаң, айтқаныңнан қайтпа. Бұл дегенім анаңа қарсы шық дегенім емес, жай қалдыңдап болса да айтып қой: "ол менің келіншегім болады ғой сіздікі емес деп)". Бірақ саған әлі сәл ертерек сияқты үйлену.
–1 дауыс
Ата-ана баласын ешқашан да жамандыққа қимайды. Жаман болсын демейді, жақсы болсын дейді, демек бір білгені бар болғаны ғой. Ата-анаңыз өмір көрген адамдар, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін олар сізден артық біледі. Сізге қарсы болғаны бақытыңызды ойлағаны болар, онымен емес өздерінің таңдаған болашақ келінімен бақытты болатыныңызды сезінгені шығар.
...