0 дауыс
3.3k көрілді
Қыздарға жалпы қандай тосын сый жасасам болады? Күштіііііііііііі қылып. мен романтик емеспин, сондықтан әдемі сөздердің көп болғаны керегі жоқ. заранее спасибо!

2 жауап

0 дауыс
Бірден айта кетейік, біз ақ боз ат (мерседес, порше, бугатти) мінген ханзадалардың тапшы екенін білеміз, олармен ертегідей сиқырлы кездесуді күтуді де қойдық.

Бірақ, нағыз романтиктер қырылып қалыпты деп ойламаппыз! Нағыз сері жігіттер мен батыл романтиктер қайда кеткен? Романтикалық тосын сый жасауға бастары жетпейтіндей ерлер соншалықты ұсақталып кеткен бе? Бұл сөздерге бір кеш бұртиып, бүгін романтикаға осыншама құмарлығымыздың сырын ашуға бел будық.

Бала кезімізден біз мөлдір махаббат туралы әдемі ертегі тыңдап өстік. Онда ақ боз ат мінген ханзада қарапайым қызға ғашық болып, оған аспандағы айды да алып беруге дайын болады. Өсе келе, романтикалық кино мен сериалдарды қарай бастадық. Онда да асқан сұлу және бай жігіттер момын қыздарға өлердей ғашық болып, оларды таң қалдыру үшін ессіз қылықтарға барады. Әрине, бәрі әдемі салтанатты үйлену тойымен аяқталады.

Осындай ертегіге сеніп өскен қыз қалайша өз ханзадасын күтпейді? Қалайша оны әр жігіттен іздемейді? Мейлі ол не ақ боз аты, не мерседесі, не поршесі жоқ (жігіттер өз мақаласында жазғандай) "қалыпты" жігіт болсын (бугатти жайлы сөз қозғамаймыз да).

Біз қалыпты жігіттен не күтеміз деп сұрайсыз ба? Біріншіден, шын сезім, ерекше ілтипат. Жүректен айтылған жылы сөздер, біздің өмірімізге, отбасымызға, жұмысымызға деген шынайы қызығушылық. "Әйел құлағымен жақсы көреді" деген сөз бар. Сондықтан сезімді жандандырып отыратын бір ауыз жағымды сөз ауадай қажет.

Тапсырыс бойынша ертегі, әрине, қарапайым қызды да сүйсіндіреді. Алайда, осындай тосын сыйларды тек ерекше жағдайда (алғашқы кездесу немесе сөз салу) қолданған жөн. Осы жағдайда бұл өмір бойы есте қалатыны сөзсіз.

Ал күнделікті өмірде сіздердің адал махаббаттарыңыз жеткілікті. Ал оның адалдығын әйел жүрегі әрқашан сезеді.

P.S. Ал түзелмейтін романтиктерге, сондай-ақ қыздың терезесінің алдында айтылған өлең, торттың ішіне тығылған сақина сияқты ерекше амалмен қыз жүрегін жауламақшы болған қалыпты жігіттерге айтарымыз келесі:  осындай сыйлықтарды қыздың сезіміне 100% сенімді болсаңдар ғана істеңіздерші. Басқа жағдайда, сіз байғұс қызды ыңғайсыз жағдайға қоясыздар. Бұл әрекеттер үлкен батылдықты, сондай-ақ қаражатты талап ететінін біле тұра, сіздерге қалай жоқ дейді? Алайда, жүрекке әмір жүрмейді..
оқуға ерініп отырмын, ұзаааақ екен
0 дауыс
Тосын сый, арзан әрі көңіл көтереді! Сүйіктіңіздің сүйікті шоколады мысалы алпен голдтың сыртындағы қағазын алып, жаңа қағазға сүйіктіңіздің суретін фото шоппен әсемдеп шоколадты орап қойсаңыз ж/е шоколадтың атын сүйіктіңіздің есіміне ауыстырсаңыз сүйіктіңізге ұнайды деп ойлаймын, толығырақ қалай істеу жайлы massaget.kz сайтының оң жағында 15 сәуір деп тұрады сол жерден табасың! Шоколадтың сыртын әдемііі қып жасаған, көз алдымда әлі тұр)))))
...