Кейде адам жады көп ақпаратты еске түсіре алмай қалады. Жадты жақсартудың қандай тиімді әдістері бар?
Тез ойлау мен жадты жақсарту үшін күнделікті тамақтану режимін өзгерту керек. Сонымен неден бастау керек?
1. Қантты аз қолданыңыз
Қантты жиі қолдану есте сақтаудың бұзылуына, ми көлемінің төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, қантты диабетке ғана емес, атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына әкеліп соқтырады. Артық желінген қант зат алмасуын бұзып, қандағы холестериннің мөлшерін арттырады, ішектегі микробтардың витаминдерді, әсіресе организмге қажет В12 витаминін синтездеу қабілетін төмендетеді.
2. Тамақтану рационына балық майын қосыңыз
Балық майы омега-3 қанықпаған майлы қышқылдарға бай. Адам денсаулығы үшін балық майы пайдалы. Атап айтқанда, жүрек-қан тамырларының қаупі, шаршау, алаңдаушылық және ақыл-ой қабілеттерінің бәсеңдеуін төмендетеді. Балық және балық майын тұтыну егде жастағы адамдардың есте сақтау қабілетін жақсартады.
Балық майындағы А дәрумені ағзаны тазартады, зиянды вирустарды жояды, сонымен қатар адам терісінің функциясын жаңғыртады. Көз жанарының көру әлсіздігі байқалған тұста семга балығының майымен емдеуге болады. Нәтижесі өте оңды.
3. Медитацияға уақыт табыңыз
Медитация қан қысымын төмендетеді, ауырсынуды азайтады, ағзадағы пайдалы сұр заттардың мөлшерін көбейтеді. Сондай-ақ, медитация мансап пен кәсіби деңгейге игі әсер етеді. Гугл, Дженерал милс, Таргет сияқты компанияларда медитациямен үздіксіз айналысады екен. Себебі бұл әдіс қызметкерлердің бір нәрсеге көңіл тоқтатуына және өзіне деген сенімділіктің артуына көмегін тигізеді.
4. Салмағыңызды бақылауда ұстаңыз
Семіздік – есте сақтау қабілетінің төмендетудің ең негізгі факторы. Артық салмақ мидағы жадқа байланысты өзгерістер тудырады. Өз кезегінде бұл есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ғалымдардың зерттеуінше, 18 жас пен 35 жас аралығындағы адамдар тобы үшін жоғары дене салмағы жадтың сақтау қасиетін төмендетеді.
Толық ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыздар.