Балаңызды қандай спорт үйірмесіне бересіз?

6 ұнайтын 0 ұнамайтын
604 қаралды
Егер болашақта балаңыз болса оны қандай үйірмеге жаздырар едіңіз? Не қазір балаңыз қандай үйірмеге барады? Неге дәл сол үйірмені таңдадыңыз?
Жалпы спорт сұрақ қойды | 604 қаралды

14 жауап

10 ұнайтын 0 ұнамайтын

Ұлымды хоккейге  не фристайлға

Қызымды көркем гимнастика не спорттық бальный биге)

+ екеуін де үлкен теннис ойнау мен таудан шаңғы тебуді үйретемін....

Спортпен айналысқан бала  жаман әдеттерден,еріншектіктен,бос уақытты дұрыс пайдаланбаудан қашық болады. Денсаулыққа да пайдалы.

жауап берді
6 ұнайтын 0 ұнамайтын
Бастапқыда жүзуге, кішкене өскен соң гимнастикаға, одан кейін грек-рим күресіне. Егер өзі ұнатқан спорт түрін таңдап жатса, өзі біледі ғой. Маған десе керлинг ойнасын :)
жауап берді
6 ұнайтын 0 ұнамайтын
Мен баламды ес жиғаннан бастап өзім арнайы бос уақыт тауып балама шахмат ойынынын үйрететін едім. Арнайы шахмат үйірмелеріне қатыстыратын едім. Салауатты өмір салтына келсек қазақша күреске беретін едім. Өзін-өзі қорғай алатын, шымыр болып өсуі үшін.
жауап берді
7 ұнайтын 0 ұнамайтын

.Ең бастысы баланың сабағына әсер етпеуі керек. Сабақтан көшпей жүрген спортсменнен не пайда? Ер баланы футбол, теннис немесе жүзуге берген жақсы сияқты. Ал қыз баланы өнерге("би, домбыра, ән айту) жақын ұстаған жақсы. Ең бастысы балаң үйде бос жатпау керек, уақытын тиімді пайдалануға үйренеді.

жауап берді
6 ұнайтын 0 ұнамайтын
Сүннет амал деп саналатын спорт түрлерінің үйірмелеріне беремін. Олар: садақ ату, жүгіру, күресу, ат спорты түрлері. Тағы футбол, спорттық нимнастика және қысқы спорт түрлері үйірмесіне берер едім. Бірақ соңғысының кез-келген жерден табылмайтыны бар.

Біреудің жағын айырып, бетінен ұрып-соғатын, тебетін спорт түрлеріне бермеймін.
жауап берді
6 ұнайтын 0 ұнамайтын

Күрес пен футболға берер едім.

жауап берді
6 ұнайтын 0 ұнамайтын
гимнастикаға, жеңіл атлетикаға
жауап берді
7 ұнайтын 0 ұнамайтын
Өзім бірнеше жыл Еркін күреспен шұғылдандым мен жетпеген шыңға ұлым шықсын деп Еркін күреске берер едім
жауап берді

Жақсы жауап,әке арманы.

6 ұнайтын 0 ұнамайтын

Жудо күресіне берер ем, жақсы спорт түрі, киімі де ыңғайлы!

жауап берді
Kiimi yngaily ekeni ras koi judonyn, birak bir aita ketetin masele sensei islamnan habary bolsa jaksy, sebebi isteuge bolmaityn narseler bar goi(mysali rei), sony da eskeru kerek, mysalga menin trenerim namaz okityn edi (sondyktan jasamaityn em men rei).
4 ұнайтын 0 ұнамайтын

Күрес пен футболға берем.............................................

жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

Онлайн Чат
116,035 сұрақ
294,379 жауап
152,841 пікір
60,350 қолданушы