ЭФИР МАЙЛАРЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ
Өмір қуаты, өсімдіктердің жаны деп эфир майларын қалай ғана атамаймыз. Оларда әр алуан қасиеттердің қырлары бар, олардың көпшілігі өмірдің белгілі бір жағдайларында адамға пайдасын тигізуі мүмкін.
ХОШ ИІСТІ ТЕРАПИЯМЕН ТАНЫСУ
Әр алуан физикалық әдістерді қолдана отырып, адам ағзасына құнарландырылған ұшпа заттардың әсер ету әдістері туралы мағлұматтар жиынтығын хош иісті терапия деп атайды. Хош иісті терапия емдік мақсатта да, косметикалық мақсатта да қолданылады, тамаша босаңсу құралы болып табылады. Хош иісті терапияны қолдану әдістері көптеп саналады: бұл хош иісті шамдар, хош иісті ванна, хош иісті массаж. Эфир майларынан жекелеген әтір де дайындауға болады, алайда иісті де абайлап пайдаланған жөн. Біріншіден, эфир майының иісін ұзақ иіскеу иіс аса құнарландырылғандықтан және оның адамға беретін әсері шынымен зор болғандықтан бас айналуын, тіпті жүрек айнуын тудыруы мүмкін. Екіншіден, кез келген адам терісіне эфир майын жағып жүре алмайды. Майды теріге бірінші рет жағып көру керек. Күйдіру, қышыту, қыздыру сезімдері пайда болуы мүмкін. Бұл белгілер жоқ болған кезде және өзін-өзі сезіну дұрыс болса, ұнаған иісті денеге жағуға болады.
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Эфир майларына құрметпен қарау керек. Эфир майының иісіне біртіндеп үйренген дұрыс. Сондықтан, хош иісті ваннаның немесе массаждың бірінші сеансы 10 минуттан аспауы керек. Аннотациясын мұқият оқып, эфир майының алғашқы тамшысының әсерін жақсылап талдау керек. Аннотация немесе арнайы әдебиеттерден эфир майларының мүмкін болатын жанама әсерлері туралы білу керек. Мысалы, бал қарағай және жебір алкогольмен үйлеспейді, жалбыз жыныстық құштарлықты әлсіретеді, иристі тек дененің сыртына пайдаланады, ал кассия жүктіліктің бірінші кезеңінде жақпайды. Егер сіз темір және йод препараттарын қолданып жүрсеңіз, пачуляны жүктіліктің бар ағымында қолдануға болмайды. Сандалға бүйрек аурулары кезінде жол беруге болмайды, иланг-иланг қан қысымын түсіріп, аллергия тудыруы мүмкін. Соған қарамастан, эфир майлары жүйке және эндокринді жүйелерді реттейді, өмірлік қуатты толтырып, уытты шығарады. Өзіңізге ұнаған иістерді абайлап таңдау және оларды толық зерделеп, дұрыс қолдану сізге хош иісті терапияның бар мүмкіндігін толық бағалауға мүмкіндік береді.
КЕЙБІР ЭФИР МАЙЛАРЫНЫҢ
ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ТІЗІМІ
Апельсиннің қабынуға қарсы, несеп шығарушы, өт айдаушы және спазмолитикалық әсері бар. Асқазан-ішек жұмысын реттейді.
Бергамоттың күйзеліске қарсы, антисептикалық, спазмолитикалық, ыстық түсіретін қасиеттері бар. Бергамоттың антисептикалық қасиеттері эвкалипт және шалфей майларымен үйлескенде айтарлықтай күшейеді. Псориаз және экземаны емдеуде қолданылады. Шашты беріктендіріп, қайызғақты кетіреді. Ойлаудың шығармашылық жағын белсендіреді.
Ваниль ас қорытуды жақсартады. Қышқылдықты қалыпқа келтіреді. Алкогольдің әсерін бейтараптандырады. Жұмыс қабілетін арттырып, алкогольге деген жиіркенішті сезімді тудырады, етеккірді реттейді.Ұйқыны қалыпқа келтіреді, тыныштандырады.
Жасминнің қабынуға қарсы, ауруды сездірмейтін, спазмолитикалық және қақырық шығаратын қасиеті бар. Ішкі секреция бездерінің жұмысын реттейді. Етеккір циклін қалыпқа келтіреді. Босануды жеңілдетеді. Сүт шығаруға көмектеседі. Босанғаннан кейін күш-қуатты қалпына келтіреді. Өзіне деген сенімділік сезімін нығайтады. Сезімділікті арттырады. Қарлыққан кезде дауысты қалпына келтіреді.
Иланг-илангтің күшті күйзеліске қарсы, тартылуға қарсы, антисептикалық, седативті, жалпы күш-қуатты көтеретін қасиеті бар. Қан қысымын қалыпқа келтіреді. Бас ауруын азайтады. Етеккір циклін қалыпқа келтіреді. Аритмия, жүректің ишемиялық аурулары кезінде көмектеседі. Жыныстық белсенділікті тудырады. Май бездерінің жұмысын реттейді. Проблемалы тері кезінде тиімді. Безеу, экзема және дерматозды емдеу кезінде қолданылады. Шаш пен тырнақты нығайтады.
Куркуманың ауруды сездірмейтін, антисептикалық, жараны жазатын, спазмолитикалық, антипаразиттік, ферментативтік және өт айдаушы қасиеттері бар. Бауыр жасушаларын қалпына келтіреді. Ас қорытуды қалыпқа келтіреді. Ұйыған қандардың тартылуына әсер етеді.
Ладанның антисептикалық, қабынуға қарсы, несеп шығару, седативті, қақырық шығару, релаксациялық қасиеттері бар. Проб-
лемалық тері кезінде көмектеседі. Ас қорытуды жақсартады. Жағымсыз эмоцияларды жояды. Күйзеліс және жабығу жағдайында көмектеседі.
Мирра ас қорытуды жақсартады, асқазан шырынының қышқылдығын реттейді. Ауыздан шығатын жағымсыз иісті кетіреді.
Раушан қан айналымы және гормондық тепе-теңдік бұзылған кезде өте тиімді. Асқазан-ішек жұмысын реттейді. Май және тер бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Тамыр қабырғаларындағы бұлшық еттерді нығайтады.
Пачули тіндердің жаңаруын жылдамдатады. Тәбетті төмендетеді. Иммундық жүйені нығайтады.
Қарағайдың қабынуға қарсы, спазмолитикалық, антиоксиданттық, ауруды сездірмейтін, қақырық түсіретін, өт айдаушы әсер беретін қасиеттері бар. Антисептикалық құрал несеп шығару және өт жолдары үшін. Тастарды ерітіп, қуықтан және бүйректен құмдарды шығарады, кіші жамбастың қан айналымын жақсартады. Бронх-өкпелік және жүрек-тамыр жүйелеріне жағымды әсері бар. Денедегі уыттың тері арқылы шығуына әсер етеді. Дененің жоғары қызуын түсіреді.
Эвкалипттің антисептикалық, вирусқа қарсы, спазмолитикалық, ауруды сездірмейтін, қақырық түсіретін, несеп шығаратын, ыстық түсіретін, тер шығаратын қасиетері бар. Бас ауруы және невралгия кезінде жақсы көмектеседі. Стафилокок¬тық және стрептококтық инфекция кезінде тиімді. Эфир майларының түрлері мен қасиеттері мол, қажеттісін таңдау өз қолыңызда. Хош иісті терапия қоршаған ортаны жаңадан сезінудің тамаша мүмкіндігін береді, яғни бұл мүмкіндікке немқұрайды қараған дұрыс емес.
http://www.zhardem.kz/news/1298615462.html