Денсаулық, Әдемілік | 69.8k қаралды
69.8k қаралды
Босанатын күнім жақындап қалды,үшінші бала болсада уайымдап жүрмін,ақыл кеңестеріңіз болса деймін.Жасым 29ға келеді жақында, баланы катарынан туғаныма таныстардан ұялып жүрмін.Қазір көп бала туатын заман емес сияқты соған қарағанда.Үшінші балаға елдер шошиды.Жұрттың сөзінен шаршадым.Толғақ жеңіл болуына айналадағы туыс таныстарың да жақсы көңіл күй сыйласа жақсы жеңіл әсері бар дейтін еді.арине бәрінен бұрын жолдасым қуанып жүр ғой деп өз өзімді жұбатып қоямын,бірақ қоғам деген бар емеспе.аллаға шүкір бір ұл ,бір қызым бар арасы екі жастан,аяқ астынан көтергесін баланы алдырмай тууға бел байладым.Жеке екі бөлмелі пәтерімізде бар,жалақымызда жаман емес.Бірақ неге елдің сөзі көңілімде қалад соны түсінбей ақ қойдым.Өзімді жақсы тура жолмен жүрмін деп ойлаймын негізі.Егер жаман жолға түсіп жүрсем маған бұлай ешкім ақыл айтпас еді деп ойлап қоям.бәрі сыртымнан мысқылдайды ғой онда.

11 жауап

ел айта беред. балаларыныз коп болган жаксы гой негизи. жаттугалар жасап турыныз кобине озинизди катты шаршатып алманыз. кимылдамай жатып алуга болмайды бала туатын кезде ауыр болады деп естигем.
Рахмет,бірақ тек қана жылы лебіздер естігім келіп тұрады.
Балаларыңыз көп болсын!!! Толғағыңыз жеңіл болсын!!! Халық айта берді ғой. Қайткенмен, ҚАЗАҚпызғой .
Назия әпкесі жұрт не демейді дейсіз... Қайта қуанбайсыз ба, бастысы балаңыз бен сіздің денсаулығыңыз мықты болсын. Шыны керек сөзімді неден бастарымды білмей қобалжып отырмын. Біз жанұяда 4 ағайындымыз, 1 әпкем 2 інім бар. Қайта бір бірімізге бауырмал болып өстік. Қазақта жақсы сөз бар ғой: "Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады, бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады"-дегендей дендері сау болсын. Бәрі жақсы болады, әр баланың өз несібесі бар. Қайтаға өзгелер сізден үлгі алсын, еш мойымай көп баланың анасы атанып отқандығыңызға.
Тура осы жағдай 2000 жылы өз басымнан да өткен. Ушінші баламды көтергенде , және УЗИ ге барып ұл екенін білгенде тек жолдасыммен , улкен ұлым қатты қуанып, ал қызым болса," мама  осыдан кейін қыз тушы, менде ағам бар енді інім болады, сіңлім де болсыншы " деп айтқан.Қазір, құдайға шүкір біреулерден  (кезінде маған үшінші баланың не керегі  бар дегендер) артық болмасақ кем емеспіз! Жұрттың сөзін көңліңе алма, асырыап , тәрбиелейтін солар ма? мүмкін басыңдағы бақытыңды қызғанатын да шығар!.Ең бастысы өз отбасың қолдаса болды.Уақыт лезде өтеді, қиындықтың бәрін ұмытып,баларыңның қалай ер жеткенін байқамай да қаласың! Босанғанда тек акушерлердің айтқанын тыңда,денсаулығыңда ақау болмаса үшінші босану ғой, оп оңай босанып аласың. Тек алда жақсылық ,үлкен қуаныш болады деп ойла,өзіде солай болғалы тұр емес пе? Аман-есен босануыңа  тілектеспін!

Назия, қандай жақсы ана едің, сөздеріңді оқып қуанып отырмын. Қазағымның бар қыздыры өзіңдей болып, сенен үлгі алса не деген бақыт болар еді.

Жарайсын Назипа,3-шы баланы туамын деп қайғырма,6-7 бала тууды мақсат ет.Ел не десе сол десін.Біздің батыр аналарымыз 10-12 баланы дүниеге акелген.Біздегі МЕДИЦИНА ХАЛЫҚҚА  КЕРЕҒАР ПІКІР ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН:ОЙБАЙ ТУА АЛМАЙСЫН,ДЕП СКАПЕЛЬДЕРІН КЕСЕРЕВОҒА ДАЙЫНДАП ҚОЯДЫ.ҚАЗІР ЕМШЕК,ЖАТЫРДЫҢ РАГЫНЫҢ БІРДЕН-БІР КОБЕЙІП КЕТУІ ДЕ АЙЕЛДЕРДІҢ ТУУЫНЫҢ ТОҚТАТЫП ТАСТАҒАНДЫҚТАН ДЕП ОЙЛАЙМЫН.
Маған уақытын бөліп жылы лебізін білдірген жандарға алғысым шексіз.шынымен бұндай жауаптар күтпеп едім.
Ой менин жасым отызда. Буйырса бесиншисин босангалы отырмын. Жолдасым да озим де жогары билимди адамдармыз, отбасымызда бари жетеди, неге босанбаска алла берип турганда? Маган да елдин айтпай жургени жок, коре алмаушылык деп ойлаймын. Кетсин ари бари тек балаларым аман болып бир бирине бауырмал болып оссин деп тилеймин.
Саламатсыздарма! Керемет тилектер, кенестер! Менин де биринши сабиимди колыма алатын уакыт жакын буйырса кутип отырмын!! Бирак кун жакындаган сайын да кобалжу уайымдау Басым болып барад! )( тажирибели аналар маган кенес бериниздерши! Калай женил босана алам! Демалу ережелери кандай?! Алдын ала рахмет!!!
Салеметсиздерме.жасым 20да.екиншиме екикабатпын.маган срок 16,шы октябрь деп берген...бугин толгатып отырмын бирак шырышты Кан тускен жок астымнан.жарты сагат сайын толгак кеп жатыр...айтыныздаршы отиниш бул толгакпа алде отирик толгакпа..
Менің сұрағым бар жасым 25 де биринши жүктілік. Әрине қуанып жүрмін бірақ қазір 38 апта.  Толғақ қалай болатынын білмеймін оның үстіне тезірек босанғым келеді өзім сонғы күндері мінезім басқаша боқып жүр жауап беріңіздерші
менин жасым 25те 4балам бар 5шисине аягым ауыр журт айта ьереди я тындамау керек Алланын берген сыйыгой кейбиреулерде олда жок зар жылап жур Алла барине Саби насип етсин. Аллага шукир брак толгак катты содан копкамын мен . Шукир Алла деп омир сурп жатырк. уайымдаманыз бари кушти болады

Ұқсас сұрақтар

118,354 сұрақ
305,191 жауап
153,292 пікір
67,545 қолданушы