0 дауыс
65.5k көрілді
салем достар. мен ғылыми жоба қорғамақшы едім. қазақ әдебиетіндегі фантастика жанры деген тақырыпта. достар мүмкіндігінше маған әдебиетіміздегі фантастика жанрына  қатысты материалдар болса бөлісейік. немесе [email protected] - ға хабарласыңыздар. Көмек күтем, достар=)))

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлеміне қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады. Бүгінгі мәдениеттің бет алысына зер салсаңыз, фантастикалық жанрдың жоғалып кету алдында тұрғанын көресіз. Осыдан кейін «Қалың кітаптардың заманы өтті дейміз, ендеше шағын фантастикалық кітаптардың дәуірі неге тумай жатыр? Жастар неге ғылыми фантастикаға бармайды?» деген сауалдар туындайды.
Бұл - фантастика жанры мүлдем тоқырады, тозып бітті деген сөз емес. Бұл жанрда аздап болсын, қалам тартып жүрген жастар да бар. Мәселен, Қойшыбай Мүбарак, Мақсат Рамазанұлы секілді. Бірақ бұлардікі ғылыми емес, мистикалық фантастика. Неге мистика? Себебі белгілі. Ғылым мен техника қазір өзінің шырқау шыңына шығып болды деуге болады. Ешкімнің санасын ғылыми техниканың құдіретімен қызықтыра алмайсың. Ұялы телефон, компьютер шыққалы тіпті қызықсыз. Оның орнына мистиканың күні туып тұр.
Амалсыз өткенді шоласың. Қазақ фантастикасы дегенде - жазушы-фантаст әрі ірі ғалым Ақжан Машани атамыздың «Жер астына саяхат» атты ғылыми-фантастикалық кітабы алдымен аузымызға оралады. 1957 жылы жарық көрген осы кітап қазақ ғылыми фантастикасына жол ашты деуге болады. Осыдан кейін фантастиканы «қазақ әдебиетіндегі кенже дамыған балауса жанр» деп жүргендермен амалсыз келісуге тура келеді. Орыстағыдай 20-40 жылдары бізде фантастика жанры болмағаны рас. Ғарышқа адам баласының ұшуы бұл жанрға да қанат бітіргені сөзсіз. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары фантаст-жазушылар Шәмшідин Әбдіраман, Шоқан Әлімбаев, Талап Сұлтанбеков, Раушанбек Бектібаев, Жүніс Сахиев, Медеу Сәрсеке, Абдулхамит Марқабаев, Төлеу Шаханов, Төлеш Сүлейменовтердің осы жанрда елеулі туындылар бергенін көреміз. Фантастардың бірі ауыл болашағын, қойшы қауымның қиын-қыстау өмірін жеңілдетудің жолын іздесе, бірі адам баласының жарқын болашағын суреттеді. Бірі ғылымның сан-саласының келешегіне ой жүгіртіп, автомобильдің озық үлгісін тілге тиек етті. Ішінде Египет перғауындарының құпия істерінің мәнін ашуға арналғандары да бар. Не керек, сан алуан тақырыптарды қоздатқан фантастарымыз оқырмандардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттырып, құштарлығын оятқаны, танымдарын байытқаны сөзсіз. Ол кез де заулап өте шықты. Аталған кісілердің біразы көз жұмса, төрт-бесеуден аспайтын көзі тірілері фантастиканы тастап, ғылыммен шұғылданып кетті.
Қарап отырсаңыз, ғылыми фантастикамен шұғылданғандардың көбісі ғылымның бір саласын нақты игерген адамдар болып шығады. Ақжан әл Машаниды алайық. Геология ғылымының ірі маманы, профессор. Шәмшидин Әбдіраман - техника ғылымының кандидаты, педагогика ғылымының докторы. Жүніс Сахиев - КСРО Ғылым академиясы астрономиягеодезия қоғамының толық мүшесі. Басқалары да солай кете береді. Бұдан ғылыми фантастика үшін жалғыз жазушылық талант жеткіліксіз екеніне көзіңіз жетеді. Ғылыми фантастикаға қалам тартушылардың бір жағынан көрінбей жатқаны да осыдан болар. Ғылыми фантастика, расында да, өте күрделі жанр екендігіне дау жоқ. Құрғақ қиялмен алысқа бара алмайсың. Ғылыми идеяң дәл қазір болмаса да, болашақта жүзеге асатындай шындыққа сай болмаса, оқырманды иландыруың қиын.
Сонымен болашақта фантастика жанры ғылымилықтан ажырап, біржола мистикаға көше ме? Тап басып айту қиын, әрине. Көбіміздің ғылыми фантастика дегенді тек жұлдызды әлеммен, ғарышқа барумен, өзге өркениет әлемінен ұшып келетіндермен шектеп қоятынымыз да бар. Қазіргі фантастика, біздіңше, тек күллі адамзатқа ортақ нәрселерге еліге бермей, қазақтың ұлттық тақырыптарына да батыл бару керек сияқты. Өткен тарихымыздың өзі, біле білсек, бүгінде фантастикаға айналды ғой. Сонда бәлкім, қазақ фантастикасының күні қайта туар.
Осындайда қазақ ғылыми фантастикасында жұлдыздай ағып өткен Шоқан Әлімбаевтың романдары орыс тілінде жазылса да, қазақ дәстүрін қозғауымен құнды екені ойға оралады. Ең күрделі тақырыптарға, адамның басындағы миының ұңғыл-шұңғылдарына үңілген жазушының шығармалары кезінде орыстілді оқырмандардың қызығушылығымен қатар қызғанышын да тудырған. Бұл орайда оның «Данышпандық субстанциясы», «Данышпандық альфасы», «Данышпандық формуласы» ғылыми-фантастикалық триптихтерін айтып отырмыз.
Қазақстан Жазушылар одағында фантастика секциясы жұмыс істегенмен, съезд мінбесінен сөз сөйлеген жазушы-фантасты өз басымыз көрмеппіз. БАҚ бетінен де фантастикалық әңгімелер тауып оқу - қиынның қиыны. Осыған қарап, қазақ фантастикасының күні біржола бітті деуге болмас. Адам баласының арман-мақсаты, қиял кеңістігі таусылған ба?! Мәңгі уылжыған жас күйімізде қалсақ, қартаймайтын дәрі ойлап тапсақ деп жүргендердің де идеясы - алда да көкейкесті мәселе болып қала бермек. Не десек те, фантастарымыз санаулы болғанымен, фантастика жанры - мәңгілік қой.
иа бұлармен жалпы таныспын, көмегініңізге рахмет! тағы да қазіргі жастар арасындағы фантастар болса, көбірек)))
0 дауыс
Негізі фантастика адамдардың ой өрісінің дамуына, рухани жетілуіне өте керек. Мен қысқаша айта кетейін,  ертегілерді қарауды детский деп санайтын,  кино және де басқа өзінің жасынына тым ерте жасөспірімдердің ой өрістері дамымаған,  жетілмеген,  жан жақты ойлай алмайды . Сол үшін қияли әлемнің болуының маңызы зор.
0 дауыс
Тапсаңдар айтыңдар
...