+4 дауыс
2.8k көрілді

Құрметті достар, сайтымыздың қолданушылары! Отан қорғаушылар Күніне арналған құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалисттерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге тілейтініміз дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік!  Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Құттықтау тілегі https://surak.baribar.kz/293170/ алынды. Айданаға алғыс айтамыз.

3 жауап

0 дауыс
Нұрекең құтықтайтын болар, көк тиын еңбегі сіңбеген отан қорғаушыларды, соны көшіріп алсаңшы,бәрібір одан ешкім озбайды.
0 дауыс

 

 

 

Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

 

+2 дауыс
Бірге болсын! )))            .....
...