+2 дауыс
267k көрілді

7 мамыр Отанды қорғаушылар күні

7 мамыр Отанды қорғаушылар күніне арналған құттықтау тілектер керек еді. Осы алдаы келе жатқан мереке күнге арнап сайттағы жігіттерімізді құттықтап қоятындай. Жақсы жақсы құттықтау тілектерді сұрақтың астында қалдырып кетсеңіздер.

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Құрметті тарандықтар! Отан қорғаушылар Күніне арналған құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалисттерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге тілейтініміз дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік!  Мерекелеріңіз құтты болсын!
+6 дауыс
1 Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын

2 Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

3 Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады.

4 Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан басына қош келдіңіздер!

5 Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.

6 Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер.

7 Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын.

8 Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей сүйікті болыңыздар. Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін.
+4 дауыс

Отан қорғаушылар күніне тілектер 

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып,  зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!


Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.


Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!


- Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген  аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз.                      

*
Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз!

*
Бар өмірін әскери іске арнап,  күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.


Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғаның естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын!
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:
- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.
Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жауға тастамайтын қазақтың жауынгерлерінің достығын тілеймін.

Ақпарат мына жерден алынды http://www.kuttybolsyn.kz/573-otan-oraushylar-knne-tlekter.html

0 дауыс

Он бес ауыл жылап жатыр дерт емiп,
Он бесiне күлдi жаптық көрпе ғып.
Шыжғырылып кетер едiк өзiмiз,
Он бесiмен шындық кеттi өртенiп.

Он бес үйдiң опырылды ошағы,
Қайда қалды қайратты елдiң жағасы.
Өздерiн де, өзгенi де сендiрмес,
Өтiрiктен өлi шындық жасады.

Шекарада шындық кеттi шетiнеп,
Тасбауыр боп өсер қозы жетiмек.
Он бес үйдiң орны қалды күл болып,
Он бес ауыз сөз айтпады өкiмет.

Қайтем патша кемшiлiгiн түзетiп.
Тек тiлiмдi кезей берем бiз етiп.
Майдандаспай мерт болғаны күдiктi,
Мемлекетсiз шекараны күзетiп.

Аласұрып, күйiн кешем бақсының,
Бұл да сiрә бола қоймас жақсы ырым.
Керегi не мемлекетсiз бұл елдiң
Шекарасын күзетуге сақшының.

Өтiрiктен құралса ел – зор қайғы,
Түбi бiздi сол өтiрiк жалмайды.
Бұған дейiн мемлекет те болмаған,
Ендi бiзде шекара да болмайды!

0 дауыс

ЖАралады бызді неге қаншама жүз кеттік өкіметте жез қалды неге қаншама адам тырысу керек неге қыздар барып көмектеспейді көмектесіп тіры қалу шедік неге шабуыл жасау керек ол бізге керек жоқ соғыс, неге соғысады бір бірін өлтіріп неееегееее әкееем осыдан бұрын жаза болған

...