+2 дауыс
49.7k көрілді
Болашақ бүгіннен басталады деген тақырыпқа шығарма керек өтініш немесе Елімнің ертені деген тақырыпқа міндетті турде Жақсы Жауап басылады

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Болашақ бүгіннен басталады деп тегін айтылмаған. Біздің болашағымыз балаларымыз, сондықтан оларға тәрбие беру, зиянды әдет- қылықтардан аулақтандыру сізбен бізге ортақ іс.
Құрметті ата аналар!

Сіз ата- анасыз. Сіз өз балаңызды сүйесіз және оған бақыт пен жақсылық тілейсіз. Сіз балаңызды зиян келтіретін нәрсенің бәрінен қорғауға әзірсіз. Олай болса, оны зиянды әдеттерден де сақтандырыңыз. Зиянды заттарға не жатады? деген сауалға жауап іздесек:   Олар есірткі, нашақорлық. Есірткі деген не? Осы сөздің кең мағынасында  бұл адамның санасын өзгертетін, миына әсер ететін және әдеттенуіне әкелетін заттардың үлкен тобы: есірткі заттар( марихуана ,героин, апиын секілді т.б.); улы заттар(желім, бензин және т. б).  Кейбір дәрі- дәрмектер; ішімдік (оның ішінде сыра да) және темекі(ең көп таралған есірткі) Адам қандай болмасын, бай немесе кедей, жас немесе егде болсын, есірткі қандай жеңіл немесе ауыр болмасын,ол қандай тәсілмен қолданылмасын темекі тарту, демді ішке жұту, ішу  және күре тамыр арқылы жіберу нәтижесі біреу ғана бостандығы мен өзін жоғалту. Сіздің балаңыз есейген сайын ешкімге де тәуелді болмай, өзін- өзі күте алатын болады. Бірақ темекі шегудің зияны туралы алғашқы пайдалы кеңесті олар тек сізден естуі тиіс.Балаңызбен темекі шегу мәселесін талқылау сіздің темекі шегу немесе шекпеуіңізге ғана байланысты емес. Балаңыз неғұрлым есейген сайын бұл тақырыпқа әңгімелесу соғұрлым күрделі болмақ Ата- ана болғандықтан, біздің әрқайсымыз баламызға темекінің ешқандай да пайдасы жоқтығын түсіндіре аламыз және түсіндіруге тиіспіз.Темекі шегу балалар мен жасөспірімдердің өсуіне кері әсер етеді. Олардың ағзасы никотинді тез қабылдайды және оған жылдам үйір болады. Балалар әлжуаз, салмағы төмен болып келеді.Темекі шегуді ерте бастағандар кәмелетке толар- толмастан аурудың соңғы ауыр кезеңі никотинизимге ағзаның никотинмен улануына жетуі ықтимал Оның басты белгілері – ашушаңдық, жұмыс қаблетінің төмендеуі, жөтелу және ұйқы мен тамаққа тәбеттің қашуы, асқазан- ішек жолдары жұмысының бұзылуы,  оқу үлгерімінің төмендеуі және дене бітімінің қалыптан ауытқуы мұның бәрі балалық шақта темекі шегудің залалы яғни зияны.Балалар неліктен темекі шегеді деген сұрақтың жауабын іздеп көрелік: 1)әуестік, яғни үлкендер мен өз құрбыларының темекі шеккенін көрген бала темекі дәмін өзі тартып көргісі келеді. Балалардың 19- 25% темекіні шегуді әуестіктен бастайды. 2) Еліктеу; 3) темекі шегуші ата ананың әсері; 4) өз құрбыларынан қалмауға ұмтылу.

Құрбылар әсері орасан зор. Неғұрлым белсенді және бастампаз жасөспірім өзгелерді өз соңынан ерту үшін бәрін де істеуге әзір. Жасөспірімдердің көпшілігі жалпы ағымға еріп, құрбылар тобынан бөлініп қалмау үшін «көппен көрген ұлы той» деп, көпшіліктің әуеніне беріледі. Киіну әдебі, шаш қою, түрлі дене мүшелерін тесу, т. б . сондай әдеттерге ұмтылу соларға тән мінез-  құлықтар көрінісі. Темекі шегуде осы қатарға қосылады.

Бала біздің болашағымыз демекші мен сіздерге мынандай бірнеше кеңес ұсынғым келеді:

    Балаңызды жиі мақтаңыз, үйде және қоғамдық ортада. Балаңыздың кез келген талабын мадақтаңыз және өз беделін өсіруге, өзін- өзі сүйе білуге баулыңыз. Ол сіздің мақтан еткеніңізді білсін.
    Егер сіз балаңызға қатты ашулансаңыз, алдымен сабыр сақтаңыз, отырып асықпай жәйімен сөйлесіңіз.
    Балаңызға әділ болыңыз, оған толық сенетініңізді сезінсін. Сенімсіздік кері әсер етіп, негізсіз кінә таққан жайтқа апарып ұрындыруы мүмкін. Балаңыз өзін сүйетініңізді сенімді болсын, бұл туралы балаңызға жиі айтыңыз.
    Балаңызбен мүмкіндігінше көбірек сөйлесіңіз.
    Өзіңіз және шаруаңыз жайлы айтыңыз.
    Балаңыздың айтайын дегенін толық тыңдаңыз.
    Әңгіме тақырыбын таңдауда қиындық туса, екеуіңізге де жеңілінен бастаңыз: жаңалықтар, спорт, мектептегі жағдай туралы, достары жайлы т. б.
    Кешке жиі- жиі бірге тамақтаныңыз.
    Балаңызбен ең кем дегенде күніне бір рет әңгімелесіңіз
    Балаңыздың барлық достарын білгеніңіз жөн, мүмкіндігінше олардың ата- аналарымен танысыңыз
    Балаңыздың қазір мектепте не өтіп жатқанын біліңіз
    Ата- аналар жиналысына қатысыңыз, бұл басқа ата- аналармен танысудың тиімді жолы.

Осы кеңестерді сақтасаңыз, сіз балаңыздың санасына өзіне өзінің сенімділігін және өзін- өзі құрметтеу сезімін біртіндеп сіңіре бересіз.

Балаңыздың өміріне қызығушылық танытыңыз оның өмірімен біте қайнасып,нені қызықтайтынын білу өте маңызды. Балаңызды қаншалықты жақсы білсеңіз,туындаған қиындықтарды да соншалықты оңай шешуге болады. Бала өзін жалғыз сезінбеуі тиіс, ол сіздің ықыласыңызды қамқорлығыңыз бен махаббатыңызды үнемі сезінуі қажет. Барлық жағынан да жетілген ата- ана да бала да болмайды, өз қателігіңізді мойындаудан тартынбаңыз және балаңызды жақсы көретініңізді жиі- жиі қайталаудан қорықпаңыз. Сөзімді қорыта келе Шәкәрім атамыздың мына сөзімен аяқтағым келеді:

Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы атадан, жақсы анадан, жақсы құрбыдан, жақсы ұстаздан демекпін.
0 дауыс

Болашақ бүгіннен басталады

Сонау 90-жылдары Кеңес Одағынан бөлініп шығып, қазақ халқы бөлек ел болып қалыптаса бастаған кез жаһандану саясатына тұспа-тұс келді. Жаһандану саны аз ұлттар үшін қасірет әкелуі мүмкін.бәсекеге қабілетті ұлттар ғана өз болмысын сақтап қала алады. Экономикасы әлсіз елдер тұралап қалатыны да белгілі.

Қазақ халқы үшін Кеңес Одағының құрамында болған жылдардың өзі оңай болған жоқ. Кең байтақ жерімізге, орасан мол қоры бар қазба байлықтарымызға қызыққан отарлаушылар қазақты айтса болды, айдауға жүретіндей момақан, менің жөнім бөлек деп отырмайтындай менталитеті әлсіз, ысқырса болды ығына жығыла қоятын жігерсіз ұлтқа айналдыруға тырысты. Осының әсерінен ондаған жылдар бойы ұлтсыздану, рухсыздану идеологиясын жүргізді.

Жаңа ғасырға аяқ басып, тарихтың жаңа парақтарын ашқан кезде бұл жаһандану «цунами» сияқты алапаттай көрінді. Оған қарсы тұрып, ұлт болып ұйысып, жұдырықтай жұмылып даярлансақ, қауіп қай жақтан екенін әрбір азаматымыз білсе, соған сәйкес іс-әрекет жасасақ жұтылып кете қоймаспыз.      Қазір Қазақстанда дамыған 50 елдің қатарына қосыламыз деген стратегиялық жоспар бар. Өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып енгіміз келсе, ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, оған қосымша, әсіресе қазақ жастары жаппай білімді, жаппай зиялы болуы керек. Мысалы, жапон халқы соңғы онжылдықтарда әлемді жаңа технологияларды жедел меңгергенділігімен аузына қаратып, болашағы жарқын көшбасшы мемлекеттердің бірі атанды. Немістер тиянақтылығымен, бір сөздігімен дараланды. Ал біз тәуелсіздік алғалы бері қонақжайлығымызбен төрткүл дүние жүзіне танылдық. Бірақ бұл аз. Біз Қазақстан жастары білім мен техниканы, осы заманғы технологияларды ұршықша иіретіндей болуға тиіспіз. Біз экономиканың қай саласынан болса да сырттан маман шақырмай, өз ұлтымыздың өкілдері, тек қана қазақстандықтар атқаратындай дәрежеге жетуге міндеттіміз. Осы мақсатта алғаш 1994 жылы 187 степендиант студенттер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберілді. Осы бағдарлама аясында қаншама қазақ жастары жыл сайын әлемнің алпауыт елдеріндегі небір мықты жоғары оқу орындарында тәжірбе алмасып келуде. Осы бағдарлама арқылы қаншама жастар оқып келіп, қазіргі экономиканың қарқынды дамуына өз үлестерін қосуда.

Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір. Әрбір жас жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Соңғы жылдары мектеп бітіруші жас түлектердің мамандық таңдаудағы шешімдері мынаны анықтады. Жастардың сапалы білім алуға ұмтылысы – қазақстандық қоғамға тән бет бұрыс. Кейінгі уақытта жастарда болашақ мамандықтарын таңдауда жоғары деңгейдегі талғампаздық пен белгілі бір салмақтылық байқалады. Олар нақты терең білім мен кәсіби мамандық алуды көздейді. Себебі, жастар келешекте өзін және өз жақындарын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін, өз жұмысынан шынайы қанағаттануға мүмкіндік беретін мамандықты игергісі келеді. Сапалы білімі бар, жаңа технологияны игерген, халықаралық еңбек нарығына сәйкес мамандарды дайындап, шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысты азайтып, ел экономикасына жаңа серпін беріп, тұрақты дамуды қамтамасыз ету бүгінгі білімдар, көзі ашық жастар қолында. Осыған орай «Болашақ» бағдарламасы түлектерін шетелде алған білімдеріне сәйкес ел экономикасының басымдылыққа ие салаларына жұмысқа орналастыруда. Бұл жастар өздері білім алып келген мемлекеттің экономикалық моделін, даму ерекшеліктерінен хабардар. Осының өзі болашақта пайдасы тиері сөзсіз.

Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Мына жас мемлекетіміздің болашағы біздің қолымызда. Аға буын жоқтан бар жасап осы күнге жеткізді. Ендігі міндет білім нәрімен сусындаған мына біздін қолымызда. Мен өз ата-бабамның дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге дайын боламын. Өз елімнің патриоты және Қазақстанның одан сайын гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Бұл әлемде ең бастысы біздің қай жерде тұрғанымыз емес, қандай бағытта жылжып келе жатқанымыз. Болашағылыздың кемелді болуы біздің қолымызда, ал мен болашақта елімді көркейтуге нық сенімдімін.

Иванқызы Шұғыла

0 дауыс

Елімнің ертеңіне сенемін

Ел мен жер, өмір мен болашақ туралы ойланбайтын адам бар ма? Мынау жұмыр жерді мекен етіп жүрген әрбір жан бақытты ғұмыр, нұрлы болашақты аң­сай­ды. Ол арманның іске асуы үшін де елі экономикалық табысты бағытта жылжып, бейбіт мақсатпен өмір сүретіндігі ауадай қажет. Қандай ел болмасын, дербес даму жолы, алдына қойған мақсат-міндеті болады. Міне, осы ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған арманы орындалды. Бү­гінде құлашын кеңге жайған бай­тақ елге айналып, болашақты бағдарлап байыптайтын,  өтпелі кезеңде халықпен бір болып, елдің еңсесін көтеруге аянбай ат салысып, тер төккен Елбасы­мыз Н.Назарбаевтың ерен ең­бегін Қа­зақстан тұрғындары жо­ғары бағалайды.

Елбасымыз қалыптасқан жағдайға қай жа­ғынан да сын көзімен үңіліп, байыпты талдап, қажетті деген іс-шараларды қабылдап, әр бас­тама халықтың игілігіне қызмет жасауын үнемі бақылауда ұстап келеді. Қазіргі заман талабы мен мүмкіндіктеріне сай, денсаулық, білім, көлік және байланыс, ұлттық қауіпсіздік, ауыл проблемалары, экономика, сонымен қатар, алға жылжуымыздың басты шарты – қоғамымыздың биік мақсаттарға қол жеткізуі үшін халықтың бір­тұтастығы, ауадай қажет. Біз қазіргі таңда ұлы өзгерістер мен жаһандану кезеңінде өмір сү­рудеміз. Елбасымыздың «2030 жылға қарай Қазақстан Орта Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін»,– деген пікірі ту­ған халқының жігерін оятты. Әлбетте, игілікті істің бастауында Елбасымыз жүрді. Егемендік алған жылдар республикадағы ұлттар мен ұлыстардың діні мен тілін жаңғыртты, ұлт мүд­десіне қызмет жасайтын ау­қым­ды істерді өмірге әкелді. Ел­ба­сының байсалдылығы мен ұш­қыр саясатының, көрегендігі мен зерделілігінің арқасында Қа­зақ­стан әлемдік қаржы дағ­да­рысының қыспағының ауыртпа­лығына мойымай, қажырлылық танытты. «Мен өз тағдырымды халқымның тағдырынан бө­лек қарап көрген емеспін»,– де­ген Н.Назарбаевтың жүрек толға­ны­сы сенімімізді нығайтты. 

Еліміздің болашағы – жастар. Сол келешек ұрпақтың дені сау, жаны таза, білімі терең, мә­де­ниеті жоғары азамат болуы қоғам алдындағы басты міндет екенін Елбасымыз жақында өткен Жас­тар съезінде айқындап берді. 
Мен осындай ұлы көштің бастаушысы, елінің ертеңі мен халқының келешегін жеке ба­сы­ның тағдырынан жоғары қоя­тын үлкен жүректі азамат Н.Назарбаевтың ел мүддесін, мемлекет абыройын, халық қа­мын ойлап, қоғам игілігі үшін білек сыбана кірісетін еңбек­қор­лығына, адамгершілігіне риза­шылығымды білдіремін. Еліміздің бүгінгі амандығы, әлеуметтік жағ­дайының дұрыстығы, еш алаңсыз бейбіт аспан астында ғұмыр кешуі – Елбасының сұң­ғыла нәтижесі. Олай болса, Тәуелсіздік жылдарында, Елба­сы­мен қатар жүріп келе жатқан, жарқын болашаққа апаратын сара жолымыз мәңгілік жалғаса  берсін. 

Нұрбақыт Қабдікәрімова,

Социалистік Еңбек Ері. Мартбек Мамыраев аулы, Қарқаралы ауданы.
0 дауыс

Отан- әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан –белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан біздің сүйікті — Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып — жасарып жатыр.

Қазіргі кездегі Қазақстан  Отан деген не? «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені. Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ , қуатты ел.Жер қойнауында да,жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Онда 120 ұлт өкілдерінен 15 млн халық тұрады.Әкімшілік –аумақтық  жағынан Қазақстан 14 облысқа,160 ауданға бөлінеді. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері –Елтаңба ,Туы және Әнұраны бар.(Әбдірахман)

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан

Қазақстан халқының сан ғасырлар бойы армандап келген мақсаттарына қолы жетті.Қазақстан тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды.Бірақ  тәуелсіздік оп-оңай келген жоқ.Өткен тарихымызға көз жіберсек ,тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп,азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз. «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалғаны енді есін жиып келе жатқанда кіші төңкерістің  қасіретіне ұшырады.Одан кейін аштықтан қаншама миллион адам қырылды. Қалғандарын «халық жауы», «ұлтшыл»,деген жаламен  атқанын атып,қалғанын ит жеккенде азаптап өлтірді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып,жерімізді қорғаған ер азаматтардан айырылдық. Әлемнің төрт бұрышына кеткеніміз қаншама? Жері полигонға толды, топырағы тозды.Еліміз киелі Аралынан айрылды.Өз еліне қазақ жат болып,азшылыққа айналды.. Міне осындай сәтте 1986 жылы желтоқсан оқиғасы өрбіді.Ол Кеңес империясының уысында қалған халықты орыстандыруға,полигондарға қарсы туған нарызылықтан болатын.(Әсем)                                                

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауы

Қазіргі таңда ел басшымыз жылма –жыл елдің өркендеп дамуы үшін жолдау жолдап келеді.Биылғы жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіз бен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек!

0 дауыс
Жарқын болашақ жастардың қолында
...