0 дауыс
1.7k көрілді
Шашым быт-шыт ұшталып кетті.Оған қарсы бальзам,кремдер барма?

3 жауап

+1 дауыс
http://massaget.kz/bastangy/krasota/6798

Қыстың қатал ауа-райы шашымыздың саулығына әсер ете алады. Ал шаштың ұштары аяздан көп зақымданады. Оларды емдеудің қандай жолдары бар?

Шашыңыздың ұштары түсін өзгертіп, ұштанып, бөлініп, жұқарып жатса, оларды емдейтін кез келді деген сөз. Оларға саулық пен табиғи жылтырын қайтарыңыз.

Сарсу (сывортока)

Аязда қалған шаш ұштары құрғап, "сына" бастайды. Сондықтан оларға ерекше қатты ылғалдандыру беріп, оны сақтап қалу керек. Бұл қызметті сарсу орындай алады. Олар шаштың ұштарын жылтырлатып, жұмсақ қылады. Ол үшін бірнеше тамшысын ғана қолдансаңыз жеткілікті. Сарсуды құрғақ не дымқыл шашқа қолдануға болады. Шашқа ең пайдалы E және F дәрумендеріне бай сарсу түрлерін таңдаған дұрыс. Құрамында силикон бар сарсулар да өте пайдалы болады.

Маскалар

Аптасына кем дегенде бір рет шашқа маска жасау арқылы сіз шашыңызды жұмсақ және сау қылып сақтайсыз. Сондай-ақ маскалар шаш ұштануының алдын алады. Айта кетсек, арнайы шаш ұштарына арналған маскалар да болады. Оны шаш жуғанға дейін құрғақ шашқа жағып, артынан сусабынмен жуып тастайды.

Майлар

Шашқа арналған майлар - пайдасы мол нәрсе. Әсіресе оның әсерін қыста көре аласыздар. Қыстағы температуралардың ауысуына қоса шашты фенмен кептіреміз, түзулетеміз. Осы кезде термотұрақты майларды қолданған жөн.

Бальзам

Қыста зақымданған шашты артық тарау да қауіпті болмақ. Сондықтан оған алдын ала қорғайтын бальзам жағып, қорықпастан тараңыз. Ол кондиционер, бальзам, спрей түрінде болуы мүмкін. Бастысы мақсаты - шашты зақымдаудан қорғау. Бұндай бальзамдардың тек шаш ұштарына да жағатын түрлері болады. Оларды жаққан сәтте шашыңыздың ұштары жылтырап, қалағаныңыздай жатады.
+1 дауыс
Бальзамыңды білмедім, өзім ай сайын шаштаразға барып ұшын қидырып тұрамын. Әзірге жақсы бір емін таппадым. Шаш-үтік, кептіргіш, бұйралағыш дегендерді қолданбасам да ұштана береді. Соңғы бір айда айран мен касторовое масло, витамин Е-ден маска жасап жүрмін. Оң нәтиже беріп жатса осында жазармын.
Көөп рахмет!)
0 дауыс
Шашым желкеме дейн уштанып ктипти байкаган жок едим апайым айтты не истеймын катты кобалжып журмын шаштаразга барсам бирдене истей алады ма екен?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 13.04.2020 Тазалық сұрақ қойды
...