Балалар әні "Ақ мамам" деген өлеңнің минусын тауып бересіздерме??

+1 дауыс
20.4k қаралым
Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным тапппаған

Бақыт үшін баланың

Аман сау жүр ақ мамам,- деген өлең.......минусы керек едіі...
Жалпы ән туралы Белгісіз

1 жауап

0 дауыс
http://bilimpaz.kz/wp-content/uploads/2012/09/Ak-mamam.mp3

с. Ә.Дүйсенбиев
ә. Ә.Бейсеуов

Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Өзің маған мият-күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайы
Айналайын сияқты

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Қуат беріп құшағың
Қанат бітіп ұшамын
Естіртемін алып кеп
Ел білмейтін құс әнін

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

127,680 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,702 қолданушы