0 дауыс
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам, осы әнді тауып бересіздерма?
17.02.2013 5.4k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ақ мамам
с. Ә.Дүйсенбиев
ә. Ә.Бейсеуов
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Өзің маған мият-күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайыАйналайын сияқты
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Қуат беріп құшағың
Қанат бітіп ұшамын
Естіртемін алып кеп
Ел білмейтін құс әнін
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен [әнiн жүктеу][1]


[1]:http://mp3arhiv.net/files/3dba3e7882a213cb/bf99455b9c632c2c.mp3
17.02.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы