+1 дауыс
4.6k көрілді
Әлемдегі ең әйгілі оқу орындары қандай? Олар қай мемлекетте, білім деңгейі қандай? Толық мағлумат берсеңіз...

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

2012 жылдың ең үздік университеттері.

1. Кембридж университеті
US News&World Report мәліметтері бойынша ең атақты университет болып табылады. Әлемдегі екінші (Оксфордтан кейінгі) көне ағылшын тілді университет. Әлемде басқаларына қарағанда, Нобель сыйлығын ең көп алған университет. Ұлыбритания еліндегі Кембриджде орналасқан қоғамдық зерттеу университеті.

 

 
2. Гарвард университеті

Гарвард – американдық жеке меншік зерттеу университеті, «барқыт бірлестігіне» жатады, Массачуетс штаты, Кембриджде орналасқан. 1636 жылы Массачусетс штатының заң шығару органы негізінде құрылған және АҚШ-ғы ең көне жоғарғы оқу орын болып табылады. Сонымен қатар, бұл АҚШ-ғы ең бірінші ресми түрде рұқсат етілген қоғам (Президент және Гарвард колледжінің Кеңесі). Гарвард тарихы, оның беделі, оқудың қымбаттылығы оны ең айтулы және әйгілі етті.


 

3. Массачусетс Технология Институты

MIT деген атпен белгілі. Американың коммерциялық оқу орнына жатады. Ол АҚШ, Массачусетс штаты, Кембридж қаласында орналасқан. 1861 жылы Құрама Штаттың индустриализациясының даму деңгейін жоғарлату мақсатында құрылған. MIT өзінде 5 мектеп және 1 колледжді қамтиды. Ал 1916 жылы құрылған, университетінің территориясы 67 гектар.

 



4. Йель университеті

АҚШ, Коннектитут штатында орналасқан, Американың коммерциялық университеті. Йель университеті 1701 жылы құрылып, АҚШ-тың ең көне жоғарғы оқу орындарының біріне жатады. Университет көптеген ғылыми орталықтарға, мұражайларға, әкімшілік мекемелерге толы. Онда 11 мың судент білім алуда.

 
5. Оксфорд университеті

Ағылшын тілді әлемдегі ең көне университет. 800 жыл шамасында ең беделді университет болып келе жатыр. Ұлыбританияда, Оксфорд қаласында орналасқан. Оның нақты құрылу мерзімі жоқ, бірақ 1096 жыл деген болжам бар.

 
6. Лондон Корольдік Колледжі

Ресми атауы Ғылым, Технология және Медицина Корольдік Колледжі. Бұл ғылымды, инженерияны, бизнесті, медицинаны мамандандыратын, Лондондағы мемлекеттік оқу орны. 13 мың студентке арналған оқыту, студенттерге жақсы білім береді.

 
7. College London университеті (UCL)

Сіздер ойлағандай бұл Ұлыританияның астанасы – Лондонда орналасқан университет. Лондондағы ең көне және ең ірі колледж болып табылады. 1826 жылы құрылып, сол уақыттағы діни көзқарасқа қарамастан, онда еркектер де, әйелдер де білім ала алатын.

 
8. Чикаго университеті

Чикаго қаласында, Hyde Park районында орналасқан. Мұнда Барак Обама білім алған. Территориясы өте үлкен және сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған.


9. Пенсильвания Университеті

Коммерциялық университеттер қатарына жатқанына қарамастан, әлем бойынша ең жақсы университет қатарына ілікті. Сонымен қатар The University of Pennsylvania АҚШ-тағы ең көне оқу орындары төрттігінің қатарында және бірінші медициналық университет болып табылады.


10. Стэнфорд университеті

Әлемнің ең абыройлы университеттері қатарына кіреді. Мұнда ең жақсы ғылыми және педагогикалық база орналасқан. Stanford университетінің ұраны: «халықтың адамгершілігі мен өркендеуін оятып, аман-саулығын қамтамасыз ету». Бұл білім беру ордасы алғаш рет 1891 жылы өз есігін ашқан болатын.

...