+3 дауыс
3.2k көрілді
Озiнiздi сулумын деп санайсыз ба? Сулулык дегенiмiз не?

9 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
![description][1]

Мотивацияның мәселесі шешілген шығар ау  

Одан өзге не керек екенін білесіздер ме? Білмесеңдер айтайын: АУТОТРЕНИНГ керек. Ол дегеніміз өз өзіңізді жақсы көру, сұлу санау, ақылды деп мақтау, көрікті, майдай мінезі бар деп позитивті ойлау.

Таңертең тұрғанда ісіп кеткен бет ауыз, ұлба жұлба шаш, үтік дегенді өмірі естімеген түнгі киім (пижама) киіп тұрған “сұлудың” “Әлемде ең әдемі Мен!” деп айтқызу мүмкін емес әрине. Тіпті ондай кезде айнаға қарамаған да жақсы. Мен қарамайм. Өзімнің қорқынышты түрімді көргім келмейді. Сосын ол түрім мида сақталып қалса, аутотренинг жасау қиынның қиыны.

Аутотренингке макияж жасап, әдемі киініп, сүйікті әтіріңізді жағып алып, айнаның алдына келіп, бір сәт өз өзіңзге көз салып, қа ндай керемет екеніңізді еске алыңыз. Жаман ойлардан аулақ!  Клаудиа Шиффердің аяғы, Анджелина Джолидің ерні, Памела Андерсонның кеудесі, Софи Лореннің қыпша белі жоқ деп қайғырмаңыз. Одан олардың бәрі пайда болмайды (ал пайда болса да, ужастик пайда болатын секілді))))!

Сонымен, енді өз өзіңізді мақтай бастаңыз. Мысалы: менің көздерім ең әдемі көздер, менің шашыма жететін шаш жоқ, мен ең ақылдымын, себебі (үш тілде еркін сөйлеймін, жақсы аудармашымын, керемет аспазбын, ғажап жұмысшымын, маған жетер маман жоқ, жылына жүз кітап оқимын, психологияның қыр сырын білемін, шахматтан чемпионмын т.с.с)…. деп кез келген себеп айту керек. Сосын арқаны тік ұстап, өзіңізді ханшайым позасына қойыңыз. Ханның қызы секілді сезініңіз (менменсініп кетпеңіз тек) Осы жерде шамалы кемшілік айтуға болады (бірақ табиғатынан бар емес, ал артық не қайта аз салмақ, қысқа шаш, безеулі бет, маникюрсыз тырнақ, депиляция көрмеген аяқ пен білек т.б.) Тек біреу ғана және мынандай формада: “Егер менің бетімдегі безеулер болмағанда мен тіпті ең әдемі болар едім!” деген секілді. Сосын тағы мақтау керек, мысалы: Есесіне менің аяқтарым тіп түзе, көздерім мөлдір және тұнық, күлгенім әдемі, тістерім түзу деген секілді. Осылай аутотренингті аяқтаймыз.

Басқалар сені сұлу санасын десең, алдымен өзің өзіңді сұлу санауың керек. Жалпы, көп адамдар кемшілігімізді өзіміз айтпастан бұрын байқамайды.

Менің мысалы бетімде бала кезден қалған тыртық бар. Соған бола қатты қиналатын едім. Жұрттың бәріне тыртығым жаман ия деп айтып алатынмын. Кейін барып қана, тыртығыммен ешкімнің жұмысы жоқ екенін, көзге бірден түспейтінін (ал бір адам тіпті жақсы көретінін), мені жаман көрсетпейтінін білдім. Енді ол туралы айтпайтындай болдым. Ешкім саусағын шошайтып жатқан жоқ  ))

Әр бір қыз әдемі, тек бәрі оны көре бермейді.  Кейбір қыздар күтімсіз болған соң ғана ұсқынсыз көрінеді. Шамалы ғана макияж, маникюр адамды өзгертеді. Жаманын жасырынқырап, жақсысын асыңқырап көрсетсек, ешкім айыпқа бұйырмас:)

Карлос Кастанеда (кім екенін білмейм, бірақ сөзіне қарағанда өте данышпан адам болған көрінеді  ) : “Әлем анадай да мынандай, себебі біз өзіміз оны солай атадық” деген екен.

Расында, өзіңді, әлемді, адамдарды өзің қалай қабылдасаң, солай болады.  ))

Әдемі болыңыздар!

Сәлеммен, Мен


  [1]:
Мен жазды ма басқа жазды ма, айтеуір өте әдемі жазылыпты! осы оймен мен толықтай келісемін!
+4 дауыс
Салем! Арине сұлумын деп ойлаймын! Тәнім сұлу болмасада жаным сұлу, сондықтан өзімді әрқашан әдемімін деп есептеймін! Рахман айтқандай: Өзіңді әлемдегі ең сұлу жан деп біліңіз дегім келеді!
+5 дауыс
Әрине, қай адам өзін сұлумын деп санамайды. Алла тағала осылай жаратса неге әдемі деп санамасқа
+5 дауыс
Әрине санаймын,себебі әр қыз бала,қырда өскен гүлге теңеледі емес пе? Ал сіз қашан гүл тергенде,жаман гүл көрдіңіз?
 Сұлулық-ол екіге бөлінеді : тән жане жан сұлулығы.Тазалық - сұлулық кепілі болып есептелінедіғой,сол себепті,әрдайым өз-өзінізге қарап жүрсеңіз ..бірақ оған сай, ішкі жан дуниеңіз де пәк болсын.)
+2 дауыс
Өзін-өзі мақтаған ақымақтық деп санаймын. Сұлудың қартайғаны өлгені тән сұлулығына қатысты. Бір сұлу қыз жөзекше болып кетіпті содан өзіне қол жұмсап өледі. Өсиет хат жазыпты Ей құдайдың құлдары біз де сіздердей болғанбыз,сіз де біздердей боларсыз. Сұлулық мәнгі емес.
ия бұнымен не айтқыныз келеді, ойыңызды ашық айтсаңыз жақсы болар еді!....................................
+4 дауыс
Сұлулық
*5-Maмыр. 2009*
 Сұлулықты әркім әр түрлі түсінеді ғой, бірақ ол туралы жалпы түсінік те бар.
Табиғаттың сұлулығына шексіз сүйсініп, таңғалып тамсанамыз, содан ерекше ләззат аламыз. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз, кейде іштей қызғанамыз. Алла жаратқан жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы – адам көрінеді. Әр адамның бет-бейнесі, кескін-келбеті, мінез-құлқы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Барлық халықта сұлулық белгілері: сұңғақ бой, аршын төс, бөкен сан, қылдай қыпша бел, ашаң аппақ жүз, қыр мұрын, қиғаш қас, оймақауыз, күлім көз, қолаң шаш, т.б. болып келеді. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлық сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жандүние сұлулығы. Өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ жаны сұлу адамдар көп деп айта алмайсың. Қазақ «Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше» деген екен. Асқан сұлулардың сөйлесе келе таяз екенін байқасаң, сұлулығы көк тиын болып қалады. Жан сұлулығы, сөзсіз, сана-сезімнің басқаға қарағанда жоғарылығынан туындайды. Адамның өнер мен білімге, өмір сүруге құштарлығы, айналасындағы сұлулықтың бәрін жоғары бағалауына, сүюіне ықпал етеді. Сұлулықты көре білсең, оны бағалай да білесің. Көркем шығармаларда (байқайсыз ба, атының өзі көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелейді) табиғаттың көркін, адамдардың жақсы істерін, мінез-құлқын, келбетінің, жандүниесінің сұлулығын сипаттайды, үлгі етеді. Оқырман кейіпкерге ғашық болады, сондай болуға тырысады. Жазушы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын оқып, Ботагөз бен Амантайға ғашық болған оқырмандар балалары туғанда сол кейіпкерлердің атымен атағаны мәлім. Сұлулық көздің жауын алады, ғашық қылады, таңғалдырады, тамсандырады, табындырады. Жас баланы туғаннан айналасындағы әдемілікті көріп, сезіп, түсініп өсуге баулу, тәрбиелеу керек. Сол бала тәрбиесіне БАҚ құралдары көп әсер ететіні шын. Теледидардан көбіне жауыздықты, қанішерлерді, қатыгездікті, судай төгіліп жатқан адам қанын көрсетеді. Соны көріп өскен жастар ертең ел-жұртына жақсылық жасай ма? Қазіргі замандағы ең жексұрын, жүрек айнытар қылмыстар арақ ішіп, есірткі шегудің салдарынан болып жатыр, оны сол теледидардан көрген, білген адамдар жасауда. Бұрын теледидардан көрсететін әр шығарманың тәрбиелік мәнін сараптап, көрсетуге бола ма, болмай ма, оның пайдасы мен зияны туралы ойлаушы еді, ал қазір тек эфир толса, ақша түссе болды. Бір түрлі жүрекке жылы, жаныңа жақын жақсылық, сұлулық көргің келеді. Аңсайсың да тұрасың. Сұлулықты көре, сезе білген адам жамандыққа бармайды.
«Сұлулық әлемді апаттан сақтайды» демекші, сұлулықтың, әдеміліктің өмірде маңызы аса зор. Адамның жандүниесі де, сырт келбеті де сұлу болса, ол – жаратушы Алланың сыйлығы. Тек өзің жүрген ортада жаны сұлу, жүзі жарқын, әрқашан жақсылық туралы ойлап, жақсы жолмен жүретін адамдардың көп болғаны қандай тамаша десеңші! Өмір өлшеулі болғандықтан, көзіміз тіріде жарық дүниенің шексіз сұлулығына тоймай, сұқтана қарап, жақсы істерімізбен айналамызға шуақ шашуымыз керек. Көз соқырлығынан көңіл соқырлығы жаман. Көңілі соқыр сұлулық әлеміне сапар шеге алмайды. Ал көзі соқыр адамдардың ішінде қаншама дарынды музыканттар, суретшілер, мүсіншілер, жазушылар, ақындар бар. Олар болмайтынды болдырып, таңғаларлық тамаша өнер туындыларын дүниеге әкелген. Өмірдің көмескі жақтары да бар болғанмен, жүрегінің жылуы, көңілінің сәулесі бар адам әр уақыт өмірдің жарық жағын қалайды. Өзін де, өзгені де шуаққа бөлеп, күнше жылытады. Міне, сұлулық деген сол.

"ана тілі" газетінен
+5 дауыс
Iya. Alemdegi en sulu kiz ozim dep oilaimin.
+4 дауыс
Адам, Аллатағаламның ең көркем туындысы, сондықтан да ол керемет, ол сұлу. Оған ешкімнің дауы болмаса керек. Ал сұлулықты қалай көру ол көздің, оны қалай бағалау ол ақылдың қызметі.
+4 дауыс
Мен өзімді "сұлумын" деп айта алмаймын, нуу норма енді...:D бірақ қыздар сен "сондай сұлусың"  дейді)(wasntme)
Қыздар айтса, расында да сұлусыз)))))))
...