+1 дауыс
939 көрілді
Агамызды еншiсiн берiп болек шыгармакшымыз. Тамнын, фундаментiн де куйып койдык. Ал сол уйдi кандай кiрпiшпен тургызамыз деп ойланып журмiз. Заводтан шыккан куйген кiрпiш дурыс па , алде топырак пен сабанды араластырып колдан куйган кiрпiш дурыс па? Калай ойласыздар кайсысымен тургызган уй жылы, жайлы жане коп жылдарга шыдайды?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Топырақ пен сабаннан жасалған кірпіш дұрысырақ)) Біздің үй бағзы заманда қол кірпіштен салынған, сондықтан болар қыстыгүні от жақса жылуы көпке шыдайды, ал жаздыгүні аптап ыстықта үй іші салқын, жанға жайлы болады. Ал кейінірек тұрғызған күйген кірпіштен өрілген үйіміз қысыта салқын жазда іші қапырық. Одан қалды еурожөндеу жасаған, ауа кірмейді. Қала берді дуалға сурет, яки сағат ілгіңіз келсе шеге кірмейді.

Қол кірпішке не жетсін, шіркін...
+2 дауыс
Ішкі жаған балшық кірпішті өріңдер ал сыртын қызыл кірпішпен өріңіздер.
Дұрысы осы ғой, сұлуы да бар жылуы да бар
+2 дауыс
шлакоблокпен салған дұрыс сосын сыртынан қызыл кірпішпен салу керек
+2 дауыс
үйді қай өңірде салатыныңа байланысты.

Мыс. Шымкент жақта, әсіресе қысы жылы болатын аймақтарында 2 қатар, тіпті 1,5 қатар саман кірпіш те жарай береді. Жамбыл, Алматы өңірі үшін 2 немесе 1,5 қатар қызыл кірпіш дұрыс дер едім.

Менің үйім, бірінші қабаты темірбетонды, ал екінші қабаты 1 қатар қызыл (кирамикалық), 1 қатар ақ (силикат) кірпіш. Қыста жылы, жазда салқын.

 

Кез-келген материалдан үй салуға болады, тек әр материалдың өзіндік қасиеті бар. Сол қасиеттерді еске ала отырып салынған үй жаман болмайды.

Ұқсас сұрақтар

...