+2 дауыс
Кейбір адамдар болады ғой, өз жұмысын беріле істейтін. Мен мысалы кейде жұмыс істегім келмейді, бірақ өз жұмысымды жақсы көргім келеді. Қалай жұмысқа бар жан тәніңді салып жұмыс істеуге болады? Жұмысқа деген махабат қалай пайда болады?
03.05.2013 2.2k қаралым
ешкімде басқа пікір жоқ па?

2 жауап

+1 дауыс
Ең бірінші жұмысты сүйіп істеу үшін жұмысқа деген қызығушық, талпыныс пен ынта-жігер керек менің ойымша.
03.05.2013
+1 дауыс
Бала кезден бері армандаған,өзіңіздің жаныңыз сүйетін жұмысты істеуге тырысыңыз.Әр адамның жақсы көретін ісі болады ғой.Мысалы мен оригамо сияқты қолөнердің ұсақ жұмыстарын істегенді ұнатамын.Ал менің маңайымдағылар мұны көріп отырғанның өзінде іштері пысып,жалығып кетеді.Ал мен бұл жұмысты істесем уақыттың қалай өткенін білмей қаламын.Өйткені бұл менің сүйікті ісім.Міне осы сияқты сіздің де сүйікті ісіңіз бар шығар.Мамандықтығыңызды  да сол жұмысқа байланысты таңдау керек.
09.06.2013
менің сүйікті ісім сонда интернет шұқылау ма? :D
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы