+3 дауыс
24.5k көрілді
Сәлем достар , менің сіздермен ой бөліскім келеді ,  жалпы қыз баламен қалай танысуға болады , бірінші неден бастау керек?

3 жауап

+5 дауыс
ҚЫЗДАРМЕН ТАНЫСУДАҒЫ ШАБЛОНДАР
Өзіңізді бір көргеннен елең еткізген аруды баурау үшін мынадай «таныстық шаблондарын» пайдалануға болады:
• «Қарындас, сіз ешкімге ұқсамайсыз. Маған ешкімді еске түсіріп тұрған жоқсыз да. Сағаттың қанша екенін, қай автобусқа отыратынымды да білемін. Бірақ сізбен танысу үшін қандай сылтау табарымды білмей тұрмын. Жай таныса салайықшы»
• Әзілден бастаған да жақсы нәтиже береді: «Қарындас, шашыңызды қандай шампуньмен жуғаныңызды айтайын ба?» (дейсіз). Қызға қызық көрініп, келіседі. «Олай болса, шашыңыздан бір иіскейін» дейсіз де, иіскеп алған соң, кез келген шампунді айта саласыз. (көп жағдайда жігіттің тапқырлығы ұнап, қате айтса да, «дәл таптыңыз» деп күле саламыз қыздар жағы)
• «Қарындас, осы Сіз екеуміз бұрын жүрмеп пе едік?» деп таныстық бастауға да болады.
• Кейбір қыздар көп қылтың- сылтыңды ұнатпайды. Нақты қандай мақсатта танысқысы келіп тұрғанын айту керек болады. Ондай аруларға тура тәсіл жақсы жүреді: «Сәлем! Сен сырттай сүйкімді қыз екенсің. Жақынырақ танысып, ішкі сұлулығыңды білсем деп едім» деген сөздермен таныстықты бастап жіберсең, тікбақай қызбен тез тіл табысып кететініңе сенімдімін.

Ақпарат мына жерден алынды http://www.kinfo.kz/news/aryndas_tanysajy/2011-03-17-608
үшіншісі керемет
+1 дауыс
Алғашқы кездесуде жігіт неге назар аударады?

Қандай жағдай болмасын, тым қатты боянбаңыз. Талғамсыз макияж жасап, «кемпірқосақ» болғанша, мүлдем боянбаған дұрыс. Қымбатты қыздар, құлақтарыңызға алтын сырға, ең жақсы макияж – сіздің шынайы келбетіңіз.

Алғашқы кездесуге қызға не киген жөн?

Егер қысқа етек киіп келсе, әрине жігіт онымен «ойнай бастайды», себебі азғыртып жатқан жігіт емес қой. Егер де джинсы немесе стильді шалбар киіп келсе, әңгіме-дүкен құрып, қызды «сындырудың» амал-тәсілдерін қарастыра бастайды. Егер кездесуге киіп келген етегі тобығына дейін болса, онымен жай ғана дос ретінде сөйлесуге тырысады.  Дегенмен, ең бастысы киген киімі оның нәзіктілігін айқындап тұруы керек. Бұл жағдайда бірінші ұпай қыздың қанжығасында.

Жігіттің  кездесу барысында естігісі келмейтін сандырақтар немесе қыздың алғашқы кездесуде өзін қалай ұстағаны дұрыс

    Жігітке қандай дүкен аралағаны жайлы, қандай иіс су сатып алғаны туралы немесе ол әлі танымайтын туысқандарымен кеше қандай пицца жегендері сияқты түкке тұрмайтын бос «қыздарский» сандырақ әңгімелер айтудың мүлдем қажеті жоқ. Керек десең, қыздың туысқандарымен жігіттің танысуға ниеті бар ма, жоқ па оны мүлдем қызықтырмайды да.
    Жігіттің материалды жағдайы туралы, отбасының мүмкіншіліктері жайлы тергеу жасау қажет емес, себебі, мұндай қылықтар бірден жиеркеніштік тудырады. Ұсқынсыз болса да, байдың баласын өз торына түсірмек болғаны және жігітті тек сол жағдайына қарай таңдайтыны туралы ой қалыптасады.
    Жаргон, сленг секілді жағымсыз сөздерді қолданбау.
    Қымбат мейрамханаларға баруды меңзеудің қажеті жоқ. Жігіттің көңілінен шықсаң, өзі-ақ ұсыныс жасайды.
    «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» дегендей аса мақтана берудің жөні жоқ.
    Экс-жігітіңмен болған қарым-қатынас жайлы ешқашан әңгіме қозғама.
    Егер сен эрудициялы адам болсаң, оны бірден көрсетудің қажеті жоқ. Жігіттер ақылды қыздардан қорқады.

Бірінші кездесуде жақсы әсер қалдыру үшін қыз не істеуі керек?

    Сыпайы болу
    Жақсы тәрбие алғанын көрсету
    Өз болмысыңды көрсет, ешкімге еліктеудің қажеті жоқ.

Кездесуде не туралы әңгімелесуге болады?Университет жайлы, болашақ мамандығы, жұмысы туралы, кино мен шоу-бизнестегі жаңалықтар жайлы сөз қозғауға болады.

P.S. Егер де қыз жігітке өте қатты ұнаса, жоғарыда айтылғанның барлығы бос сөз.
ЖЖ
Өтінем, толығырақ ақпарат беруге тырысыңыз (8 әріптен кем болмасын)
–2 дауыс

Тренинг "Секреты знакомств" - как познакомиться с девушкой

Пошаговый курс для мужчин, где каждый день даются 3 задания: на развитие уверенности, на развитие коммуникабельности, на знакомство с девушками

http://menflirt.ru/?a2148

Ұқсас сұрақтар

...