+1 дауыс
5.6k көрілді

Жыным келіп,зығырданым қайнады,-деп жатамыз. Осы жын,зығырдан неше градуста қайнайды?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қайнау процесі бейнелі түрде адам жанында болатын психологиялық өзгеріске, яғни, бұрқ-сарқ ашуға теңестірілген. Демек, «зығырданы қайнап» деген тіркес адамның қатты ашуланатын сәтін бейнелейтін сөз орайына көшкен.

Мына жерде осы сұраққа жауап жазылыпты.

«Зығырдан» деген не?

– «Зығырданы қайнады» деген тіркестің этимологиясын табу мені шынында да қатты қызықтырды. Зығырдан сөзінің түбірі – зығыр сөзі. Ал зығыр деген – екпе өсімдік. Оның сабағынан түрлі шаруашылық заттары жасалады, үстімізге киіп жүрген көйлектің маталары да өндіріледі.Зығыр майының түрлі емдік қасиеті бар. Осы өсімдік туралы Гиппократ та өз заманында тыңғылықты зерттеу жүргізген. Оның келтірген бір мәліметі бойынша, жауынгерлер жорыққа аттанып бара жатқанда, олардың төзімін, ерлігін сынау үшін зығыр дәнін алаулап жанып жатқан отқа тастайтын болған. Отқа шалынып, тұтанып, жан-жаққа ұшқан дәндер жауынгерлердің денесіне тигенде, қарып түсіреді екен. Осы сынаққа шыдаған сарбаздар өздерін қандай жорыққа да дайын сезінген.

Ал «зығырдан» деген сөздің өзі зығыр қайнататын ыдыстың атауын білдіреді. Бұл жерде жаңа сөз зығыр сөзіне -дан жұрнағының жалғануынан туындаған. -дан жұрнағы арқылы сөз жасау қазақ тілінде бұрыннан болған. Мысалы, қант салатын ыдыс ертеректе қандан аталған.

Сол зығырданға салып, зығырды бұрқ-сарқ қайнататын болған. Міне, осы қайнау процесі бейнелі түрде адам жанында болатын психологиялық өзгеріске, яғни, бұрқ-сарқ ашуға теңестірілген. Демек, «зығырданы қайнап» деген тіркес адамның қатты ашуланатын сәтін бейнелейтін сөз орайына көшкен. Бұл – өте ежелден келе жатқан фразеологизм. Көркем шығармаларда да, журналистік мақалаларда да күні бүгінге дейін көп қолданылады. Бірақ көп жағдайда түбіріне мән бермейді. Байқап қарасақ, әр сөз астарында ұлт мәдениеті жатады. Сондықтан әр сөзге, әр тіркеске этнолингвистикалық тұрғыда қарау керек.

Яғни қайнау температурасына емес, процесіне байланысты айтылған.

0 дауыс
жүйкесі әлсіздердіке жай градустада қайнайтын сияқты. Немесе әр адамның өзінше өлшейтін грдусы бар сияқты.
0 дауыс
Жүйкесі жақарған (нервный) адамдардікі 0 градустада қайнай береді ғой ))))))))
0 дауыс
Қалыпты 36 Целсии градуста қайнайды!!! Қанның Жылдамдығына да байланысты!!!
+2 дауыс

Қаның басыңа шауып, ашуыңа мінген сәтіңде қайнайды.

...