0 дауыс
1.2k көрілді
Достық және жақсылық туралы дәйекі сөздер керек еді?

3 жауап

+1 дауыс

Дос жылатып айтады, душпан күлдіртіп айтады.


Жаман достан мың сақтан.


Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.


Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.


Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.


Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.

+1 дауыс

1. Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

 

2. Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.

 

3. Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып

құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.

 

4. Достық пен жолдастық

Тату үйдің бақыты тасыр,

Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

5.Жолдасы көптің – олжасы көп. 

Толығырақ

0 дауыс
Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен

Әл-Фараби

Жүргенде көп достық атын малданып

Алайда тек қалма оған алданып

Әл-Фараби

Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп...

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет Өтемісұлы

Әркімнің жолдас болсын сүйген досы,

Біріксе айырылмасын көңіл қошы!

Баубек Бұлқышев

Өзіңе қарай дос таңда,

Күшіңе қарай жүк көтер

Жүсіп Баласағұни

Қиын күнде қол үшін берген — нағыз дос,

Жайшылықта «доспын» деген жай сөз

Саиф Сараи

Жолдасын таппаған ер азады,

Басшысын таппаған ел азады

Мұхтар Әуезов

Көп достардың арасында адал жандар аз

Плавт тит Макций

Достарым бар дегенде,

Досы жоқ

Аристотель

Опасыз дос — ең қауіпті дұшпаның

Филаденг

Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

Қиналады — сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң — ұйықтамайды ол дағы

Уильям Шекспир
...