ақпарат мына жерден алынды http://www.baq.kz/kk/news/26884
Кешкі ас алдында шарап ішудің пайдасымен қатар, зияны да көп екенін ресейлік ғалымдар дәлелдеп берген. Ғылыми-зерттеу институты мамандарының айтуынша, алкогольді ішімдіктер адамды есінен адастырады, тіпті екі бокал қызыл шараптың өзі адамның өзін-өзі бақылауына кедергі келтіреді. Соның салдарынан адам әдеттегі тамақтану нормасын бақылай алмай, калориясы жоғары тағамдарды тым көп мөлшерде пайдаланады екен. Сарапшылардың зерттеу жұмыстарына мыңнан аса адам қатысқан, нәтижесінде ішімдіктен кейін арқау болған астың майлылығы әдеттегіден 9%-ға артық екені белгілі болды.
Айта кетейік, қазіргі таңда бүкіл әлем оқымыстылары арасында қызыл шарапқа қатысты қызу талас-тартыс жүріп жатыр. Бірі ішімдіктің бұл түрі денсаулыққа пайдалы десе, енді бірі қызыл шараптың қандай түрі болмасын, адам ағзасына зиянды деген мәлімдемелерін дәлелдеп әлек.