0 дауыс
821 көрілді
Назарбаев университетіне түсу үшін қандай талаптар қойылады,толық айтып өтсеңіздер және онда медицина бойынша да оқытады ма,Қазақстандағы медицина академияларының жақсысы қайда,және онда түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау қажет? Алдын ала рахмет!

2 жауап

0 дауыс
Назарбаев университетіне түсу үшін 2-3 турдан өтеді. Ағылшынша күшті білу керек. Және оған ҰБТ-ның ұпайлары есептелмейді. Қазақстанда медицина саласына Алматыда, Астанада, Ақтөбеде университеттер бар (басқа жақтарда да болуы мүмкін).
+2 дауыс

Назарбаев Университеті түсетіндерге өте жоғары талаптар қояды. Статистика бойынша жыл сайын елдің шамамен 500 түлегі университет студенттері болады. 2013-2014 жж. Мемлекет Назарбаев Университетіндегі Дайындық орталығында оқуға 500 грант бөлген. Университетте оқу ағылшын тілінде өтеді.

Түсу емтихандарын ойдағыдай тапсырған студенттер  студенттің барлық оқу кезеңі бойындағы шығындарын жабатын мемлекеттік білім грантының аясында ғана оқиды. Ақылы оқуға түскен жағдайда төлем құны жылына шамамен 21 500$  құрайды.   

Назарбаев Университетінің стратегиялық даму үлгісі әлемнің үздік университеттерінің рейтингіндегі жетекші жоо-дарымен әріптестікке негізделген:

University  College  London (UK)– Инженериия мектебінің серіктесі;
University of Wisconsin-Madison (USA) – Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің серіктесі;
University of Pittsburgh (USA) – Медициналық мектеп серіктесі;
Duke University, Fuqua School of Business (USA) –  Бизнестің Жоғары мектебінің серіктесі;
National University of Singapore, Lee Kuan Yew School of Public Policy  (Singapore)– Мемлекеттік саясаттың Жоғары мектебінің серіктесі;
University of Pennsylvania (USA) – Білімнің жоғары мектебінің серіктесі;
University of Cambridge (UK) – Білімнің жоғары мектебінің серіктесі.

Назарбаев Университетінде оқуды 7 мектеп және 1 орталық жүргізеді:

Инженерия мектебі (халықаралық серіктес - University College London);
Ғылым және технологиялар мектебі (халықаралық серіктес - Carnegie Mellon University);
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (халықаралық серіктес - University of Wisconsin-Madison);
Бизнестің жоғары мектебі (халықаралық серіктес - Fuqua Business School of Duke University);
Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебі (халықаралық серіктес - Lee Kuan Yew School of Public Policy of the National University of Singapore);
Білімнің жоғары мектебі (халықаралық серіктестер - University of Pennsylvania, Cambridge University);
Медицина мектебі (халықаралық серіктес - University of Pittsburgh);
Университет алдындағы дайындық орталығы (халықаралық серіктес - University College London).

Назарбаев Университеті зерттеу түріндегі жоо болып табылады, сол себепті басты назар ғылыми-зерттеу бағытына бөлінеді. Назарбаев Университетінде 3 ғылыми орталық әрекет етеді:

Назарбаев Университетінің зерттеу және инновациялық жүйесі;
Өмір туралы ғылымдар орталығы;
Білімнің жоғары мектебі жанындағы білім саясаты орталығы.

Университетте оқу мына бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:

Foundation бағдарламасы (дайындық бағдарламасы);
бакалавриат;
магистратура/докторантура;
біліктілікті арттыру бағдарламалары.

толығырақ мына жерден

...