+1 дауыс
973 көрілді
Іні-сіңлілерім бар,олардың көп уақыты теледидар алдында өтеді.бала-бақшадан келісімен түнге дейін БАЛАПАН арнасынан барлық бағдарламалар көріп отырады.кейін таңертең садикке тұрғылары келмейді.енді осылай жүре берсе,көздерінің көруі нашарлайма деп қорқамын.қалай ойлайсыздар?зияны барма?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазіргі кезде іні қарындастарымыз теледидардан шықпайды орынды сұрақ.

мына жерде жазылған

http://massaget.kz/bilim/bilesiz-be/1424





Компьютер және балалар денсаулығы

 

Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген.

Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі  қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі заманғы оқыту баланың интеллектуалдық ерекшеліктеріне  сүйене отырып білім беруді қажет етеді.

Оқушылардың ақпараттық технологиялар көмегімен қалыптасатын  және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да: қабылдау, есте сақтау, т.б. да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді.

Информатика пәнін оқытуда төменгі сыныптарға көшіруде мынадай факторларды негізге алуға болады:

·        кіші жастан балаларды ақпараттық қоғамға бейімдеу;

·        кіші жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту үшін информатиканы  пән ретінде енгізу;

·        кіші жастан балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында оларды әлемдік ақпараттық  білімдік кеңістікке даярлау;

Төменгі сыныптарға информатика пәнін енгізудің мақсаты: білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық әлемдік бейнесін қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында мынадай міндеттерді шешу қажет:

·        төменгі сыныптарда информатика пәнін оқытудың тұжырымдамалық негізін анықтау:

·        төменгі сыныптарда информатика пәнін оқытудың мазмұнын айқындау;

·        информатика пәнін оқытудың оқу - әдістемелік кешені мен программалық құралдарын жасақтау.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Сабаққа компьютерлік технологияны пайдалану мәселесі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дербес, психологиялық айырмашылықтарын білумен тығыз байланысты. Компьютердің мүмкіндіктерін есепке ала отырып оқыту проблемасына талдау жаңа психологиялық проблемаларды туғызып қана қоймайды, оқытудың фундаментальды қағидаларын қайта қарауды талап етеді. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында мектепте білім беруді түбірінен жаңарту үшін дидактикалық талаптарды шешу мәселесі тұр. Бұл мәселені оқу процесіне компьютерлік техниканы енгізу арқылы жүзеге асыруға болады.

Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс.

Қазіргі заман адамының денсаулығы тек сыртқы орта әсерлеріне ғана тәуелді емес, оның өз дене тәрбиесіне деген қатынасына да тығыз байланысты екені белгілі. Денсаулықты сақтау мен жақсартудағы мектептің ролі жоғары екені ешқашан да талас тудырмайды. Сондықтан да  кіші жастан балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында олардың денсаулықтарына зиян келтірмеу, тиісті ережелерді сақтау басты міндетіміз.

Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау эксперттерінің мәліметі бойынша, компьютерде жұмыс жасайтын ересек адамдардың 92% -ы жұмыс соңында шаршайтындарын және өздерін ойдағыдай сезінбейтіндерін айтады екен. Компьютерде аз уақыт, 1-2 сағаттан аспайтын жұмыс істегеннің өзінде жасөспірімдердің 72%-ының көзі және жалпы өзі де шаршайтыны белгілі болып отыр, ал басқа сабақтарда балалардың 54%-ы ғана шаршайды екен. Компьютерге қызығып, эмоциональдық деңгейге көтерілген оқушы шаршағанын байқамай, ары қарай жұмыс істей береді.

Жұмыс істейтін компьютер орналасқан бөлмедегі ауаның физикалық параметрлері өзгереді: температура 26-27 градусқа дейін көтеріліп, ауа ылғалдылығы да  қалыптан төмен түсіп кетеді, яғни 40-60%  және көміртегі тотығының мөлшері де көбейеді. Оған қоса ауа иондалады, оң(ауыр) иондар саны артып, олар адамның жұмыс қабілетіне кері әсер етеді. Ауа түйіршіктеріне қонған иондар адамның дем алу органдарына барады. Кейбір адамдар, оның ішінде балалар бірінші кезекте, ауа құрамының осындай өзгерістеріне өте сезімтал келеді де, олардың жалпы халі нашарлайды, тамақтары жыбырлап, жөтеле бастайды. Компьютермен жұмыс істегендегі көздің қызметі басқа жұмыстардан – оқу, теледидар көруден де ауыр болады. Компьютермен жұмыс кезінде, әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді, өйткені жылдам жауап беріп, тез қимылдау талап етіледі. Нерв жүйелерінің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді.  Компьютермен  жұмыс істеп отырып олар ерекше эмоционалдық стресс жағдайында болады.

Шаршауды болдырмау үшін баланың компьютерде отыру  мерзімін азайту керек және көзге арналған  жаттығулар  жасау қажет.  Оған қоса жұмыс орны ыңғайлы болуы тиіс, баланың жасына қарай реттелген сапалы программаларды қолданған абзал. Бұлардың бәрі маңызды, себебі баланың компьютерде отырған 14-ші минутінде шаршағаны білінеді де, 20 минуттан соң балалардың  25% - ында орталық нерв жүйесі жұмысының ауытқулары сезіліп, көру аппараттарының да қатты шаршайтыны белгілі болып отыр. Жас балалар денсаулығына зиян келтірмей компьютерде тек 15 минут қана отыра алады.  Ал жақыннан нашар көретін ата-аналардың балалары тек 10 минут қана отыра алады.

Сонымен, мұғалімдер өз оқушыларының денсаулықтарына көбірек көңіл бөліп, олардың компьютерлік сыныпта оқушыларға арналған ережелерді, компьютерді пайдалануға арналған гигиеналық талаптарды  үнемі сақтауларын қадағалап отырулары қажет.

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған мәселелерді дұрыс шешкенде ғана компьютер сияқты қуатты құрал көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың  болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
0 дауыс
менің інім де азанннан кешке дейін балапан көреді,негізі зиян ғой теле ,белгілі бір уақытта көрсетіп үйреткен дұрыс шығар
иаа,солай тәуір сияқты!!!бәрі де  уақытымен болған жақсы!
0 дауыс
ештеңе кетпид)менің інім 4 жаста Ноутбуктен ойЫн ойнайды Балабақшадан келген бойда!!!
інің келесі жылы очки киед онда амиго
0 дауыс
ТӘРТІП ОРНАТУ КЕРЕК, БАЛАНЫ ЖАСТАН
...