+1 дауыс
422 көрілді
Осы дүниеде вампирлердің барына сенесіздер ма?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазір қансорғыштар туралы кі­таптар, кино және мультипликациялық фильмдер теледидар мен басылымдардың бетін жаулап алған. Бір қызығы, одан оқып не көріп жүр­гендеріміздің көпшілігі шындыққа жанаспайды. Дегенмен, нақты тү­сінік­ке бағынатын тұстары да жоқ емес. Адамдардың қанын ішетін ерекше жаратылыс иелері туралы аңыздардың пайда болуына да осы жайлар түрткі болғанына дау жоқ.

Теледидар арқылы сана­мыз­да қалыптасқан «вампирлерге» тән белгі-сипаттарды қарастырып көрейікші. Олар – өткір тіс, айнадан сұлбасының көрін­беуі, күн көзі мен сарымсақтан қорқуы, қанқұмарлық. Шынды­ғына кел­генде, бұл белгілердің бәрі қазір өте сирек кездесетін «порфи­рия» ауруына ғана тән.

Бұл – 200 мың адамның бі­реуі ғана шалдығатын аса қа­терлі ауру. Көбіне тұқым қуалау арқылы берілетін бұл сырқат қанның бұзылуынан пайда бола­ды. Ол әсіресе, орта ғасырларда өз отбасы мүшелерімен неке­ге жиі тұратын батыс ақсүйек­те­рінің арасында кездесіп отыр­ған. Ол кезде билеуші топ өз иелі­гін өзгемен бөліспеу үшін және ақ­сүйектік мәртебесін сақтап қалу үшін қалыңдықты айналасындағы туыстарының арасынан із­деуге мәжбүр болған. Зәулім тас қамалдарда елесі кезіп жүретін граф Дракула жайлы аңыздың пайда болған кезі де осы тұс.

Сонымен «порфирия» ауруының белгілері мен оған шал­дығудың салдарына тоқталып өтейік. Жалпы, олар айнадан неге қашады? Әдетте қансор­ғыштар барлық кітаптар мен кинофильмдерде үлкен әрі өткір тістерімен бейнеленеді. Осы тіс­терін ол құрбанының терісіне қадап, қанын сорады-мыс...

Шын мәнінде, «порфирияға» шалдыққан науқастың иттісі ұза­рып,­ басқа тістері де өт­кір­лене түседі екен. Бұдан бөлек, осы сыр­­қаттың салдарынан ерін айналасындағы тері мен тіс өңезі құрғап, қатайып кетеді де, ерін ас­тынан тістері ыржиып көрініп тұрады. Сонымен бірге терінің түсі ағарып, науқастың тістері мен көздеріне «порфирия» қалдық­тары жабысып, қызғылт рең береді. Бұл өте қорқынышты көрініс екені түсінікті.

Тағы бір аңыз бойынша, вампирлер айнадан көрінбейді-міс. Ал шындығында, «порфирияға» шалдыққан адамдар өзі­нің тым жиіркенішті түрін айнадан көргісі келмеген. Орта ға­сырларда айна дегеніңіз өте қат дүние болғандықтан, ол тек бекза­далар мен ақсүйек отбасылардың үйінен ға­на табылатын. Дәл осындай «ұлы мәртебе­лілерді» айналшықтайтын сыр­қатқа төтеп бере алмаған­ үй ие­ле­рі бар айнаны матамен бүркеп жауып тастайтын немесе айна атаулыдан алшақ жүретін.

Жоғарыда айтқанымыздай, «порфириямен» ауырған адамның терісі құрғап, шытынап, сырт­қы қорғаныс қабаты зақымданады екен. Сондықтан, тіпті сәулесі әлсіз күннің көзі де оларға жау. Оның үстіне мұндай науқастың көз жанары да әлсіз болатындықтан, жарықтан қашқақтап, кө­лең­келі жерлерді паналайды.

Порфириктердің қас жаула­рының бірі – сарымсақ. Оның құрамындағы антисептикалық зат­тар ауруды қоздырып, «қансорғышты» ұзақ азапқа салады.

Аталған науқастардың порфирия дертінің салдарынан терісі шытынап, арасынан қан ағып тұратындықтан, қан құ­рамындағы гемоглобин мөл­шері өте төмен болады.

Орта ғасырдағы дәрігерлер жо­ғалған қанның орнын бір-екі шыны жаңа сойылған малдың қанын ішу арқылы толтырудан басқа амал таппаған сияқты.

Міне, «қансорғыш» вампирлер туралы аңыздың түп-төркіні осындай.­

Ақпарат көзі. http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/3848-kansorgish.html
+1 дауыс
Қайдам... Бұл қиялдан туындаған жағымсыз кейіпкерлер ғой. Өмірде нағыз вампирлер болуы мүмкін емес.
0 дауыс
https://surak.baribar.kz/290436/ алдында ғана осы сұрақ қойылған.
0 дауыс
Кейбір адамдар болады ғой екі азу тісі шығып тұратын.Әрине,олар да Құдай жаратқан пенде.Өткенде ғана Бізге жақын аймақта осындай жағдай болып еді.Әйелдің нәрестесінің сондай тістері бар екен.Ал,әйел  болса қорқып баласын алмай қашып кетті.Бейшара балаға дәрігерлер де жолауға қорқады.Таңертеннен кешке дейін жалғыз жылап жата береді.Бұған нәрестенің еш кінәсі жоқ қой.Ал осындайды көрген адамдар жаңалық ашу үшін осындай кейіпкер ойлап тапқан.
Туған баласын тастап кеткен ол не масқара?
0 дауыс
Айдархан бұл дүниеде вампир болмасада қан ішетін адамдар бар.
0 дауыс
Бізге беймәлім дүниелер көөп ! Бүл осылардн бірі ! Мен олардың барына сенбеймін !
...