0 дауыс
Алтын күн аспаны,
    Алтын дән даласы,
    Ерліктің дастаны,
    Еліме қарашы!

    Ежелден ер деген,
    Даңқымыз шықты ғой.
    Намысын бермеген,
    Қазағым мықты ғой!

        Менің елім, менің елім,
        Гүлің болып егілемін,
        Жырың болып төгілемін, елім!
        Туған жерім менің — Қазақстаным!

    Ұрпаққа жол ашқан,
    Кең байтақ жерім бар.
    Бірлігі жарасқан,
    Тәуелсіз елім бар.

    Қарсы алған уақытты,
    Мәңгілік досыңдай.
    Біздің ел бақытты,
    Біздің ел осындай!

        Менің елім, менің елім,
        Гүлің болып егілемін,
        Жырың болып төгілемін, елім!
        Туған жерім менің — Қазақстаным!
30.04.2013 1.5k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Сөзін жазып қойыпсың ғой,санасай өзің,сен үшін біреу санай ма?
08.05.2013
127,959Сұрақ
322,889Жауап
153,169Пікір
73,006Қолданушы